-13 °c
Qonaev
Saturday, June 7, 2025
    "Алатау Арайы" газеті

    Газет 1918 жылдан бастап шығады

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    "Алатау Арайы" газеті
    Home Ауыл тынысы

    Ауылдың рухани айнасы

    30.12.2024
    in Ауыл тынысы, Барлық жаңалықтар, Мәдениет, Өңір тынысы
    Ауылдың рухани айнасы

    SONY DSC

    0
    SHARES
    6
    VIEWS

    Жаңа жыл қарсаңында Бөлексаз ауылында Мәдениет үйі пайдалануға беріліп, ауыл тұрғындарының қуанышын еселеді. Ғимарат құрылысы 3 жыл бұрын басталған. Жалпы жоба құны – 279 млн теңге. Шет аумақта орналасқан елдімекенде түрлі мәдени іс-шаралар бұған дейін мектептің шағын залында өтетін. Енді кең сахнада өнер көрсетуге мүмкіндік туды.

    Мәдениет үйінің  ашылу салтанатында сөз алған Кеген ауданы әкімінің орынбасары Кеңес Қабылбеков:

    – Облыс әкімінің қолдауының арқасында ауданның  мәдениет  саласы соны  серпін  алды.  Қарқара, Жалағаш,  Бөлексаз,  Жылысай ауылдарында  заманауи  Мәдениет үйлері салынды. Бүгін пайдалануға берілген жаңа ғимаратта өнердің оты маздап қана қоймай, жастар бос уақытын тиімді пайдаланып, кітапханаға келуіне мол мүмкіндік ашылып отыр. Бұл тұрғындар  үшін үлкен қуаныш, – дей келе, «Ауданға сіңірген еңбегі үшін» төсбелгісімен мәдениет майталманы Қызайбай Бейсеновты марапаттады.

    Облыстық мәдениет, архивтер  және  құжаттама басқармасының бөлім басшысы Төлеужан Ғұмаров ауыл жұртшылығын қуанышымен құттықтады. Ардагер-журналист, Қазақстанның мәдениет қайраткері Жақыпжан Нұрғожаев жаңа ашылған Мәдениет үйіне «Жүрегі оның жанартау», «Жетісу жылнамасы», «Кең дүние, төсіңді аш, мен келемін»  атты кітаптарын сыйға тартты. Сондай­ақ  салтанатты  шарада  сөз алған  «Өлке тынысы» ЖШС директоры, ақын Кәдірбек Құныпияұлы жерлестеріне игі тілегін жеткізсе, ауыл тұрғыны Бұршақбай Белеков ақсақал ақ батасын берді.

    Мәдениет үйінің лентасы салтанатты жағдайда қиылып,  ақ  жаулықты

    аналар  шашу  шашты.  «Сем Шоғы құрылыс сервис»  ЖШС  қызметкері Қасым Төреев жаңа  ғимараттың  символикалық  кілтін  Бөлексаз ауылдық Мәдениет үйінің  директоры  Берік Рахалиевқа табыстады.

    Бұдан  соң  жиналған  көпшілік өнер ошағын  аралап  көрді. Зәулім  ғимаратта  домбыра, қолөнер үйірмелері жұмыс істейді. Кітапханасы тағы бар. Әжелер ансамблі де осында орын тепкен. Ауыл өнерпаздары кең сахна төрінде концерттік бағдарлама ұсынып, көрерменге көтеріңкі көңіл күй сыйлады.

    Бұл күні өнер ошағының ашылуына орай шағын футболдан өткен финалдық ойын өз мәресіне жетті. Ауыл әкімі Серік Құныпияев қаржылай демеушілік танытқан бәсекеде Кеген  командасы І  орынды иеленді. Бөлексаз ауылының командасы  жүлделі  IІ  орынды  еншілесе, «Бұқаралық спорт» командасы ІІІ орыннан көрінді. Жеңімпаздарға аудан  әкімінің  дипломы  мен  арнайы кубогі және ақшалай сыйлықтар табысталды.

    Дәурен ӘБУТӘЛІПОВ,

    Кеген ауданы

    Ұсынымдар

    Шеңгелдіде амбулатория қолданысқа берілді

    Шеңгелдіде амбулатория қолданысқа берілді

    2 months ago
    Имандылық бастауы

    Имандылық бастауы

    1 year ago
    Қонаев әкімі жылумен қамтуға қатысты сауалдарға жауап берді

    Қонаев әкімі жылумен қамтуға қатысты сауалдарға жауап берді

    2 years ago
    Алматы облысында экологиялық саясаттың іске асырылуы

    Алматы облысында экологиялық саясаттың іске асырылуы

    5 months ago
    123 мың адамға тұмауға қарсы вакцина салынды

    123 мың адамға тұмауға қарсы вакцина салынды

    2 years ago
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    © 2023 www.alatauaraiy.kz

    «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024

      «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

      t>