-13 °c
Qonaev
Friday, June 6, 2025
    "Алатау Арайы" газеті

    Газет 1918 жылдан бастап шығады

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    "Алатау Арайы" газеті
    Home Барлық жаңалықтар

    АНТҚА АДАЛДЫҚ

    24.12.2024
    in Барлық жаңалықтар, Сұхбат
    АНТҚА АДАЛДЫҚ
    0
    SHARES
    10
    VIEWS

             Мемлекеттік қызмет саласы уақыт талабына сай үнемі жаңғырып, жаңарып отыруы тиіс. ҚР Президенті ­Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекеттік жұмысты барынша оңтайландырып, халыққа тиімді әрі сапалы қызмет көрсетуді міндеттеді әрі қай салада болсын мемлекеттік мүдде бәрінен биік тұруы керегін айтты. «Мемлекеттік қызметшінің сапасы – бүкіл еліміздің сапасы. Мемлекеттік қызмет бұл жоғары лауазымға ие болу емес. Мәселе мансапта емес. Мәселе – мемлекетімізге, халқымызға адал қызмет ету. Мемлекеттік қызметші болу – антқа адал болу деген сөз», – деп атап өтті Президент. Осы орайда ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігі Алматы облысы бойынша департамент басшысының міндетін атқарушы Болат Көпдікбаевпен жауапты саланың бүгінгі беталысы мен өңірдегі жай-күйі туралы аз-кем тілдескен едік.

    – Болат Исаханұлы, сөзімізді мемлекеттік қызметтің негізгі жұмыстарынан бастасақ. Сіздердің департаменттің қызмет бағыты қандай, түсіндіріп өтсеңіз.
    – Сұрағыңызға рақмет. Біздің департамент ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің облыстағы жауапты мекемесі болып саналады. Біздің агенттік, өңірдегі департаменттер мемлекеттік кадрлық саясатты жүзеге асыру, мемлекеттік қызметшілердің әдебіне бақылау жүргізу, мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің сапасын бақылау, бюро­кратиядан арылту сияқты жұмыстарды жүзеге асырады. Оның ішінде, жекелей тоқталсақ, кадрлық саясатта мамандарды іріктеу, жастарды қызметке тарту, кадрлық резервті қалыптастыру және оны дамыту сияқты міндеттеріміз бар. Әдеп жөніндегі кеңес жұмысы да біздің мойнымызда. Мемлекеттік қызметшілердің қаншалықты дәрежеде сапалы қызмет ұсына алатыны да арнайы бақылауда болады. Одан кейінгі ең маңыздысы – бюрократия, қағазбастылықтан арылу. Бұл жұмыс толық реттелсе, жемқорлық, сапасыздық жойылып, уақыт та үнемделеді деп ойлаймын.
    – Алматы облысында мемлекеттік қызметкерлердің саны неше? Бос орындар бар ма?
    – Облыс бойынша орталық мемлекеттік органдардың аумақтық бөлімшелерін қоспағанда, барлығы 314 мемлекеттік орган бар. Ондағы қызметшілердің штаттық саны – 2531, нақты саны – 2420. Оның ішінде 111 вакансия тұр, тұрақтысы – 91, уақытшасы 20 бірлікті құрайды. Орталық мемлекеттік органдардың аумақтық бөлімшелерінің жалпы штаттық саны – 1843 (95 вакансия). 2024 жылғы үш тоқсанның қорытындысы бойынша жергілікті атқарушы органдарда таза ауысымдылық 30-ды (1,1 пайыз) көрсетті.
    Меритократия қағидатын нығайту, қызмет бабында ілгерілеу бойынша тағайындалған мемлекеттік қызметшілердің үлесін арттыру, сондай-ақ мемлекеттік органдарда, оның ішінде әлеуметтік желілер арқылы өткізілетін конкурстар туралы мемлекеттік қызметшілердің хабардарлық деңгейін арттыру бойынша жұмыс тұрақты негізде жүргізіледі. 2024 жылғы 1 қазандағы ішкі конкурстардың қорытындысы бойынша бос лауазымдарға 125 мемлекеттік қызметші тағайындалды, оның ішінде 81-і бұрын төмен тұрған лауазымдарды атқарған. Осылайша, Алматы облысының жергілікті атқарушы органдарында мерито­кратияның үлесі 64,8 пайызды құрады. Мемлекеттік қызметтің гендерлік құрамы бойынша әйелдердің үлесі – 50,4 пайыз. Мемлекеттік қызметшілердің орташа жасы – 36. Ал орташа өтіл 10,2 жылды көрсетті. Бұл ретте саяси қызметшілердің орташа өтілі – 18,4 жыл. «Б» корпусы қызметшілерінің орташа өтілі 10,1 жылды көрсетіп отыр.
    Атқаратын лауазымындағы орташа өтілі 3,76 жылды, саяси қызметшілерде 1,6 жылды, «Б» корпусының қызметшілерінде 3,75 жылды құрайды. Мемлекеттік қызметшілердің жалпы санының 94,6 пайызы немесе 2231 адам – жоғары білімді.
    – Мемлекеттік қызмет саласында маман саны жеткілікті ме? Кадр тапшылығы байқалмай ма?
    – Бұл сұрағыңызға сандарды сөйлете отырып жауап берейін. Жергілікті атқарушы органның штаттық саны – 2531. Оның 111-і ғана вакансия ретінде тіркелген. Яғни бұл кадр 4 пайызды ғана құрайды. Кәсіби білікті мамандарға мемлекеттік қызметтің есігі әрқашан ашық.
    – Мемлекеттік қызметке кіргенде қандай талаптар қойылады?
    – Мемлекеттік лауазымдарға тиісті біліктілік талаптарына сай келетін, өзінің жеке және кәсіби қасиеттері, денсаулық жағдайы, білім деңгейі бойынша өзіне жүктелген лауазымдық міндеттерді атқаруға қабілетті және Қазақстан Республикасының заңында белгіленген зейнеткерлік жасқа жетпеген Қазақстан Республикасының азаматтары қабылданады. Ал он сегізге толмаған және сот әрекетке қабілетсiз, әрекетке қабiлетi шектеулi деп таныған, белгiлi бiр мерзiм iшiнде мемлекеттiк лауазымды атқару құқығынан айырылған, бiлiктiлiк талаптарында тиiстi мемлекеттік лауазымдарға орналасу үшiн денсаулық жағдайына арнайы талаптар белгiленген жағдайда, медициналық мекеменiң қорытындысы негізінде лауазымдық өкiлеттiктердi орындауға кедергi келтiретiн ауруы бар, өзiнiң мәртебесiн және соған негізделген беделiн жеке басының, топтық және өзге де қызметтiк емес мүдделерге пайдалануға алып келуi мүмкін әрекеттерді болғызбау мақсатында өзіне заңмен белгiленген шектеулердi қабылдаудан бас тартқан, мемлекеттік қызметке кірер алдындағы үш жыл ішінде мемлекеттік қызметке кір келтіретін тәртіптік теріс қылық үшін жауапқа тартылған азаматтар мемлекеттік қызметке кіре алмайды. Сонымен бірге жемқорлыққа қатысы бар, саяси сенімнен айырылған, орташа, ауыр қылмыспен байланысты істі болған мамандарға да шектеу қойылған.
    – Мемлекеттік қызметке конкурссыз тағайындалу жолдары туралы айтып бересіз бе? Жастардың мемлекеттік қызметке деген қызығушылығы қандай?
    – Өткен жылдан бастап мемлекет тарапынан беріліп жатқан зор мүмкіндік – грантпен аяқтаған үздік түлектердің конкурссыз мемлекеттік қызметке тағайындалуы. Мемлекеттік грантпен жоғары оқу орындарын өте жақсы үлгеріммен (GPA 3,33 кем емес) аяқтаған жастар аудандық және ауылдық жерлердегі төменгі лауазымдарға конкурссыз тағайындалу мүмкіндігіне ие болды. Мысалы, осы бағытта ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Алматы облысы бойынша департаменті еліміздің үздік университеттерімен, атап айтқанда, ҚазҰУ, SDU, AlmaU және басқаларымен, аудандық әкімдіктермен бірлесіп, тиісті жұмыс жүргізуде. Бүгінге Алматы облысында осы бастама аясында 36 жас маман мемлекеттік қызметке қабылданып, халық игілігі жолында еңбек етуде. Қазіргі таңда Алматы облысының жергілікті атқарушы органдары жалпы штат санынан 35 пайыз (886) жас мемлекеттік қызметшіні құрайды. Осыған орай жастардың мемлекеттік қызметке қызығушылығы бар екені анық.
    – Әдеп жөніндегі кеңес немен айналысады?
    – Әдеп жөніндегі кеңес мемлекеттік қызметшілердің әдеп нормаларын сақтауын бақылау және тәртіптік мәселелерді қарау мақсатында құрылған. Оның негізгі қызметі – мемлекеттік қызметтің беделін арттыру, мемлекеттік қызметшілер арасында әдеп нормаларын сақтау мәдениетін нығайту және олардың заңдылықты бұзбауын қамтамасыз ету.
    Әдеп жөніндегі кеңес мемлекеттік қызметшілердің мінез-құлық стандарттарының сақталуын қадағалайды, әдеп нормаларын бұзу деректерін талдау және алдын алу шараларын ұсынады, тәртіптік істерді қарайды. Әдеп жөніндегі кеңеске мемлекеттік орган өкілдері, қоғам қайраткерлері және сарапшылар кіреді. Бұл кеңестің жұмысына қоғамның сенімін арттырады және оның ашықтығын қамтамасыз етеді. Кеңестің отырыстары ашық форматта өтеді. Ашық отырыстарға БАҚ пен азаматтық қоғам өкілдері қатыса алады. Бұл кеңестің шешімдерін жариялы және әділ етуге ықпал етеді.
    – Әңгімеңізге рақмет!

    Сұхбаттасқан – Гүлнұр РАХЫБАЙ

    Ұсынымдар

    Қоғам өкілдерінің татулығы – мемлекет тұрақтылығының кепілі

    Қоғам өкілдерінің татулығы – мемлекет тұрақтылығының кепілі

    2 years ago
    Тағылымдамалар, тұрғын үй және гранттар: Қазақстанда жас ғалымдарды қолдау қалай жүзеге асырылады

    Тағылымдамалар, тұрғын үй және гранттар: Қазақстанда жас ғалымдарды қолдау қалай жүзеге асырылады

    3 months ago
    Алғашқы жеке куәлікті қалай алуға болады?

    Алғашқы жеке куәлікті қалай алуға болады?

    1 year ago
    Ауа тазалығы басты назарда

    Ауа тазалығы басты назарда

    2 years ago
    Балабақша жұмысы жанданады

    Балабақша жұмысы жанданады

    4 months ago
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    © 2023 www.alatauaraiy.kz

    «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024

      «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

      t>