-13 °c
Qonaev
Wednesday, July 2, 2025
    "Алатау Арайы" газеті

    Газет 1918 жылдан бастап шығады

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    "Алатау Арайы" газеті
    Home Барлық жаңалықтар

    Өзен бойын тазалады

    11.06.2025
    in Барлық жаңалықтар
    Өзен бойын тазалады
    0
    SHARES
    5
    VIEWS

          Жамбыл ауда­ны Қарғалы ауылы­­ның тұр­ғын­да­ры қоршаған ортаны тазалау жұмысына белсенді қатысады. Экологтар күніне орай олар кезекті сенбілікке шығып, елдімекенді қақ жарып өтетін Ұзынқарғалы өзенінің бойын қоқыстан тазар­туға біркісідей жұмылды. «Таза жағажай – таза өзен» акциясына 100 шақты адам қатысып, 6 ша­қырым жерден 3 тоннадан астам қоқыс шығарылды.

    Табиғатты аялау және қоғамда эко­ло­гиялық мәдениет қалыптастыруды басты мақсат еткендердің қатарында аудан әкімдігі мен мәслихатының өкілдері, «АМАNАТ» партиясының белсенділері, аудандық ақсақалдар және аналар кеңестерінің мүшелері, мұғалімдер мен медицина қыз­меткерлері болды. Атап айтқанда, аудандық ішкі саясат бөлімінің басшысы Айткүл Медеуова, жергілікті мәслихат депутаты, кәсіпкер Паша Чумаев, Қарғалы ауылдық округі әкімінің орынбасары Қуаныш Батырбаев, аудандық ақсақалдар кеңесі төрағасының орынбасары Исмаилжан Иминов, Қарғалы ауылдық аналар кеңесінің төрағасы Зияш Смағұлқызы қатысты. Жастар көптеп тартылған шараның мақсаты – тау өзенінің жағасын таза ұстап, судың ластануына жол бермеу, қоғам назарын қоршаған ортаны қорғауға аудару. Өйткені мұнда жаз айларында демалушылар көптеп келеді.
    Қазір Қарғалы шатқалына жер­гілікті тұрғындардан бөлек, об­лыстың әр өңірі мен Алматы қала­сынан келетіндер қарасы көбейді. Сарқыраған өзен бойында демалыс күндерін өткізушілердің арасында пайдаланған заттарын жинамай, қоқыс шашып кететіндер жиі кездеседі. Соның салдарынан олардың соңында пластик құтылар мен қағаз қалдықтары қалады. Табиғат жанашырлары тұрмыстық қалдықтарды жинау арқылы, экологиялық мәдениет қалыптастыруды іс жүзінде осылай насихаттайды. Мұндай сенбілікті ауылдық әкімдік қызметкерлері мен ерікті жастар жүйелі түрде өткізеді. Алайда арнайы қоқыс жәшіктері қойылғанына қарамастан, отырған жерін ластап кететін жауапсыз адамдар тыйылмай отыр. Сондықтан қоғам белсенділері мен табиғат жанашырлары бұған тиісті шара қолдану керек, айыппұл салу арқылы ғана тәртіп орнатылады деген пікірде.
    – Ұзынқарғалы өзенінің бойына жұма, сенбі, жексенбі күндері адамдар жан-жақтан көптеп келеді. Олардан кейін шашылған заттарды жинастыруға тура келеді. Табиғат аясына шыққандарды тазалық сақтауға шақырамын, – деді Қарғалы ауылдық округі әкімінің орынбасары Қуаныш Батырбаев.

    Серік САТЫБАЛДИЕВ

    Жамбыл ауданы

    Ұсынымдар

    Алматы облысында демалыс аймақтары тексерілді

    Алматы облысында демалыс аймақтары тексерілді

    1 year ago
    Жанармай тапшылығының алдын алатын оңтайлы шешім

    Алматы маңынан қалаға тағы бір маршрут қатынай бастады

    2 years ago
    Алматы облысында бастауыш партия ұйымдарының форумы өтті

    Алматы облысында бастауыш партия ұйымдарының форумы өтті

    1 year ago
    Қарқараның емес, қазақтың Қожекесі

    Қарқараның емес, қазақтың Қожекесі

    2 years ago
    Талғар ауданында спутник қала салынбақ

    Талғарда неге музей жоқ?

    6 months ago
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    © 2023 www.alatauaraiy.kz

    «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024

      «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

      t>