-13 °c
Qonaev
Friday, May 9, 2025
    "Алатау Арайы" газеті

    Газет 1918 жылдан бастап шығады

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    "Алатау Арайы" газеті
    Home Барлық жаңалықтар

    Қонаевта қант зауытын салу жайы талқыланды

    28.04.2025
    in Барлық жаңалықтар, Экономика
    Қонаевта қант зауытын салу жайы талқыланды
    0
    SHARES
    2
    VIEWS

    Алматы облысында әлемдік қант өнеркәсібінің көшбасшыларының бірі – Al Khaleej Sugar компаниясының зауыты салынуы мүмкін. Жобаны жүзеге асыру мәселелері облыс әкімі Марат Сұлтанғазиев пен компанияның басқарушы директоры, шейх Джамаль Аль Гурайр арасындағы кездесуде талқыланды.

    “Алматы облысы аграрлық әлеуеті жоғары өңір. Дамуды жалғастыру үшін бізге заманауи технологиялар мен сенімді серіктестер қажет. Бүгінгі кездесу – өңір экономикасы үшін маңызды қадам”, – деді Марат Сұлтанғазиев.

    Кездесу барысында зауыттың орнын таңдау, қант қызылшасы үшін егістік алқаптарды ұйымдастыру және оларды сумен қамтамасыз ету мәселелері қарастырылды. Қонаев қаласына жақын орналасқан аумақ логистикалық тұрғыдан тиімді деп танылды. Алайда су мәселесі шешілмеген күйінде қалып отыр – егістіктерді суару үшін баламалы су көздері іздестірілуде.

    “Біз үшін егістік алқаптарды сенімді әрі жеткілікті су көздерімен қамтамасыз ету өте маңызды. Жобаны тиімді жүзеге асыру үшін гидрология саласындағы үздік мамандарды тартамыз”, – деді шейх Джамаль Аль Гурайр.

    Инвесторлар зауытты толықтай автономды ету мақсатында жел электр станцияларын салу мүмкіндігін де қарастыруда.

    “Біздің мақсатымыз – толықтай дербес кәсіпорын құру. Қайта жаңартылатын энергия көздерін пайдалану қоршаған ортаға әсерді азайтып, зауыттың ұзақ мерзімді тұрақты дамуын қамтамасыз етеді”, – деп қосты шейх Аль Гурайр.

    Al Khaleej Sugar – әлемдегі ең ірі автономды және энергия үнемдейтін қант зауыты. Компания әлемдік тазартылған қант нарығының шамамен 3 пайызын қамтамасыз етеді. Шейх Аль Гурайр қант өнеркәсібінен бөлек, фарфор, құрылыс материалдары, жылжымайтын мүлік және көлік салаларында да табысты жобаларды жүзеге асырып келеді.

    Кездесу қорытындысында тараптар өңірдің гидрологиялық ресурстарын жан-жақты зерттеу үшін кәсіби консультанттар мен мамандандырылған ұйымдарды тартуға уағдаласты. Бұл шешім суару мәселесін тиімді шешіп, инвестициялық жобаны сәтті іске асыруға мүмкіндік береді.

    Ұсынымдар

    Елімізде 20 су қоймасы салынады

    Елімізде 20 су қоймасы салынады

    1 year ago
    Алматы облысында заңсыз қару-жарақ тәркіленді

    Алматы облысында заңсыз қару-жарақ тәркіленді

    2 years ago
    Өнертапқыш Нұркен

    Өнертапқыш Нұркен

    2 years ago
    Қонаев мектептеріне жаңа қауіпсіздік жүйесі орнатылды

    Қонаев мектептеріне жаңа қауіпсіздік жүйесі орнатылды

    7 months ago
    Еңбек адамын қолдайды

    Еңбек адамын қолдайды

    3 months ago
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    © 2023 www.alatauaraiy.kz

    «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024

      «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

      t>