-13 °c
Qonaev
Saturday, June 7, 2025
    "Алатау Арайы" газеті

    Газет 1918 жылдан бастап шығады

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    "Алатау Арайы" газеті
    Home Барлық жаңалықтар

    ЖЕРГІЛІКТІ БИЛІККЕ ЖАҢА ТАЛАП

    14.03.2025
    in Барлық жаңалықтар
    Елтаңбаны өзгерту – уақыт күттірмейтін мәселе
    0
    SHARES
    2
    VIEWS

    Бурабайда өткен Ұлттық құрылтайдың IV отырысында ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев елімізде жүзеге асырылып жатқан саяси реформалар туралы сөз қозғады. Мемлекет басшысының айтуынша, терең әрі жан-жақты реформаларға енді ғана кіріскен еліміздің алдында күрделі жол тұр. Озық ойлы ұлт ретінде тек қана алға қарап, бірнеше он жылдыққа көз тігіп, ауқымды істі кезең-кезеңімен жүзеге асыруымыз қажет.

    Жергілікті биліктегі түбегейлі өзгерістерге тоқталған Қасым-Жомарт Кемелұлы 3 жылдан астам уақыт ішінде ауыл әкімдерінің 72 пайызы жаңарғанын, үштен бірінің бұрын мемлекеттік қызмет атқармағанын айта келе, билік жүйесінде мұндай ауқымды өзгеріс бұрын-соңды болмағанына жұртшылықтың назарын аударды. Ұлттық құрылтайда айтылғандай, биылдан бастап барлық аудан әкімін тікелей халық сайлайтын болады. Мемлекет басшысы Жолдауында да сайланған әкімдер мен түрлі деңгейдегі басшыларды кешенді дайындықтан өткізу мәселесінің өзекті екенін айтқан болатын. Осыған орай Үкіметке әкімдердің біліктілігін арттыруға арналған «Әкімдер мектебі» оқыту жобасын іске қосуға тапсырма берген еді. Осы тапсырманы орындау мақсатында Қонаев қаласындағы Мемлекеттік басқару академиясының облыстық филиалында аудандық маңызы бар қалалар мен ауылдық округ әкімдері біліктілігін арттыруда. Тыңдаушыларға «AMANAT» партиясының саяси менеджмент академиясының дәріскерлерімен қатар, облыс әкімі Марат Сұлтанғазиев, ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Алматы облысы бойынша департаментінің басшысы Нұрсұлтан Сейдалиевтің де дәріс оқығанын атап өткен жөн. «Әкімдер мектебінің» ауыл әкімдеріне жергілікті басқару, әкімшілік қызметтерді тиімді атқару, тұрғындардың түйткілді мәселелерінің түйінін тарқатып, алдағы жоспарларын іске асыруды меңгеруге септігін тигізетіні даусыз.

    Өз сөзінде ұзақ мерзімге арналған мақсатқа ұмтылу қажеттігін, келешегіміз қандай болуы керек екенін нақты білуге тиіс екенімізді қадап айтқан Мемлекет басшысы дұрыс мақсат қоя білгенде ғана табысқа жете алатынымызды қаперге салды. Сондай-ақ Тәуелсіздіктің 40 жылдығы жақындап қалғанын, маңызды белеске қандай жетістікпен жетерімізді, оған дейін қандай тарихи міндеттерді орындауға тиіс екенімізді нақты білудің маңыздылығын тілге тиек етті.

    Еліміздегі оң өзгерістерге Ұлттық құрылтай мүшелерінің қосып жатқан үлесіне де тоқталды. «Ел ішіндегі өзгерістерге Ұлттық құрылтай мүшелері де орасан зор үлес қосты. Жұртымызды ортақ мақсатқа ұйыстырып, игі істерге жұмылдырды. Алқалы жиын алғашқы күннен бастап жалпыхалықтық жаңғырудың символына айналды. Қоғамдық диалогтың жаңа үлгісі қалыптасты. Өзара түсіністік пен құрмет бар жерде келісім болады. Құрылтайдың түпкі мақсаты да – осы», – деді Президент.

    Ерболат Тұрымбетов,

    Алматы облыстық ардагерлер ұйымының төрағасы

     

    Ұсынымдар

    Басты мақсат – халықтың әлеуетін арттыру

    Басты мақсат – халықтың әлеуетін арттыру

    4 months ago
    Жастарды жат ағымнан сақтайық!

    Жастарды жат ағымнан сақтайық!

    12 months ago
    Қонаевта әуе шарлары фестивалі өтеді

    Қонаевта әуе шарлары фестивалі өтеді

    2 years ago
    АЗАМАТ ЕДІ АСҚАР ТАУ

    АЗАМАТ ЕДІ АСҚАР ТАУ

    7 months ago
    Жұмабай Шаштайұлы

    Жұмабай Шаштайұлы

    1 year ago
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    © 2023 www.alatauaraiy.kz

    «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024

      «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

      t>