-13 °c
Qonaev
Saturday, June 7, 2025
    "Алатау Арайы" газеті

    Газет 1918 жылдан бастап шығады

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    "Алатау Арайы" газеті
    Home Барлық жаңалықтар

    Қонаевта дизайнерлер ұлттық нақышта киім тігуден жарысты

    09.06.2023
    in Барлық жаңалықтар, Мәдениет, Өңір тынысы, Руханият
    Дизайнерлер ұлттық нақышта киім тігуден жарысты
    0
    SHARES
    1
    VIEWS

    Қонаев қаласында «Ұлттық киім – ұлт айнасы» атты республикалық байқау өтті. Бұл шара Қазақстанда алғаш рет ұйымдастырылып отыр. Жарыстың өтуіне облыстық Қоғамдық даму орталығы мұрындық болды.

    – Біздің мақсат – қазақтың ұлттық киімдерінің дәріптелуіне үлес қосу. Тек мерекелерде ғана емес, күнделікті қолданысқа әдемі нақыштағы киім үлгілерін енгізуді барлығымыз мақсат етуіміз қажет. Әсіресе, мемлекеттік қызметшілер классикалық үлгідегі киімдерді киеді. Сол костюм, белдемшелерге кішігірім өзгеріс енгізіп, ою-өрнектерді неге қолданбасқа? Бүгінгі шарада біздің сол идеямыз насихатталды, – деді Қоғамдық даму орталығының басшысы Ерасыл Толымбекұлы.

    Еліміздің түкпір-түкпірінен жиналған 20-ға жуық қатысушы екі кезең бойынша бақ сынасты. Олардың ішінде Қызылорда, Ақтөбе, Жетісу, Шығыс Қазақстан облыстарының, Астана, Алматы қалаларының тумалары бар.

    Бірінші кезең кеңсе киімдеріне арналды. Мұнда дизайнерлер көрерменге мемлекеттік қызметшілерге және кеңседе қызмет ететін кез келген жанға ыңғайлы, қазақы оюмен әрленген киім үлгілерін ұсынды. Екінші кезеңде күнделікті киюге, салтанатты кештерге киіп шығуға арналған шапандар, көйлектер, спорттық киімдер, тақиялар таныстырылды. Көздің жауын алатын киім-кешектерді тігу кезінде дизайнерлер барқыт, шыт, джинсы, жібек секілді маталарды пайдаланған.
    Сән көрсетілімінде әділқазылардың көңілінен шығып, көрермен көзайымы атанған алматылық дизайнер Венера Нұрымбетова жеңіске жетіп, 400 мың теңге ақшалай сертификатпен марапатталды. Ал 2-орынды астаналық Гүлнұр Қайыпбаева, 3-орынды Қонаев қаласының тұрғыны Жазира Бақытбекқызы иеленді.

    Өз тілшіміз,
    Қонаев қаласы

    Ұсынымдар

    Алматы облысының әкімі мерекеде сарбаздарды құттықтады

    Алматы облысының әкімі мерекеде сарбаздарды құттықтады

    2 years ago
    Жаңа спорт кешені ашылды

    Жаңа спорт кешені ашылды

    6 months ago
    Қазақстандық оқушы Азия-Тынық мұхиты аймағының ең мықты лингвисі атанды

    Қазақстандық оқушы Азия-Тынық мұхиты аймағының ең мықты лингвисі атанды

    1 month ago
    БҰҚАРА ҮНІ БИЛІК НАЗАРЫНДА

    БҰҚАРА ҮНІ БИЛІК НАЗАРЫНДА

    10 months ago
    Сақ стилінде айшықталды

    Сақ стилінде айшықталды

    9 months ago
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    © 2023 www.alatauaraiy.kz

    «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024

      «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

      t>