-13 °c
Qonaev
Friday, May 9, 2025
    "Алатау Арайы" газеті

    Газет 1918 жылдан бастап шығады

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    "Алатау Арайы" газеті
    Home Барлық жаңалықтар

    ТАРИХ ТАҢБАСЫ ТАСАДА ҚАЛМАСЫН

    29.04.2025
    in Барлық жаңалықтар, Мәдениет, Руханият, Туризм және саяхат
    ТАРИХ ТАҢБАСЫ ТАСАДА ҚАЛМАСЫН
    0
    SHARES
    6
    VIEWS

          Тарихи ескерткіштер – елдің құнды қазынасы. Оларды жан-жақты зерттеп, келер ұрпаққа бүлдірмей жеткізу – борышымыз. Осы орайда «Есік» мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығында Халық­аралық ескерткіштер мен тарихи орындарды қорғау күніне орай мәдени іс-шара өтті.

    «Есік» музей-қорығына қарасты ортағасырлық Талғар қалашығында «Тарихы терең Талхиз» атты ақпараттық фотокөрменің салтанатты ашылуымен басталған шараға тарихшылар, өлкетанушылар, Еңбекшіқазақ ауданы әкімдігінің қызметкерлері, этномәдени орталық жетекшілері, туристік агенттік өкілдері, оқушылар мен журналистер қатысты.
    Ақпараттық көрме көне қал­а­шық­тың үлкен дарбазасында орналас­тырылған. Цитадельдің солтүстік қақпасын 2014 жылы «Қазқайтажаңарту» республикалық мемлекеттік кәсіпорны жаңғыртып, ортағасырлық көрінісін қайтарған. Алайда осынау тарихи орын тасада қалып барады. Өйткені қалашықтың қорғау, яғни буферлік аймағына қатарластыра екі-үш қабатты тұрғын үйлер салынған. Бұдан бөлек, тура іргесінде үлкен медресе де бой көтеріп келеді. Қазірше ғимараттың биіктігі үш қабатқа келіп, құрылысы тоқтап тұр. Ал қорғау аймағының талаптарына келер болсақ, мұндағы ғимараттардың биіктігі бір қабаттан аспауы керек, көне қалашықты қалқалап, оның көрінісін бұзбауы қажет. Бұл мәселе жергілікті атқарушы органдарға айтылғанымен, оң шешімін таппай тұр. Керісінше, қалашықтың қорғау аймағы көлемін қысқарту жөнінде әкімдік тарапынан ұсыныс түседі екен. Қалашықтың территориясы – 20,8 га, қорғау аймағы – 55,7 га, құрылыс салуды реттеу аймағы – 27 га, қорғалатын табиғат ландшафт аймағы 281,5 га деп, 2013 жылы 15 маусымда облыстық мәслихаттың №18-118 бұйрығымен бекітілген. Сондай-ақ қалашық 2014 жылы ЮНЕСКО-ның бүкіләлемдік мұра комитетінің 38-сессиясында дүниежүзілік мұра тізіміне енгізілгендіктен, әкімдіктің бұл ұсынысын орындау мүмкін емес.
    Ауданның атқамінерлері соз­ба­лаңға салып жүрген тағы бір мәселе бар. Көне қалашық қақпасы кезінде қалаға су тартылған құбырдың тура үстіне салынған екен. Дарбазаның ішіндегі осы үлкен құдықтан үнемі су көтеріледі, әрі ондағы ылғалмен қабырғалар дым тартып, зақымданады. Музей қызметкерлері бұл туралы министрлікке дейін шағымданып жүріп, қалаға баратын су құбырын 2-3 жыл бұрын көне қалашықтың сыртына шығартқан. Алайда содан бері ескі құбырға келетін суды әкімдіктегілер әлі тоқтатып бермеген. Салдарынан қақпа қабырғасының сылағы түсіп, қайта-қайта жөндеу жұмыстарын жүргізуге тура келіп отыр.
    Құрылыс жұмыстары демекші, мұнда қалашыққа кірер үлкен қақпадан басқа ғимарат жоқ. Музей қызметкерлері осы қақпаның ішіне көрме ұйымдастырып қана қоймай, әкімшілік бөлме мен қала жұртынан табылған жәдігерлерді қоятын зал жабдықтау мәселесін де көтеріп келеді.
    «Сонау 1930 жылдардан бастап археологтер Талхиз қалашығында қазба жұмыстарын жүргізгенін ескерсек, мұнда оларды сақтайтын орынның болмауына байланысты табылған артефактілердің барлығы әр мекемеге таратылып кеткен. Бүгінде Талхизде табылған 250-ге жуық жәдігердің тізімін жасадық. Бұл тізім «Мәдениетті жақындастыру орталығы» шығарған альбомға негізделіп дайындалды және қазіргі уақытта аталған жәдігерлер жинастырылып жатыр. Талхизден табылған Жапония, Қытай, Үндістан, Иран мен Орталық Азия елдеріне тиесілі артефактілер Ұлы Жібек жолы бойында орналасқан бұл қалашық кезінде ішкі және халықаралық сауда мен мәдениет орталығы болғанын көрсетеді. Осынау тарихи маңызды орынды қорғап, сақтау үшін 2018 жылы «Есік» мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығының балансына ресми түрде берілген болатын», – дейді аталған музей-қорық директоры Гүлмира Мұхтарова.
    Талғар өзенінің оң жағасы, Талғар тауының етегінде жатқан «Талхиз», «Талхир» және «Талғар» атауларымен кездесетін қалашық тарихына көз жүгіртсек, оның хронологиялық мерзімдеу кезеңі VIII-XIV ғасырларды қамтиды. VIII-IX ғасырларда үйсін қоныстарының орнына «Талхир» қаласы қалыптасты. Қала туралы ең алғашқы мәлімет Х ғасырда авторы белгісіз парсы географы жазған «Худуд әл-Алам», яғни «Әлем шекаралары» атты жазба деректе кездеседі. Бұл қалашықты зерттеуге қызығушылық білдірген саяхатшылар, ғалымдар мен зерттеушілер өте көп. Ең алғаш Шоқан Уәлиханов Талғар қалашығы тарихи, мәдени орын екенін айтқан. 1921 және 1924 жылдары В.Городецкий көне қалаға археологиялық зерттеу жүргізеді. А.Н.Бернштам бастаған Жетісу археологиялық экспедициясы қалашыққа екі шұңқыр қояды. Қалашықтың археологиялық қазба жұмысы И.И. Копыловтың басшылығымен 1950 жылдардың ортасында басталады. 1966 жылы осы археологтің бастамасымен материалдар жинақталып, бір­қатар құнды деректер ашылған.
    Халық­аралық ескерткіштер мен тарихи орындарды қорғау күніне орай ұйымдастырылған мәдени іс-шара «Есік» мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығында жалғасын тапты. Мұнда «Есік» қорымдары аумағы мемлекет қорғауында екенін айқындайтын арнайы ескерткіш тақтаның ашылу салтанаты өтті. 1970 жылы «Алтын адам» табылған аумақ «Есік қорымы» аталып, алғашында мұнда 6 гектар жер телімі мен 5 оба ғана болған. Ал қазіргі күні оба саны 110-ға жетіп, жер көлемі 270 гектарға дейін ұлғайған. Бұл аумақ музей қызметкерлерінің қажырлы еңбегі мен табандылығының арқасында 2024 жылдың желтоқсан айында қорғау аймағы болып қайта бекітілген. Музей ұжымы жеке меншікке өтіп кеткен жер телімдерін мемлекет иелігіне қайтарып, «Алтын адам» табылған киелі жерді көздің қарашығындай қорып отыр.
    Іс-шара аясында «Таза Қазақстан» акциясымен аудандық ішкі саясат бөлімі, жастар ресурстық орталығы, этномәдени бірлестіктердің жетек­шілері мен қонақтар музей аумағына ағаш көшеттерін отырғызды.

    Құралай Мұратқызы

    Еңбекшіқазақ ауданы

    Ұсынымдар

    Жеңіс Эстафетасы

    Жеңіс Эстафетасы

    1 week ago
    Жаңа футбол алаңы ауыл жастарын қуанышқа бөледі

    Жаңа футбол алаңы ауыл жастарын қуанышқа бөледі

    6 months ago
    Қайта өңдеу қарқынды дамиды

    Қайта өңдеу қарқынды дамиды

    2 months ago
    Экологиялық тәрбие  мектептен басталады

    Экологиялық тәрбие мектептен басталады

    3 months ago
    Рух пен сенім

    Рух пен сенім

    7 months ago
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    © 2023 www.alatauaraiy.kz

    «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024

      «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

      t>