-13 °c
Qonaev
Saturday, June 7, 2025
    "Алатау Арайы" газеті

    Газет 1918 жылдан бастап шығады

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    "Алатау Арайы" газеті
    Home Барлық жаңалықтар

    Жаңа цех іске қосылды

    20.03.2025
    in Барлық жаңалықтар
    Жаңа цех іске қосылды
    0
    SHARES
    2
    VIEWS

          Ұйғыр ауданында пластик жәшік өндіретін цех іске қосылды. Күніне 2000 дана жәшік шығаруға қауқарлы цехты кәсіпкер Алимжан Ашимов ашты. Жылдар бойы бағбаншылықпен айналысып келе жатқан Алимжан аудандағы бағбандарға қат дүние осы жәшік екенін анық біледі. Облысымызда бақ өсіруден алдыңғы орында тұрған біздің ауданның бағбандары жыл сайын өрік піскен тұста дәл осы пластик жәшіктің тапшылығын қатты сезінетін. Берісі Алматыдан, арысы Қырғызстаннан тасымалдайтын.

    Жуырда ғана жұмысын бастаған цехтың ашылу салтанаты Наурыз мерекесі қарсаңында өтті. Оған Ұйғыр ауданының әкімі Бота Елеусізова қатысып, цехтың жұмысына жоғары баға беріп, өндірістің өркендей беруін тіледі.
    Заманауи технологиямен жабдық­талған өндіріс өнімнің беріктігі мен экологиялық тазалығын қамтамасыз етеді. Мұнда жәшіктер халықаралық стандарттарға сай құйылып, тасы­малдау және сақтау талаптары қатаң сақталады. Тәулік бойы тоқтаусыз жұмыс істейтін құрылғы Қытайдан әкелінген. Әзірге оған қажетті шикізат Ресейден тасымалдануда. Осы істі қолға алған аудандық мәслихат депутаты, кәсіпкер Алимжан Ашимов бұл өзінің көптен бергі арманы болғанын, жобаның жүзеге асуына 50 миллион қаражат жұмсалғанын айтты. Ешқандай мемлекеттің қолдауынсыз ашылған өндіріс орнында әзірге 10 адам жұмыспен қамтылған. Кәсіпкер бұл құрылғы жылына 600 мыңнан астам пластик жәшік өндіруге мүмкіндігі бар екенін, бұл тіпті Ұйғыр ауданы­ның сұранысын да қанағаттандыра алмайтынын алға тартып, болашақта тағы бір құрылғыны алып келіп, іске қосуды жоспарлап отырғанын жеткізді. Осылайша жылдық өнім көлемін 1,2 миллион данаға дейін ұлғайту көзделуде. Сонымен қатар көршілес Панфилов, Еңбекшіқазақ аудандарынан да тапсырыстың қазірдің өзінде түсіп жатқанын жасырмады. Себебі баға басқа қалаларға қарағанда әлдеқайда тиімді болып тұр. Бір жәшікті 200-250 теңге шамасында сатып алуға болады. Ал үшауысыммен 8 сағаттан жұмыс істейтін жұмыскерлер әзірге 150 мың теңге жалақы алады.
    Кәсіпкер Алимжан Тохтиұлы алдағы уақытта тек өрік қана емес, алма, құлпынай және көкөніс салатын арнайы жәшіктерді де өндіруді жоспарлап отыр. Өйткені мұндай жәшіктер әрдайым сұраныста. Сонымен қатар шикізатты да алыстан тасымалдамай, еліміздегі пластик қалдықтарын қайта өңдеп, іске асыруға ықпал етпек. Бұл біріншіден – экономикалық тұрғыдан тиімді болса, екіншіден – экологиялық жағынан да пайдалы болмақ.
    Цехтың ашылуына келген ауданның ақсақалдары мен аналары ақ батасын беріп, шашуын шашты. «Алик» сауда белгісімен шығып жатқан пластик өнімдер болашақта тек ауданға ғана емес, еліміздің түкпір-түкпіріне тараларына сенім мол.

    Анар ДҮЙСЕНБАЙҚЫЗЫ

    Ұйғыр ауданы

    Ұсынымдар

    Балалар жырының бағбаны

    Балалар жырының бағбаны

    11 months ago
    Ортақ міндет

    Ортақ міндет

    6 months ago
    Қазақтың бұлбұлы

    Қазақтың бұлбұлы

    6 months ago
    ІІМ: Алматы облысы жол апаты ең көп адам құрбан болатын өңірлер қатарында

    Бір айда 15 бала жол апатынан мерт болды – ІІМ

    1 year ago
    Технократтар тәлімгері

    Технократтар тәлімгері

    4 months ago
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    © 2023 www.alatauaraiy.kz

    «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024

      «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

      t>