-13 °c
Qonaev
Saturday, May 10, 2025
    "Алатау Арайы" газеті

    Газет 1918 жылдан бастап шығады

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    "Алатау Арайы" газеті
    Home Барлық жаңалықтар

    Жалған шот-фактура жазған 7 ұйым әшкереленді

    17.02.2025
    in Барлық жаңалықтар, Құқық-заң
    Жалған шот-фактура жазған 7 ұйым әшкереленді
    0
    SHARES
    5
    VIEWS

    Департамент көлеңкелі экономикаға қаражат шығаратын субъектілермен күреске басымдық беріп отыр. Жалған ақша жасаушылар, контрабандашылар және контрафактілік өнім өндірушілер сияқты заңсыз схемалардан тазарту үшін жедел-тергеу әрекеттері іске асырылады.

    Бүгінгі күні, өндірісте болған 105 сотқа дейінгі тергеп-тексерудің 62-і Департаменттің өзімен тіркелді, оның ішінде 47-сі жедел-іздестіру шаралары барысында анықталды. 76 тергеу аяқталды, оның 65-і сотқа жолданды, 11-і ақтамайтын негіздер бойынша тоқтатылды. Келтірілген 29 млрд теңге залалдың 23 млрд теңгесі өтелді, соның ішінде 10,4 млрд теңгеге мүлікке тыйым салынды.

    Алматы облысы бойынша Экономикалық тергеп-тексеру департаменті басшысының орынбасары Әсет Жоламановтың айтуынша, жалған шот-фактура жазумен айналысқан 7 ұйым әшкерелген. Олардың әрекеттері салдарынан мемлекетке 5,3 млрд теңге салық түспеген.

    «Қазіргі уақытта «Мемсараптама» РМК-да Еңбекшіқазақ және Жамбыл аудандарында салынатын екі мектептің жобалау және құрылыс құнын төмендетуге қатысты материалдар қаралуда. Бұл жобаларда 200 млн теңгеге негізсіз жоғары баға белгіленгені анықталды», – дейді спикер.

    Департамент басшысының орынбасары Әсет Жаманбаев келтірген деректердің қатарында мұрағаттық істерді қайта қарау барысында бұрын «Қазақстан қағазы» АҚ-ны басқарған тұлғаның Швейцария банкіндегі 12,5 млрд теңге көлеміндегі қаражаты тәркіленгені де бар.

    «Біздің материалдарымыз негізінде Бас прокуратураның активтерді қайтару жөніндегі комитеті бұл қаражатты мемлекет кірісіне аудару бойынша жұмыс жүргізуде», – деді Әсет Жаманбаев.

    Мамандар, әрбір азамат осы үдерістегі өз рөлін түсінуі маңызды екенін алға таратады. Көлеңкелі эконоиканың алдын алудың жолдары көп. Кез келген тұлға экономикалық құқықбұзушылықтармен күреске 1458 сенім телефоны немесе «АФМ Insider» Telegram-боты арқылы белгілі фактілер туралы хабарлай алады.

    Ұсынымдар

    Мүмкіндігі шектеулі азаматтарға қолжетімді көмектер

    Мүмкіндігі шектеулі азаматтарға қолжетімді көмектер

    1 year ago
    Ұлттық киім киген азаматтық белсенділер

    Ұлттық киім киген азаматтық белсенділер

    7 months ago
    Баспасөздің беделі – биліктің беделі

    Баспасөздің беделі – биліктің беделі

    1 year ago
    Күре жолдағы күрмеулер: Көлік министрі кеңес өткізді

    Күре жолдағы күрмеулер: Көлік министрі кеңес өткізді

    1 year ago
    Ерлік үні

    Ерлік үні

    1 week ago
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    © 2023 www.alatauaraiy.kz

    «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024

      «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.