-13 °c
Qonaev
Friday, June 27, 2025
    "Алатау Арайы" газеті

    Газет 1918 жылдан бастап шығады

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    "Алатау Арайы" газеті
    Home Барлық жаңалықтар

    Талай адамның өмірін ұзартты

    24.01.2025
    in Барлық жаңалықтар, Денсаулық, Құқық-заң
    Талай адамның өмірін ұзартты

    Фото: umc.org.kz

    0
    SHARES
    3
    VIEWS

    2025 жылдың алғашқы айында Алматы облысы ғана емес, отандық медицина саласында айтулы оқиға болды деп хабарлайды University Medical Center (UMC) корпоративтік қоры. 20 қаңтар күні UMC клиникаларында ағза трансплантациясын күту тізімінде тұрған екі пациентке донорлық ағзаларды трансплантациялау бойынша операциялар сәтті орындалды. Дәрігерлер Алматы облысының 45 жастағы тұрғынында миы жұмыс істеуін тоқтатқанын анықтаған соң оның туыстары марқұмның ағзаларын донорлыққа беруге келісіп, еліміздің төрт азаматына өмір сүруге мүмкіндік сыйлады.

    Донордың ағзаларын мұқтаж науқастарға трансплантациялау бірнеше клиникада жүзеге асырылды. UMC-ке тиесілі Жүрек Орталығында өкпе трансплантациясы жасалса, Ана мен бала орталығында 17 жастағы жасөспірімге марқұмның бүйрегі трансплантацияланды.

    Сондай-ақ Алматыдағы Кардиология және ішкі аурулар ғылыми-зерттеу институтында UMC Жүрек Орталығының командасы 43 жастағы науқасқа донорлық жүрек трансплантациясын жасады. Бұл – Алматыда жасалған осымен екінші жүрек трансплантациясы саналады. Дәрігерлер мұндай күрделі операцияларды Астанада ғана емес, басқа өңірлерде де жасау отандық трансплантологияның дамуына, кез келген науқастың медициналық көмекке қиналмай қол жеткізуіне ықпал ететінін айтады.

    Жалпы медицинада донорлық ағзаларды трансплантациялау ең күрделі операциялардың бірінен саналады. Әйтсе де, кейінгі жылдары жинақталған тәжірибе, дағды мен техникалық мүмкіндіктердің арқасында өз елімізде де мұндай операциялар жоғары деңгейде орындалып жүр. Жүрек пен өкпе науқастың миы жұмысын тоқтатқан жағдайда ғана, оның өзінде марқұмның жақын туыстарының келісімімен басқа адамға салынады.

    Одан кейін донорлық ағзаларды тасымалдауда әр секунд маңызды. Донордан алынған ағзалар өзге адамға сәтті трансплантациялануы үшін бірнеше мемлекеттік және медициналық қызметтер өзара үйлесімді жұмыс атқаруы тиіс.

    Елімізде заң бойынша донор болу үшін азаматтар арнайы жазбаша келісім беруі тиіс, ал қайтыс болған адамның ағзаларын трансплантациялау үшін марқұмның жақын туыстарының рұқсатын алу қажет.

    Ұсынымдар

    Сапалы білім мен ұлттық тәрбие – даму кепілі

    Білім беруде өзгерістердің 1000 көшбасшысы» жобасы – болашақтың бағдары

    1 year ago
    Шаруашылыққа серпін қажет

    Шаруашылыққа серпін қажет

    1 year ago
    Алматы облысында үшемдер перзентханадан шықты

    Алматы облысында үшемдер перзентханадан шықты

    2 years ago
    Жоспарға сай

    Жоспарға сай

    10 months ago
    Ірі жоба жүзеге асады

    Ірі жоба жүзеге асады

    3 months ago
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    © 2023 www.alatauaraiy.kz

    «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024

      «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

      t>