-13 °c
Qonaev
Friday, May 9, 2025
    "Алатау Арайы" газеті

    Газет 1918 жылдан бастап шығады

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    "Алатау Арайы" газеті
    Home Барлық жаңалықтар Әлеумет

    Аманаттықтар ерекше қажеттілігі бар балаларға инватакси сыйлады

    Кеген ауданында мүмкіндігі шектеулі балаларды тасымалдау мәселесі шешімін тапты

    20.02.2025
    in Әлеумет, Барлық жаңалықтар, Денсаулық
    Аманаттықтар ерекше қажеттілігі бар балаларға инватакси сыйлады
    0
    SHARES
    3
    VIEWS

    Бұған дейін ата-аналар «AMANAT» партиясы Кеген аудандық филиалының қоғамдық қабылдау бөлмесінде өткен аудан әкімінің кездесуінде өз өтініштерін жеткізген еді. Олар балаларды мектепке, медициналық мекемелерге және басқа да маңызды орындарға апару қиын екенін айтты.

    «Біз балаларымызды тасымалдау үшін әрдайым көлік іздеуге мәжбүр болдық. Такси жүргізушілері мүгедек арбасын алудан бас тартатын, қоғамдық көліктер мүлде ыңғайсыз. Сондықтан бұл мәселені аудан әкімінің қабылдауында көтердік. Қысқа уақыт ішінде нақты шешім шыққанына қуаныштымыз», – дейді ата-аналардың бірі.

    Қабылдауда көтерілген бұл мәселе «AMANAT» партиясының Кеген аудандық филиалы арқылы облыстық деңгейде қаралды. Нәтижесінде, аудандық жұмыспен қамту орталығына арнайы жабдықталған инватакси бөлінді.

    «Ата-аналар көтерген мәселе әлеуметтік маңызы зор болғандықтан, оны облыстық деңгейде қарастырып, нақты шешім шығаруға күш салдық. Ата-аналар көтерген мәселе әлеуметтік маңызы зор болғандықтан, оны облыстық деңгейде қарастырып, шешімін табуға күш салдық. Арнайы инватакси бөлініп, ерекше қажеттілігі бар балалардың күнделікті жүріп-тұруы жеңілдеді. Енді олар қажетті мекемелерге еш қиындықсыз жете алады», – деді партияның аудандық филиал төрағасы Тұрсынбай Әлімбай.

    Заманауи көтергіш механизмдермен жабдықталған инватакси енді ерекше қажеттілігі бар балалардың қауіпсіз әрі ыңғайлы тасымалдануына мүмкіндік береді. Бұл бастама олардың сапалы білім алуына, медициналық қызметтерге уақытылы қол жеткізуіне және әлеуметтік ортаға бейімделуіне жол ашады.

    Айта кетейік, «AMANAT» партиясының қоғамдық қабылдау бөлмелері – халық пен билік арасындағы тікелей диалог алаңы. Мұнда азаматтар өз мәселелерін көтеріп қана қоймай, оның нақты шешілуіне тікелей ықпал ете алады.

    «AMANAT» партиясы Алматы облыстық филиалының баспасөз қызметі

    Ұсынымдар

    Боз кілемде белдесті

    Жас балуандар бәсекесі

    4 months ago
    Алматы облысында қызылшаға қарсы екпе салынып жатыр

    Алматы облысында қызылшаға қарсы екпе салынып жатыр

    2 years ago
    Әдеп жөніндегі кеңестің қызметі не?

    Әдеп жөніндегі кеңестің қызметі не?

    10 months ago
    Диплом кәсіби дағды көрсеткіші ме?

    Диплом кәсіби дағды көрсеткіші ме?

    2 years ago
    Алтайдың арғы жағы, бергі жағы

    Алтайдың арғы жағы, бергі жағы

    2 years ago
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    © 2023 www.alatauaraiy.kz

    «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024

      «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.