-13 °c
Qonaev
Friday, May 16, 2025
    "Алатау Арайы" газеті

    Газет 1918 жылдан бастап шығады

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    "Алатау Арайы" газеті
    Home Барлық жаңалықтар

    Бақыт кілті

    08.01.2025
    in Барлық жаңалықтар
    Бақыт кілті
    0
    SHARES
    4
    VIEWS

          Жаңа жылдың алғашқы күндері 15 қарасайлық отбасы баспаналы болды. Пәтер кілтін тапсыру салтанаты Қарасай аудандық әкімдігінің мәжіліс залында өтті.

    Бұл күні баспаналы болған тұрғындарды аудан әкімінің орынбасары Рустам Атшабаров құттықтап, қуаныш иелеріне пәтер кілтін табыстады. Бір айта кетерлігі, тұрғын үй әлеуметтік тұрғыдан осал топтар өкілдеріне бірнеше санат бойынша берілді. Олардың арасында жетім, ата-ана қамқорлығынсыз қалған балалар, көпбалалы және толық емес отбасылар бар. Бұған дейін пәтерлер негізінен «Қарлығаш» тұрғын үй кешенінен беріліп келсе, бұл жолы олар Қаскелең қаласындағы бірнеше тұрғын үй кешендерінен сатып алынған.
    Жаңа қоныс иелері арасында 10 жылдан астам уақыт үй кезегінде тұрғандар да бар. Соның бірі – «Алтын алқа» төсбелгісімен марапатталған көпбалалы ана Кәмила Әшірбаева.
    – Мен үшін 2025 жыл ерекше, өйткені ол жақсы жаңалықтан бас­талды. Біз бұл сәтті 10 жылдай күт­тік. Кейде сенімімізге селкеу түсіп, көңі­ліміз құлазыған кездер болды. Бірақ үмітімізді үзбедік. Енді міне, Аллаға шүкір, көптен күткен арманымыз орындалды. Осы қуанышымызға себепкер болған аудан әкімдігіне алғыс айтамын. Елімізде осындай жақсылық көп болсын! – деді ол.
    Бұл пәтерлер республикалық және жергілікті бюджет қаражаты есебінен сатып алынған. Олар ҚР Үкіметінің 2023-2029 жылдарға арналған «Тұрғын үй-коммуналдық инфрақұрылымын дамыту концепциясын бекіту туралы» қаулысына сәйкес жалға берілді. Былтырдан бері аудан бойынша әлеуметтік тұрғыдан осал топқа жататын 87 азамат пәтер алған екен. Алдағы уақытта тағы жүзден астам отбасы тұрғын үймен қамтылмақ.

    Қуат ҚАЙРАНБАЕВ

    Қарасай ауданы

    Ұсынымдар

    Шөбі шүйгін

    Шөбі шүйгін

    10 months ago
    Саяси науқанда өз еркін білдірді

    Саяси науқанда өз еркін білдірді

    7 months ago
    Сенімді энергия көзі

    МАҢЫЗДЫ ШЕШІМ

    7 months ago
    Жыл жеңімпазы

    Жыл жеңімпазы

    5 months ago
    Алматы облысының әкімі өз таңдауын жасады

    Алматы облысының әкімі өз таңдауын жасады

    7 months ago
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    © 2023 www.alatauaraiy.kz

    «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024

      «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

      t>