Перейти к содержимому
Главная страница » ТАҒАЙЫНДАУ

ТАҒАЙЫНДАУ

    Алматы облысы әкімінің өкімімен Димаш Абдуарсұлы Қожабеков облыстық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық және абаттандыру басқармасының басшысы болып тағайындалды.

Димаш Абдуарсұлы 1986 жылы Алматы қаласында туған, білімі – жоғары. Қ.Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық уни­верситетін «электроэнергетика», Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетін «құқықтану және эконо­мика негіздері», Ш.Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университетін «заңтану» мамандықтары бойынша бітірген.
Еңбек жолын Абай атындағы ҚазҰПУ-дың жастар ісі жөніндегі комитет төраға­сының орынбасары болып бастаған. Әр жылдары «Қазэлектромонтаж» АҚ-да, Алматы қаласы әкімі аппаратында, «Алматы қаласы шаруашылық басқармасы» ЖШС-да, ҚР Президенті іс басқармасының Алматы қалалық әкімшілік ғимараттар дирекциясында, Алматы қаласындағы №5 перзентханада, Алматы қаласы мен Қостанай облысының табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармаларында, ҚР Ақпарат және қоғамдық даму Азаматтық қоғам істері комитетінде, Алматы облысы әкімі аппаратының қаржы-шаруашылық бөлімінде инженер-сметашы, веб-дизайнер, заңгер, бөлім басшысы, басшы орынбасары, басқарма басшысы қызметтерін атқарған.
2023 жылдың қыркүйек айынан осы уақытқа дейін Алматы облыстық табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасы басшысының орынбасары лауазымында қызмет етті.