⛅
3°C
Қонаев
Бейсенбі, Қазан 16, 2025
    "Алатау Арайы" газеті

    Газет 1918 жылдан бастап шығады

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    "Алатау Арайы" газеті
    Home Әдебиет

    Ерлік шежіресі

    16.05.2025
    in Әдебиет, Барлық жаңалықтар, Тарих
    Ерлік шежіресі
    0
    SHARES
    2
    VIEWS

    Жеңістің 80 жылдығына орай Қонаев қалалық кітапханасында жазушы,  журналист Аршагүл Серікқызының «Қазақ солдаты» кітабының тұсаукесері өтті. Облыстық орталық  кітапхана ұйымдастырған  мәдени шараға облыс әкімінің орынбасары Әсет Масабаев, мемлекет және қоғам қайраткері Алик Шпекбаев, ҚР мәдениет қайраткері, жазушы  Бейбіт Сапаралы, ҚР Мемлекеттік сыйлығының иегері Жанұзақ Мүсәпірұлы сынды зиялы қауым өкілдері қатысты.

    Кітаптың  тұсаукесер рәсімінде сөз алған облыс әкімінің орынбасары Әсет Дүйсебекұлы Жеңістің 80 жылдығы ерлік пен бірліктің символы екеніне тоқталды.

    – Жеңістің 80 жылдығы – бұл тек соғыста шайқасқан батырларымызды ғана емес, тылда еңбек еткен ата-әжелерімізді де еске алатын күн. Сол кездің қиындықтары мен халықтың бірлігі – бізге үлкен сабақ. Өкінішке қарай, жыл өткен сайын ардагерлердің қатары сиреп келеді. Сондықтан оларға құрмет көрсетіп, ерліктерін насихаттау – біздің міндетіміз,  –  деп бабалар жазған ерлік шежіресінің  аса бағалы екенін атап өтті.

    Аршагүл Серікқызының «Қазақ солдаты» кітабі Екінші дүниежүзілік соғысқа қатысқан қазақ жауынгерлерінің рухына және соғыс ардагері Мұсахан Шпекбайұлы мен Жатқанбай Мұсаханұлына арналған. Аталған еңбекте сұрапыл соғыста жан аямай жаумен айқасқан әке мен бала тағдыры, олардың Отан мен отбасына  қорған  болған өнегелі өмірі,  әулет  басындағы қиын-қыстау  кезеңдер, ұлттық құндылық жайындағы келелі тақырыптар нанымды шындықтармен  бейнеленеді. Шара барысында мектеп оқушылары шығарма кейіпкерлерінің жан сырын жатқа толғап, көп көңілін толқытты.

    Тарихи-танымдық жинаққа құнды деректер топтастырылыпты. Сол арқылы  соғыстың  көп көзіне түске бермейтін қалтарыс тұстар да  қаламгер назарынан тыс қалмапты.

    – Екінші дүниежүзілік соғыс жылдарында майдандағы сарбаздар соңғы демі қалғанша жан аямай күрессе, тылдағы еңбек те толас тауып көрген жоқ. Ауыл шаруашылығында еңбектенген ерлердің майданға тартылуына байланысты, олардың орнын елде қалған қарттар, әйелдер мен балалар басты. Осылайша сарбаздарды азық-түлікпен, шикізатпен қамтамасыз еткені тарихтан белгілі. Әрине, батырларымыз туралы көптеген еңбектер жазылды. Бірақ біз мыңдаған қарапайым қазақ солдаттарының өміріне де үңілуіміз қажет. Мен осы еңбегім арқылы солардың рухына тағзым еттім, – деді кітап авторы Аршагүл Серікқызы.

    Шара барысында аталған  кітапқа арқау болған, Екінші дүниежүзілік соғысқа  қатысқан Мұсахан Шпекбаев пен ұлы Жатқамбай Мұсаханұлының ұрпақтары да  аталарының ерліктері туралы сыр шертті. Соңында Алик Шпекбаев  тұсаукесерге қатысушыларға алғыс айтып, Әсет Дүйсебекұлы, Бейбіт Сапаралы, Жанұзақ Мүсәпірұлдарына Сәмен батырдың 320 жылдығына орай әзірленген төсбелгі табыстады.

    Ерзат АСЫЛ

    Қонаев қаласы

    Ұсынымдар

    “Ауыл аманаты” жобасы бойынша 3,8 млрд теңгеге 418 өтініш мақұлданды

    “Ауыл аманаты” жобасы бойынша 3,8 млрд теңгеге 418 өтініш мақұлданды

    2 years ago
    Бес ұрпақ – бір таңдау

    Бес ұрпақ – бір таңдау

    1 year ago
    ОРТАҚ ТАРИХ

    ТҰРАҚТЫЛЫҚ – МЕМЛЕКЕТ ТІРЕГІ

    5 months ago
    Қарасазда ән менен жыр шалқыды

    Қарасазда ән менен жыр шалқыды

    2 years ago
    Кәсіптік және техникалық білім беру мүмкіндіктері

    Жұмысшы мамандықтары жылы: Үкімет өнеркәсіп пен техникалық мамандарды қолдайды

    9 months ago
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    © 2023 www.alatauaraiy.kz

    «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024

      «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

      ↑
      t>