⛅
12°C
Қонаев
Жұма, Қараша 21, 2025
    "Алатау Арайы" газеті

    Газет 1918 жылдан бастап шығады

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    No Result
    View All Result
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    No Result
    View All Result
    "Алатау Арайы" газеті
    Home Барлық жаңалықтар Әлеумет

    Көзге көрінбейтін дертпен қалай күресеміз?

    15.05.2023
    in Әлеумет, БАҚ, Білім-ғылым, Демография, Құқық-заң, Мәдениет, Өңір тынысы, Руханият
    Көзге көрінбейтін дертпен қалай күресеміз?
    0
    SHARES
    3
    VIEWS

    Көзге көрінбейтін дертпен қалай күресеміз?

    Соңғы уақытта балалар мен жасөспірімдер арасындағы қорқытып-кемсіту, зорлық-зомбылық көрсету, тіпті ажал құштыру сияқты ауыр қылмыстық жағдайлар жиілеп кеткендей. Мәселен, Өскемен қаласындағы қыздар төбелесі, Түркістан облысындағы өрімдей оқушы қыздың өлімі, Алматы облысының Саты ауылындағы мектептегі әлімжетіктікен екі баланың қайтыс болуы.

    Мұндай адам құқығының өрескел бұзылуын – буллинг деп атап жүрміз. БҰҰ Қазақстанда зерттеу жүргізген кезде біздің елдегі балалардың 79 пайызы сәби күнінен бастап кемсіту мен қорлыққа тап болатынын анықтаған. Яғни, еліміздегі 11-15 жас аралығындағы әр бесінші оқушы қатарластарынан жәбір көреді екен.

    Өткен жылы Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне баланың құқықтарын қорғау, білім беру, ақпарат және ақпараттандыру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізіліп, «Баланы жәбірлеу (буллинг)», «кибербуллинг» ұғымдары қазақстандық заңнамада бекітілді деп қуандық.

    Түрлі цифрлы гаджеттер балаларға ерте жастан қолжетімді болғандықтан ба, онлайн жәбір көрсету – кибербуллинг өршіп тұр. Атауы қазаққа жат, көзге көрінбейтін дертпен күресу үшін не істеу керек?

    Әрбір үшінші ата-ана баласының ғаламторға тәуелді екенін айтады. Осы орайда интернет әлемінде баланың құқығын қорғау мәселесі туындайды. Қоғамда балалардың бұзақылық әрекетіне мектеп мұғалімдерін кінәлайды. Ал мектеп мұғалімдері ата-ана жауапсыздығын алға тартады.

    «Тәрбиесіз берілген білім адамзаттың қас жауы», деп әл-Фараби бабамыз айтқандай, жас ұрпақ қатігез болмау үшін алдымен білім емес, ұлттық тәрбие керек-ақ. Қазір «ата-әжелер» институты деп аталатын тағылымы мол тәрбие мектебі жоқ. Ертегі тыңдайтын бала ютуб пен тиктокта отыр. Бүгінгі оқушылар қазақ әдебиеті сабағында аспан денелерін, ғарышты, биологияны оқимыз дейді. Ерлікті, елдікті, достық пен сүйіспеншілікті дәріптейтін батырлар жыры мектепте қалай оқытылып жүр? Алаш арыстары, ұлттық құндылықтарымыз, отбасы құндылықтары, батыр бабаларымыздың ерлігі мен өнегелі еңбегі қосымша пән ретінде оқытылса да артықтық етпес еді.

    Салтанат НҰРБОЛАТ

    Tags: буллингжәбір көрсетукибербуллинг

    Ұсынымдар

    Спортшылар сыйға бөленді

    Спортшылар сыйға бөленді

    1 year ago
    Қапшағай жағасы қоқыстан тазарды

    Қапшағай жағасы қоқыстан тазарды

    8 months ago
    Ақтеректе ақтарылған ақ тілек

    Ақтеректе ақтарылған ақ тілек

    7 months ago
    ЖЕР — ХАЛЫҚТЫҢ ҚАЗЫНАСЫ

    ЖЕР — ХАЛЫҚТЫҢ ҚАЗЫНАСЫ

    8 months ago
    Бақыт кілті

    Бақыт кілті

    11 months ago
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    © 2023 www.alatauaraiy.kz

    «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026

      «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

      ↑
      t>