-13 °c
Qonaev
Monday, July 7, 2025
    "Алатау Арайы" газеті

    Газет 1918 жылдан бастап шығады

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    "Алатау Арайы" газеті
    Home Барлық жаңалықтар

    Алматы облысының әкімі Ұлттық домбыра күніне орай құттықтады

    06.07.2025
    in Барлық жаңалықтар, Идеология, Мәдениет, Мереке
    1500 өнерпаз қатысқан “Домбыра-дастан” фестивалі
    0
    SHARES
    2
    VIEWS

    Ұлттық домбыра күні – 2018 жылдан бері шілденің алғашқы жексенбісі қазақтың төл аспбының күні ретіне тойланып келеді. Биыл бұл күн 6 шілдеге сәйкес келеді. Ұлттық домбыра күні мен оның қарсаңында еліміздің әр аймағында жүздеген адам бір мезетте домбыра тартып, ұлттық өнер мұрасын дәріптейді.

    Домбыра жер бетінде кеңінен тараған шертпелі аспаптардың қатарына кіреді. Өнертанушылар мен тарихшылар мұндай аспаптар ғылымда Х ғасырдан бастап белгілі деп тұжырымдайды. Алматы облысының әкімі Марат Сұлтанғазиев атаулы күнге орай облыс тұрғындарын құттықтады.

    “Құрметті жерлестер!

    Сіздерді Ұлттық домбыра күнімен шын жүректен құттықтаймын!

    Домбыра – қазақ халқының жаны мен жүрегінің үні, рухани мұрамыздың алтын арқауы. Еліміздің мәдени құндылықтарының бірі ретінде ол ғасырлар бойы ұрпақ тәрбиесінің, ел бірлігінің және рухани сабақтастықтың символына айналды.

    Алатаудың баурайындағы өнер мен мәдениетке бай Алматы облысы – күй өнерінің қанатын кеңге жайған киелі өңір. Бүгінде облыс аумағында ұлттық өнерді дәріптейтін домбыра мектептері жұмыс істейді. Күй фестивальдері мен жас өнерпаздарды қолдау шаралары тұрақты түрде ұйымдастырылып келеді. Бұл – ата-баба мұрасын көздің қарашығындай сақтап, келер ұрпаққа аманаттауға бағытталған игі істердің айқын көрінісі.
    Ұлттық домбыра күні – төл өнерімізді асқақтатып, мәдениетімізді мәйекті ететін ерекше мереке. Осы айтулы күн әр шаңыраққа шаттық пен береке әкелсін!
    Ұлттық мәдениетіміз мәңгі жасай берсін! Күй өнері шарықтап, киелі аспабымыз – домбыра әр үйдің төрінен табылсын!

    Құрметпен,
    Алматы облысының әкімі
    Марат Сұлтанғазиев

    Ұсынымдар

    Ерліктің даңқы өшпейді

    Ерліктің даңқы өшпейді

    5 months ago
    Көпірден секірмек болған жігітті райынан қайтарды

    Көпірден секірмек болған жігітті райынан қайтарды

    2 years ago
    Астана халықаралық құрылыс диалогының орталығына айналады: Кавказ және Орта Азия елдерінің құрылыс форумы саланың көшбасшыларын жинайды

    Астана халықаралық құрылыс диалогының орталығына айналады: Кавказ және Орта Азия елдерінің құрылыс форумы саланың көшбасшыларын жинайды

    1 month ago
    Алматы облысында үздік мемлекеттік қызметкерлер марапатталды

    Алматы облысында үздік мемлекеттік қызметкерлер марапатталды

    2 years ago
    Үлкен спорттағы алғашқы қадам

    Үлкен спорттағы алғашқы қадам

    3 weeks ago
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    © 2023 www.alatauaraiy.kz

    «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

      t>