-13 °c
Qonaev
Monday, August 18, 2025
    "Алатау Арайы" газеті

    Газет 1918 жылдан бастап шығады

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    "Алатау Арайы" газеті
    Home Барлық жаңалықтар

    Киікбай қасіреті

    04.06.2025
    in Барлық жаңалықтар, Қуғын-сүргін құрбандары
    Киікбай қасіреті
    0
    SHARES
    106
    VIEWS

         Кешегі зұлмат заманда қаза болған ата-баба рухына тағзым етіп, құран бағыштауды Еңбекшіқазақ ауданы Тескенсу ауылдық округінің тұрғындары жылдағы дәстүрге айналдырған. Елдімекен маңына қойылған саяси қуғын-сүргін құрбандарына арналған ескерткішке биыл да халық көп жиналды.

     Аталған округ аумағында кезінде Киікбай ауылы болған. Таудың етегінде, Киікбай өзенінің сол жағалауында жатқан елдімекен тұрғындары егіншілік, бағбаншылық пен мал шаруашылығын тіршілік көзіне айналдырып, жақын орналасқан Верный, Михайловск, Маловодное, Софийск және Надеждинск сияқты елдімекендермен сауда қатынастарын орнатқан. Ауылда 12 диірмен, май шығаратын 3 зауыт, үлкен сауда орындары болған. Сондай-ақ мұнда қолөнершілер мектебі қалыптасып, 1 темір ұстаханасы, 5 тігін шеберханасы жұмыс істеген. Ондағы мешіт пен медреседе жастар діни білім алған.

    1881-1882 жылдары ауылға әрқайсысы 20 түтіннен тұратын үш топпен Іле өңірінен ұйғырлар келіп қоныстанады. Қазақ пен ұйғыр біте қайнасып, жақын туыстай болып кетеді. Сол қарым-қатынас жалғасын тауып, бүгінге дейін бүлінбей жеткен. Баяғы Киікбай ауылынан шыққан азаматтардың ұрпақтары елдің әр өңіріне тарап кеткенімен, 31 мамыр күні бірлігі жарасқан үлкен шаңырақтың балаларындай бәрі осында жиналады. 1918 жылы қызылдарға қарсы көтерілісшілерді басу үшін Ташкенттен арнайы келген Мураевтың жазалау отрядының қолынан қаза тапқан ата-баба рухына тағзым жасап, құран бағыштайды.

    Биыл аталған басқосу барысында кезіндегі Киікбайдан шыққан ақсақалдар сөз сөйлеп, естеліктерін бөлісті. Сонымен қатар, «Таралған Киікбайдан сыңарымыз» атты өлеңдер, құжаттар мен публицистикалық мақалалардан тұратын кітаптың таныстырылымы өтті. Қажетті материалдарды толықтырып, жергілікті жердің тарихы мен ауыл азаматтары туралы жинақты жарыққа шығарған – Қаратұрық ауылы Авут Саттаров атындағы орта мектептің мұғалімі Бувинур Кожамбердиева.

    Іс-шарадан кейін жиналған көпшілік саяси репрессия құрбандарына арнап ас берді.

    Құралай Мұратқызы

    Еңбекшіқазақ ауданы

    Ұсынымдар

    Қарқаралықтар қуанышы

    Қарқаралықтар қуанышы

    9 months ago
    Қазақша сөйлесейік!

    Қазақша сөйлесейік!

    4 months ago
    Қазақстанда 10 тамыз – Абай күні

    Қазақстанда 10 тамыз – Абай күні

    2 years ago
    Тағылымы мол кездесу

    Тағылымы мол кездесу

    5 months ago
    Алматы облысында «Бизнес бастау» бағдарламасы бойынша 42 адам грант алды

    Алматы облысында «Бизнес бастау» бағдарламасы бойынша 42 адам грант алды

    2 years ago
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    © 2023 www.alatauaraiy.kz

    «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024

      «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

      t>