Бүгін мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Ана тілі» газетіне берген сұхбатымен танысып шықтым. Көптеген өзекті мәселе қаузалыпты. Сұхбатта мемлекеттің қызметіне қатысты мұқият ойластырылған әрі маңызды мәселелер айтылған. Өткен жылға қорытынды жасалып, осы жылдың бағыт-бағдары да айқындалыпты. Еліміздің ішкі-сыртқы саясаты, мемлекеттік, қауіпсіздік, заң мен тәртіп, жастар, білім мәселелері көтерілген. Мемлекет басшысы журналистің барлық сауалына егжей-тегжейді ашық жауап беріпті. Көп дүниені аңғардық, алдымызға көптеген мақсаттар қойдық. Алдағы жылы Ұлы жеңістің 80 жылдығын атап өтетініміз, оны ұрпаққа өнеге ретінде ұлағатты, тағылымды шаралармен өткізетініміз де көңілге қонды. Әсіресе мемлекет басшысының жастар жайындағы толғамы жанымызға жақын тиді.
«Қазақстанда дарынды, білімді әрі мақсатына ұмтыла білетін қыз-жігіттер көп. Дәл сол себепті мен жастарға сенемін деп жалықпай айта беремін. Бір ғана тілегім, ақыл-кеңесім бар: жас азаматтарымыз дүниетанымы тұрғысынан жасампаз, ойлау қабілеті жағынан сындарлы болуға тиіс, олар жақсы мен жаманның аражігін ажырата білуі керек. Жастарымыз халқымыздың болмысына жат идеялардың жетегінде кетпесе, күйзеліске түспесе, нигилизмге бой алдырмаса екен деп тілеймін. Олардың белсенді, тәртіпті, білімпаз, еңбекқор болғанын қалаймын. Тәуелсіздік ұрпақтары қазірдің өзінде ғылым, спорт, бизнес, креативті индустрия және мемлекеттік қызмет саласында зор жетістіктерге жетіп жүр», – деді Мемлекет басшысы. Иә, расымен, қазір жастар еліміздің дамуына барынша үлес қосып, барлық салада табанды еңбек етуде. Әсіресе, тәуелсіздік ұрпақтары ойларын ашық айтып, пікірлерін ортаға салып, белсенді қазмет атқаруда. Солардың арасында өзім де бармын деп айта аламын. Жас болсам да «Amanat» партиясының аудандық филиалын басқаруды сеніп тапсырды. Бұл – мен үшін үлкен жауапкершілік. Сенім үдесінен шығу мен үшін басты мақсат. Еліміздің бас партиясы болғандықтан «Amanat» партиясының аудандық филиалын басқару – мемлекет басшысының әрбір бағытты бағдарламалары мен Жолдауларын, халыққа үндеуін барынша қолдап, еліміздің дұрыс бағытта дамуына үлес қосу. Міне, осы үдеден шығу үшін де барымызды салудамыз. Мемлекет басшысының бұл сұхбатында «мен жастарға сенемін деп жалықпай айта баремін» деуі бізге тағы бір жауапкершілік жүгін арқалатқандай болды. Ендеше біз де сол сенімге селкеу түсірмей, еліміздің дамына үлес қоса берітінімізді жалықпай айта береміз.
Нұрсұлтан Болатұлы,
«Аманат» партиясы Ұйғыр аудандық филиалының төрағасы