-13 °c
Qonaev
Thursday, August 21, 2025
    "Алатау Арайы" газеті

    Газет 1918 жылдан бастап шығады

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    "Алатау Арайы" газеті
    Home Барлық жаңалықтар

    Дүбірлі дода мәресіне жетті

    27.11.2024
    in Барлық жаңалықтар, Спорт
    Дүбірлі дода мәресіне жетті
    0
    SHARES
    4
    VIEWS

    Талғар ауданында балалар, жасөспірімдер, жастар және ересектер арасында джиу-джитсудан облыстық чемпионат өтті. Жарысқа 14-21жас (U14, U16, U18, U21) аралығындағы ұлдар мен қыздар, сондай-ақ 22 жастан асқан ерлер мен әйелдер қатысты. Облыстың барлық өңірінен келген 300-ден аса спортшы тайталасқа түсті. Олар файтинг және неваза бөлімдері бойынша күресті. Сәйкесінше, әр бөлім негізінде 55 медальдің иегері анықталды.

    Чемпионат джиу-джитсудың өрісін кеңейту және салауатты өмір салтын насихаттау, 2024 жылдың 10-12 желтоқсанында Астанада өтетін Қазақстан чемпионатына Алматы облысының құрамасын жасақтау мақсатында ұйымдастырылды.
    Джиу джитсу –кеңейтілген күрес түрі. Ойын тек алыс-жұлысқа негізделмейді. Алдымен адамның рухын тәрбиелейді. Күрес әдістерін үйренген жас спортшылар болашақта өздері мен жақындарын қорғауға қабілетті болады.
    «Технология қарыштап дамыған дәуірде шымырлыққа бейімделген жастар аз. Олар алаңда шынығудан гөрі виртуалды әлемде отырғанды құп көреді. Ал, салауатты өмір мен организм қуаттылығы үшін әрине, дене шынығуы керек. Қажетті дәрумен ала алмаған дене мүшелері зиянды заттарды тұтынуға бейім болады. Физикалық қуаттың әлсіреуі психологиялық жай-күйге әсер ететінін ұмытпау керек. Елімізде джиу-джитсудың қарқыны артып келеді. Әсіресе, Алматы облысы жыл сайын көш басында тұрады. Осы жылы өткен халықаралық жарыстарда да спортшыларымыз ел намысын абыроймен қорғап жүр. Мәселен, 2024 жылғы Абу-Дабиде және Ираклионда (Греция) өткен Азия чемпионатында ел балуандары үздік шықты», – дейді Алматы облысы джиу-джитсу федерациясының президенті Алексей Рожков.

    Облыстық чемпионатқа халықаралық жарыстардың жүлдегерлері де қатысты. Бірі -17 жасар Жібек Құлымбетова. Ол Грецияда өткен жарыста 11 дүркін әлем чемпионы атанды. Бұрымдымыз 48 келі салмақта Греция, Моңғолия, БАӘ, Франция және Израильден келген қарсыластарына қарсы шықты. Турнир неваза дисциплинасында өтті.
    «Спортқа 9 жасымда анамның қолдауы барысында келдім. Алғашқы жаттықтырушым Нұрсұлтан Орынбасаровқа үлкен алғыс айтамын. Ол кісі маған мойымауды және жеңіске жұтынып кірісуді үйретті. Осы жыл айым оңынан туды десем де болады. Қазан айында Астанада өткен жарыста екі алтын медаль иеленіп, 10 дүркін әлем чемпионы атандым. Ал қарашада Грециядағы әлем чемпионатында жеңіске жеттім. Одан бөлек AJP турнирінің төрт дүркін чемпион титулын ийлендім. Сондай-ақ, халықаралық джиу джитсу бразилиялық федерациясының NO-GI (кимоносыз) санатының жеңімпазымын», – дейді халықаралық спорт шебері Жібек Құлымбетова.
    Екі күнге созылған жарыс нәтижесінде әр жас санатындағы Алматы облысының құрамы жасақталды. Жеңімпаздар 10-12 желтоқсан аралығында Астанада өтетін республикалық чемпионатқа қатысады.
    Ерлер арасында команда негізін Талғар ауданының тәжірибелі спортшылары Бақтияр Кәшірман, Сафаров Самир, Рычков Максим, Асланов Ислам, Нәби Үсіпәлі және Диас Әнуар құрады. Әйелдер арасында Алматы облысының құрамасына Талғар ауданынан екі спортшы – Абдуллаева Райхан мен Ильнура Имирова, Еңбекшіқазақ ауданынан екі спортшы – Рамазан Айым мен Асанова Лиана, сондай-ақ Іле ауданынан Амина Өтеміс енді.

    Алматы облысының жастар құрамасына Талғар, Іле аудандары мен Қонаев қаласының спорт мектептерінің тәрбиеленушілері кірді. Жасөспірімдер мен жастар арасында Талғар, Іле, Еңбекшіқазақ, Қарасай аудандары мен Қонаев қаласының өкілдері жеңіске жетті.

    Ұсынымдар

    Жамбылдықтармен жүздесті

    Жамбылдықтармен жүздесті

    7 months ago
    Бердібек Соқпақбаевтың інісі референдумда таңдауын жасады

    Бердібек Соқпақбаевтың інісі референдумда таңдауын жасады

    11 months ago
    “Жолан жүйрігі” ат бәйгесі мәресіне жетті

    “Жолан жүйрігі” ат бәйгесі мәресіне жетті

    2 years ago
    Қонаев әкімі газ тартудың неге бәсеңдеп қалғанын түсіндірді

    Қонаев әкімі газ тартудың неге бәсеңдеп қалғанын түсіндірді

    2 years ago
    Алматы облысында оқушылардың 92 пайызы жазғы демалыспен қамтылады

    Алматы облысында оқушылардың 92 пайызы жазғы демалыспен қамтылады

    3 months ago
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    © 2023 www.alatauaraiy.kz

    «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024

      «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

      t>