-13 °c
Qonaev
Friday, May 23, 2025
    "Алатау Арайы" газеті

    Газет 1918 жылдан бастап шығады

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    "Алатау Арайы" газеті
    Home Барлық жаңалықтар

    Жеңіс Эстафетасы

    29.04.2025
    in Барлық жаңалықтар, Руханият
    Жеңіс Эстафетасы
    0
    SHARES
    9
    VIEWS

          Алматыдағы 28 гвардияшы-панфиловшылар атындағы саябақта Жеңіс эстафетасын табыстау салтанаты өтті. Мемориал алдына әскери қызметкерлер, Ауған соғысының және шекара қызметінің ардагерлері, сондай-ақ әскери-патриоттық клубтардың тәрбиеленушілері, облыс және қала тұрғындары жиналды.

    Халықаралық «Жеңіс эстафетасы» әскери-патриоттық акциясы Жеңістің 80 жылдығына арналып ұйымдастырылды. Салтанатты шара соғыста көз жұмған жауынгерлерді бір минут үнсіздікпен еске алып, монументке гүл шоқтарын қоюдан басталды. Жиналғандар ерлікпен қаза тапқан сарбаздарға осылай құрмет көрсетті.
    Жетісу облысының шекарашылары эстафетаның символы – шыны колбаны ҚР ҰҚК ШҚ Алматы облысы бойынша департаментіндегі әріптестеріне тапсырды. Жеңіс эстафетасы жаудың алғашқы соққысын шекарашылар күтіп алған батыр қала – Бресттен бастау алады. Олардың табандылығы ұрпақ үшін мойымас ерліктің үлгісі болып қала береді. Міне, бүгінде сол естеліктің символы Қазақстан жерінде – Алматы қаласында жалғасын тауып отыр.
    Жеңіс символын салтанатты түрде қабылдаған шекарашылар: «Біз, бүгінгі сарбаздар мен офицерлер, осы эстафета мен жауапкершілікті қастерлеп, қабыл аламыз. Бейбітшілікті сақтау, шекараны қорғау – біздің қасиетті борышымыз», – деді.
    ҚР ҰҚК Шекара қызметі Алматы облысы бойынша департаментінің бастығы, полковник Әлібек Каюпов:
    – Жауды алғашқы болып шекарадан тосып алып, қасық қандары қалғанша шайқасқан шекарашылар болатын. Бұл ерлік ешқашан ұмытылмауы тиіс, – деді өз сөзінде.
    Жеңіс эстафетасы өз жолын Брест қамалынан бастады, Беларусь, Ресей елдері мен қазақстанның Шығыс Қазақстан, Абай және Жетісу облыстары арқылы жүріп өтті. Ол Алматыдан ары қарайғы жолын Қордай шекарасында жалғап, сол жерде Қырғыз шекарашыларына табыс етіледі. Осы оқиғаның бір қатысушысы, «Жас шекарашы» әскери-патриоттық клубының тәрбиеленушісі, 8-сынып оқушысы Балнұр Махмет:
    – Біз осы клубтың арқасында шекарашылардың өмірімен және қызметімен танысып жатырмыз, олардан көп нәрсені үйренудеміз. Ал бүгін Жеңіс эстафетасын табыстау сияқты тарихи сәттің куәсі болып тұрмыз. Бұл біз үшін ұмытылмайтын естелік, – деп пікір білдірді.
    Шара мерекелік концертпен аяқталды. Астанадан келген ҚР ҰҚК Шекара қызметі әскери-патриоттық қызмет басқармасының ансамблі соғыс жылдарындағы сарбаздар майданға шырқап аттанған әндерді орындады.
    Саябақ аллеясында Алматы мемлекеттік архиві әзірлеген «Соғыс жаңғырығы» көрмесі ұйымдастырылды. Келушілер назарына 40-қа жуық экспозиция ұсынылды. Олардың ішінде майдан хаттары, марапаттар, әскери фотографиялар мен сол жылдары басылым беттерінде жарық көрген жарияланымдар болды.

    Бейбіт МЕКЕЕВ

    Ұсынымдар

    Президент  бастамалары  қоғамға қозғау  салуда

    Президент бастамалары қоғамға қозғау салуда

    1 year ago
    Baron Food – біздің бренд

    Baron Food – біздің бренд

    1 year ago
    Қонаев спортшылары «Таза өлке» акциясын қолдайды

    Тазалықты сақтау тәрбиеге үйретеді

    1 year ago
    Алматы облысында жүгері өнімділігі рекорд жаңартты

    Алматы облысында жүгері өнімділігі рекорд жаңартты

    7 months ago
    Мұзда балық аулауға арналған учаскелер тексерілді

    Мұзда балық аулауға арналған учаскелер тексерілді

    4 months ago
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    © 2023 www.alatauaraiy.kz

    «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024

      «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.