⛅
-5°C
Қонаев
Сәрсенбі, Желтоқсан 24, 2025
    "Алатау Арайы" газеті

    Газет 1918 жылдан бастап шығады

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    No Result
    View All Result
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    No Result
    View All Result
    "Алатау Арайы" газеті
    Home Барлық жаңалықтар

    Ежелгі аспап дәріптелді

    19.05.2025
    in Барлық жаңалықтар, Мәдениет
    Ежелгі аспап дәріптелді
    0
    SHARES
    10
    VIEWS

    Еліміздe көптеген этнос өкілі бір шаңырақ астында тату-тәтті ғұмыр кешуде. Мәдениеті, дәстүрі мен ана тілін сақтау және дамыту үшін олардың барлығына тең жағдай жасалған. Қонаев қалалық Бердібек Соқпақбаев атындағы сабақта Қазақстан халқы Ассамблеясының 30 жылдығы мен славян жазуы мен мәдениеті күндері аясында өткен «Музыкальная ложка» балалар шығармашылық ұжымдарының І республикалық фестивалі – соның айғағы. Мақсаты – халықшығармашылығын насихаттау, музыкалық өнерді дамыту және этностардың мәдени байланысын нығайту.

    Фестивальді ашқан ішкі саясат басқармасының басшысы Ерік Абитов облыстық Ассамблея жанындағы құрылымдар маңызды жобаларды жүйелі түрде жүзеге асырып келе жатқанын атап өтті. Айтуынша, 17 облыстық, 13 аудандық, 4 қалалық этномәдени бірлестік жылдық жоспарларына  сәйкес түрлі форматта  іс-шаралар өткізуде. Олар өздерінің ғана емес, мемлекеттік тіл мен қазақ халқының мәдениетін, салт-дәстүрін де этнос өкілдеріне үйретіп, насихаттауда.

    Ерік Әзілжанұлы сахнада Қазақстан халқының мәдени дәстүрлері мен мұрасын  сақтауға және дамытуға, халық шығармашылығын дәріптеуге қосқан үлесі үшін өнер мерекесін ұйымдастыруға атсалысқан азаматтарды марапаттады.  Одан кейін сөз алған облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясы төрағасының қоғамдық орынбасары Гамзе Гейдаров бүгінгі шарада балалар шығармашылық ұжымдарының өнер көрсетіп жатқаны көңіл қуантатынын айта келе, өскелең ұрпаққа дұрыс тәлім-тәрбие берілсе, ел болашағының да жарқын болатынына тоқталды.

    «Балбырауын» күйімен басталған фестиваль барысында  Қонаев қаласының «Меруерт» балалар өнер мектебі, Іле ауданы мен Алматы, Алатау қалаларының өнер ұжымдары, облыстық орыс, грек, күрд этномәдени бірлестіктерінің жас өнерпаздары және Жамбыл, Қызылорда,  облыстарының балалар шығармашылық ұжымдары өз өнерлерін ортаға салды. Әсіресе, Алматы қаласының «Мечта соседей» ансамблі мен Қызылорда облысының «Надежда»  жастар тобының өнері бар ықыласымен сахнаға назар аударған үлкенді-кішілі көрермендерді тәнті етіп, олардың қошеметіне бөленді.

    «Қазақстандағы орыс, славян, казак қауымдастығы» ұйымы облыстық филиалының төрағасы Лариса Котельникова бүгінгі фестивальдің жай ғана өнер мерекесі емес, бірлігі жарасқан Қазақстан халқы достығының, ұрпақтар сабақтастығы мен бейбітшіліктің айқын дәлелі екенін баса айтты.

    – Ағаш қасық – орыс мәдениеті мен мәдени дәстүрлеріміздің бірегейлігінің көрінісі. Бұл – ас құралы ғана емес, орыстың ұрмалы музыкалық аспабы. Ол бізге ғасырлар тереңінен келді. Еліміз бойынша тұңғыш рет өткізіліп отырған фестивальға өскелең ұрпақтың қызығушылық танытқанына қуаныштымын. Келесі жылы республикалық байқау түрінде өткізу жоспарланып отыр, – деді Лариса Леонидовна.

    Бүгін өтіп жатқан «Музыкальная ложка» республикалық фестиваліне Іле, ауданынан, Қызылорда мен Жетісу облыстарының жеткіншектері белсене қатысуда. Қазақстан халқы Ассамблеясының 30 жылдығы шеңберінде Ассамблеяның алдағы уақытта да осындай шараларды өткізу жоспарында бар, – деді облыстық «Ассамблея жастары» қоғамдық бірлестігінің төрағасы Вера Плетнева.

    Шара соңында белсене қатысқан өнерпаздар мен ұжымдарға «Қазақстандағы орыс, славян, казак қауымдастығы» ұйымы облыстық филиалының дипломдары мен Алғыс хаттары табысталды.

    Айжарық КӨПТІЛЕУОВ

    Ұсынымдар

    Президент: Біз үшін ең басты мақсат – азаматтардың амандығы

    Президент: Біз үшін ең басты мақсат – азаматтардың амандығы

    2 years ago
    Қонаев сыйға тартқан сағат

    Қонаев сыйға тартқан сағат

    2 years ago
    Ардагерлер сынға түсті

    Ардагерлер сынға түсті

    10 months ago
    ХҚКО мемлекеттік қызметтерді қоғамдық орындарда көрсетеді

    ХҚКО-лар мереке күндері қалай жұмыс істейді?

    2 years ago
    Табиғат түзген туынды

    Табиғат түзген туынды

    2 years ago
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    © 2023 www.alatauaraiy.kz

    «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026

      «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

      ↑
      t>