-13 °c
Qonaev
Saturday, June 7, 2025
    "Алатау Арайы" газеті

    Газет 1918 жылдан бастап шығады

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    "Алатау Арайы" газеті
    Home Барлық жаңалықтар

    Қамшы өру техникасы – сабақта

    12.04.2025
    in Барлық жаңалықтар
    Қамшы өру техникасы – сабақта
    0
    SHARES
    21
    VIEWS

         Қарасай ауданы Әйтей ауылындағы Бектенбай Қосынов атындағы орта мектепте қазақ халқының ұлттық құндылықтары кеңінен насихатталуда. Мәселен, көркем еңбек сабағында оқушылар қамшы өру техникасын меңгереді. Сабақта және сабақтан тыс уақыттарда ойын түрінде қамшы өру сайысы өткізіледі. Аталмыш жарыс мұғалімдер арасында да ұйымдастырылып тұрады.

    Ұлттық тәлім-тәрбиемен сусындап өсіп жатқан мектеп оқушылары облыстық, республикалық жарыстарға қатысып, жүлделі орындарға ие болуда. Мұғалімдер «Сыныптан тыс іс-шараларды ұйымдастырудың тиімді жолдары» атты облыстық семинарда іс-тәжірибесімен бөлісіп, ұлттық құндылықтарымызды бала бойына сіңіруде атқарып жатқан жұмыстарын паш етті.
    Қазақ халқының мәдени тұрмысында қамшы ерекше орын алады. Ол – мал айдайтын құрал ғана емес, қастерлі қазына. Ілгеріде қамшысына қарап, адамның тұрмыс-тіршілігін, қандай отбасыдан шыққанын білетін болған. Халқымызда қамшыға қатысты салт-дәстүр көп. Баланы бесікке саларда, қыз айттырғанда да қамшыны қолданған.
    Қамшы әбден иленген сиыр терісінен өріледі. Әр өңірде айтулы өрімшілер болған. Олар теріден қамшы, ноқта, шыбыртқыны көркемдеп, таңдай қақтырарлық ұқыптылықпен өрген. Қамшы үш таспадан қырық таспаға дейін өріледі. Таспа неғұрлым көбейген сайын, жіңішкере береді әрі ажарлана, күрделене түседі. Осылай өрілу сапасы мен тәсіліне қарай және қолданылуына орай қамшы атаулары да өзгере береді.
    Қазақ халқының ғасырлар бойы ұстаған ұлттық бұйымын жасауды жас ұрпаққа үйретіп, насихаттаса, дәстүріміз жалғасын табатыны сөзсіз.

    Ғалымжан ЗЕКЕНОВ
    Қарасай ауданы

    Ұсынымдар

    Әскери теңізшілер Қапшағайда нысандарды минадан тазартты

    Әскери теңізшілер Қапшағайда нысандарды минадан тазартты

    10 months ago
    Бірлескен іс нәтижелі

    Бірлескен іс нәтижелі

    1 year ago
    Газдандыру қарқын алады

    Газдандыру қарқын алады

    5 months ago
    Демалушылар саны артты

    Демалушылар саны артты

    4 months ago
    Ғасыр жасаған кейуана

    Ғасыр жасаған кейуана

    9 months ago
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    © 2023 www.alatauaraiy.kz

    «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024

      «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

      t>