-13 °c
Qonaev
Saturday, May 10, 2025
    "Алатау Арайы" газеті

    Газет 1918 жылдан бастап шығады

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    "Алатау Арайы" газеті
    Home Барлық жаңалықтар

    Киелі шаңырақтың берік уығы

    01.05.2025
    in Барлық жаңалықтар, Идеология, Қоғам, Мәдениет, Мереке
    Киелі шаңырақтың берік уығы
    0
    SHARES
    0
    VIEWS

            Бірлік бар жерде береке артып, ынтымағы бар елдің босағасы беки түсетіні белгілі. 54 түрлі этнос өкілдері мекен ететін Еңбекшіқазақ ауданы –  осындай құт дарыған, киелі өңір, достық бесігі. Үлкен шаңырақтың берік уығы болып қадалып, өңірдің өркендеп-дамуына өзінше үлес қосып келе жатқан этностың бірі – күрдтер.

    Ауданда алғаш 1995 жылы күрд этномәдени орталығы құрылды. Орталықтың негізін Азиз Надыров қалаған. 1927 жылы дүниеге келген Азиз Байляровичтің әкесі Сталин билік еткен тұста саяси тұтқын қатарында қамалса, шешесі өмірден ерте өткен. 1937 жылы 10 жасында Кавказдан Қазақстанға жер аударылған Азиз Надыров балалар үйінде тәрбиеленеді. Кәмелеттік жасқа толғанда Еңбекшіқазақ ауданы Түрген педагогикалық училищесіне оқуға түсіп, оны үздік тәмамдайды. Кейін Алматыдағы Абай атындағы Қазақ педагогикалық институтының дене тәрбиесі факультетін бітірді. Жаңашар ауылындағы мектепте мұғалім болып жүрген жерінен кеңшар директорының өтінішімен ауданда күрдтер көбірек шоғырланған ауылдың бірі Ақбастаудағы орта мектепке директор болып барады. Қоғамдық жұмыстарға белсене араласатын Азиз Надыров күрдтердің басын біріктіріп, орталық құрады. 2010 жылы өмірден озғанға дейін этномәдени бірлестіктің буынын қатайтып, өңірге танытып кетті. Азиз Надыров ҚазССР үздік мұғалімі, жаратылыстану ғылымдарының кандидаты, Еңбекшіқазақ ауданының Құрметті азаматы болды.

    Бүгінде күрд этномәдени орталығының жетекшісі әке ісін жалғастырып келе жатқан Надо Надыров та аталған білім ошағында директорлық қызметте. «Әкеміз адамның жасаған жақсылығын ешқашан ұмытпау керектігін үнемі айтып отыратын. Қуғын-сүргінге ұшырап, жер ауып келген әр түрлі этнос өкілдерінің ешбірін де бөтенсінбей, бір тілім нанын бөліп берген, дархан көңіл, бауырмал қазақ халқына деген әкемнің зор алғысы оның әр әрекетінде айқын көрініс табатын», – дейді Надо Азизович.

    Күрд этномәдени орталығының мүшелері аудан мен облыс көлемінде өткізілетін барлық мәдени-спорттық іс шараға атсалысып, қоғамдық жұмыстарға белсене қатысады. Орталықта құрылған «Бахар» би ансамблі ұлттың ізгі ниетін насихаттайтын өнерінің бірі, күрд халқының ұлттық «Гованд» биін әр ­мерекеде аса жоғары деңгейде билейді.

    Бүгінде Еңбекшіқазақ ауданында 4 мыңға жуық күрд өкілі тұрады. Олар негізінен Қарасай, Әймен, Ақбастау, Бәйдібек би, Түрген, Талдыбұлақ ауылдарында шоғырланған.

     Құралай МҰРАТҚЫЗЫ

    Еңбекшіқазақ ауданы

    Ұсынымдар

    Кәсіпкерлікті қолдау артады

    Кәсіпкерлікті қолдау артады

    1 week ago
    Дайындық барысы сараланды

    Дайындық барысы сараланды

    7 months ago
    Тұмаумен сырқаттанғандар 36 пайызға азайған

     Маусымдық тұмау: қауіпті қалай азайтуға болады?

    4 months ago
    Саусағымның ұшында сырлы әлем

    Саусағымның ұшында сырлы әлем

    6 months ago
    Мектеп формасын қалай таңдаған жөн?

    Мектеп формасын қалай таңдаған жөн?

    2 years ago
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    © 2023 www.alatauaraiy.kz

    «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024

      «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

      t>