-13 °c
Qonaev
Friday, May 9, 2025
    "Алатау Арайы" газеті

    Газет 1918 жылдан бастап шығады

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    "Алатау Арайы" газеті
    Home Барлық жаңалықтар

    Аймақ дамуына жаңа серпін

    13.03.2025
    in Барлық жаңалықтар, Экономика
    Аймақ дамуына жаңа серпін
    0
    SHARES
    0
    VIEWS

    Облыс әкімі Марат Сұлтанғазиев Jinhua Communications Investment Group Co. Ltd Қытай компаниясының делегациясы мен G-Trans Service-тің өкілдерін қабылдады. Кездесудеи алғашқы болып сөз бастаған аймақ басшысы облысымыз шетелдік инвесторлар үшін тартымды өңір болып саналатынын атап өтті.

    – Біздің облысымыз ежелден аграрлық өңір ретінде танымал, алайда бүгінгі таңда өнеркәсіп, көлік және логистика тұрақты түрде дамып келеді. Аймақтың экономикасы ішкі жалпы өнім деңгейі бойынша елімізде оныншы орыннан бесінші орынға көтеріліп, тұрақты дамуды көрсетіп отыр. Біз әлемнің жүзден астам елімен ынтымақтастық байланыс орнатқанбыз, – деді.

    Кездесуде тараптар облыстағы, соның ішінде «Алатау» ЕЭА аумағындағы Қытай компанияларының жобаларын жүзеге асырудың жай-жапсарын талқылады. Қонақтар айлақтық логистика, халықаралық сауда, құрылыс материалдары өндірісі, энергетика, кен орындарын іздеу мен биофармацевтика салаларына маманданған Jinhua Communications Investment Group Co. Ltd-ның мүмкіндіктерін ұсынды.

    Компания төрағасы және партиялық комитетінің хатшысы Чжоу Цибяо өз сөзінде:

    – 2024 жылы компанияның жиынтық активтері 162 миллиард долларға жуықтады. «Исиноу» тобымен бірлесе отырып, біз бүгінгі күні әлемнің 50-ден астам елінде 25 бағыт бойынша қозғалып, 160-тан астам қаланы жалғастырып отырған «Қытай-ЕО» пойыздары бағытын дамытуға ат салысып келеміз. Қазақстан –  «Бір белдеу, бір жол» бастамасының батыс бағытындағы алғашқы аялдама. 2013 жылы «Цзиньхуа-Алматы» халықаралық экспресі іске қосылды. Ал биыл компаниямыз пойыздар құрастырудың орталық еуропалық бөлігіне айналды. Жоспарымызда жалпы аумағы 42 шаршы шақырымды құрайтын Шығыс Қытай халықаралық интермодальді айлағының ауқымды құрылысы тұр, – деп баяндады.

    Ол сонымен қатар сапарының басты мақсаты Қазақстан нарығын зерттеу және жаңа логистикалық орталық сала отырып, Алатау қаласында ірі инвестициялық жобаларды жүзеге асыру екенін жеткізді.

    Өз кезегінде Марат Сұлтанғазиев қонақтарға ризашылығын білдіріп, Алатау қаласын дамыту барысында атқарылып жатқан жұмыстарды ортаға салды.

    – Алатау – бұл сіздердің компанияның қызметімен үндесіп жатқан кең ауқымдағы бағыттар шоғыры бар арнайы экономикалық аймақ. Мұнымен қоса облыс орталығында және шешуші темір жол стансалары мен автомобиль трассаларында орналасқан алты индустриалдық аймақта ірі жобалар жүзеге асырылуда, – деді Марат Елеусізұлы.

    Өңір басшысы сонымен бірге күннен қуат алатын электр стансалары мен жел қондырғыларының болуының арқасында энергетика саласында жаңа инновацияларды жүзеге асыру мен туристік және аграрлық салаларды екпінді дамытуға жол ашық екенін баса айтты.

    Марат Сұлтанғазиев өз орынбасарлары мен жауапты сала басшыларына қытайлық әріптестерге Алатау және Қонаев қалаларының бас жоспарын көрсетуді және қызығушылық танытылған жағдайда жобалар бойынша неғұрлым егжей-тегжейлі ақпарат беруді тапсырды. Ол инвесторлардың кейбір салықтардан босатылатынын және бірқатар жеңілдіктер ұсыналатынын да еске салды.

    – Ары қарайғы ынтымақтастық бағыты жан-жақты талқыланғаннан кейін біз нақты қадамдарды белгілеу үшін қайта жүздесуге дайынбыз, – деп сөзін түйіндеді облыс әкімі.

    Бейбіт ТӨЛЕГЕНҰЛЫ

    Ұсынымдар

    Үлкен ауылының бүгіні мен ертеңі: АЭС салынса, не өзгереді?

    Үлкен ауылының бүгіні мен ертеңі: АЭС салынса, не өзгереді?

    2 years ago
    Депутаттар сенім үдесінен көрінеді деп сенеміз!

    Оқырманға арнау сөз

    2 years ago
    Өмір жолы – өнеге

    Өмір жолы – өнеге

    6 months ago
    Халықтың қалтасын қағу

    Жүргізуші мәдениеті неге төмен?

    9 months ago
    Дәстүрлі басылым  ұлттық мүддеге қызмет етеді

    Дәстүрлі басылым ұлттық мүддеге қызмет етеді

    2 months ago
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    © 2023 www.alatauaraiy.kz

    «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024

      «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

      t>