-13 °c
Qonaev
Saturday, July 12, 2025
    "Алатау Арайы" газеті

    Газет 1918 жылдан бастап шығады

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    "Алатау Арайы" газеті
    Home Барлық жаңалықтар

    Су шаруашылығы дамуда

    11.07.2025
    in Барлық жаңалықтар, Кәсіби мереке
    Су шаруашылығы дамуда
    0
    SHARES
    0
    VIEWS

         Облыстық әкімдікте Су шаруашылығы саласы қызметкерлерінің күні мерекесіне орай жиын өтті. Басқосуға республикалық су шаруашылығы мемлекеттік органдарының аумақтық филиал басшылары және жергілікті салалық мекеме қызметкерлері қатысты.

    Жиналған қауымды кәсіби мерекемен құттықтаған облыс әкімі Марат Сұлтанғазиев олардың су қауіпсіздігін қамтамасыз ету жолында сіңіріп жатқан табанды еңбектері ерекше құрмет пен шексіз алғысқа лайық екенін тілге тиек етті.

    – Соңғы төрт жылда бюджеттен су шаруашылығын дамытуға 28 млрд теңге жұмсалды. Бұл суару жүйелерінің тозуын 18 пайызға дейін төмендетті.   Биыл Үкімет пен Ислам даму банкі арасындағы суару желілерін жаңғырту келісіміне сәйкес 91,8 млрд теңгеге Еңбекшіқазақ, Балқаш және Ұйғыр аудандарының каналдарын қайта қалпына келтіру бойынша конкурсты  аяқтап, құрылыс жұмыстарын бастау қажет. Аталмыш жобаның екінші кезеңінде Талғар, Жамбыл, Райымбек, Кеген, Іле аудандары мен Қонаев қаласының Шеңгелді алқабындағы  каналды жөндеу көзделуде. Келешекте Ислам даму банкі арқылы жаңғыртылатын жобалар облыс бойынша  200 мың гектар жерді сумен қамтитын болады. Бүгінде Сорбұлақ, Бозой суару алқаптарын сумен қамту және жаңадан су қоймаларын салу арқылы халықаралық «Citic Construction Co.LTD» және «Qazaq Arab Sugar» компанияларымен келіссөздер жүргізілуде. Бұл жоба суармалы алқаптарды 35 мың гектарға дейін ұлғайтып, қуаттылығы 900 мың тонналық ақ қант зауытын  салуға мүмкіндік береді. Ұйғыр ауданында «Assem Kaljat» серіктестігі 2500 гектар жерге тамшылатып суару жүйелерін енгізу жұмыстарын жүргізуде. Бүгінде 59 ұңғыманың құрылысы аяқталып, 12-сі жұмыс істеп тұр.  Инвестор жүгері өңдеу зауытын іске қосуға ниет етіп отыр, – деген Марат Елеусізұлы су шаруашылығының дамуына сүбелі үлес қосқан азаматтардың еңбегін ерекше атап өтіп, солардың бірқатарына марапат табыстады. Атап айтқанда, «Алматыоблсушар» кәсіпорнының бас инженер-гидротехнигі Құрманбай Әубәкіров «Ерен еңбегі үшін» медалін, Д. Қонаев атындағы Үлкен Алматы каналы филиалының  инженер-гидрометрі Бакыт Молдасанов пен  Еңбекшіқазақ бөлімшесінің басшысы Бахадир Раев «Су шаруашылығының үздігі» төсбелгісін кеудесіне тақты. Сонымен қатар «Талғар» өндірістік бөлімшесінің су реттеушісі Сергей Галактионов,  «Іле» өндірістік бөлімшесінің 1 санатты инженер-гидротехнигі Қанат Байбосынов, «Нарынқол» өндірістік бөлімшесінің инженері Нұрғайша Иембердиева,  «Жамбыл» өндірістік бөлімшесінің басшысы Ғалым Қамалов облыс әкімінің Құрмет грамотасын иеленсе, бірқатар қызметкерлерге облыс әкімінің Алғыс хаты берілді.

    Әрі қарай жалғасқан жиында сөз облыс әкімінің орынбасары Бақытнұр Бақытұлына берілді.

    – Облыстағы суармалы жерлердің 79 пайызы – егістік. Өңірде 72 су қоймасы, 112 тоған, 13 бөгет пен бөген, 14 гидро-тораптар, 99 магистралдық канал бар. Суару желілерінің ұзындығы 9,4 мың шақырымды құрайды.  Агросубъектілерге суармалы су «Қазсушар» мекемесінің облыстық филиалы мен 9 коммуналдық, 7 жеке  кәсіпорын  арқылы берілуде. «Алматыоблсушар» коммуналдық кәсіпорны тарапынан 56 су қоймасы мен  магистралдық, шаруашылықаралық және ішкі шаруашылық каналдары арқылы облыс аумағындағы ауыл шаруашылығы егістігіне үздіксіз су жеткізіп беру жұмысы атқарылуда. Кәсіпорынның теңгерімінде 54 арнайы техника бар. Биыл орта есеппен  су жеткізіп беру қызметінің бағасы 1 текше метрге 1,5 теңгені құрады, – деді облыс әкімінің орынбасары. Одан әрі сөзін сабақтаған Бақытнұр Бақытұлы жиынға қатысушыларды алдағы уақытта жүзеге асыру жоспарланып отырған жобалар жайын  тілге тиек етті. Одан кейін Қонаев атындағы Үлкен Алматы каналы «Қазсушар» филиалы директорының міндетін атқарушы Ербол Салықбаевтың баяндамасы тыңдалды.

    Баяндамашының айтуынша, Бартоғай су қоймасында Еңбекшіқазақ, Талғар аудандарының суармалы жерлеріне су жеткізу қызметімен айналысатын 5 өндірістік бөлімше бар. Ауыл шаруашылығы тауар өндірушілерімен 39 365 гектарға 2295 келісімшарт жасалған. Биыл арналарды механикалық тазалау жұмыстары 140 шақырым көлемінде жоспарланған. Бүгінге дейін оның  95,046 шақырымы тазаланған.   Осы мақсатқа 9 бірлік жаңа арнайы техника, филиал теңгеріміндегі 5 бірлік арнайы техника тартылған. Ербол Зәуірбекұлы сөзінің соңында облыс әкімінен су тұтынушыларының дебиторлық берешектерін өндіру мәселесі бойынша жергілікті атқарушы органдар тарапынан тиісті шаралар қабылдануына ықпал етуді сұрап, бұл мәселенің шешімі табылса, филиалдың қаржылық тұрақтылығын арттыруға оң әсерін тигізетініне сендірді.

    Келесі кезекте «Балқаш-Алакөл» бассейндік инспекциясының басшысы Серік Мейрамбеков аталған гидрографиялық бассейн Алматы қаласы мен Алматы,  Жетісу және ішінара Жамбыл,  Қарағанды,  Абай облыстарының аумағын қамтитынын, 19 трансшекаралық өзен бар екенін айтты. Сондай-ақ су ресурстарын дұрыс реттеудің арқасында биыл Балқаш көлі  39 см-ге,  Қапшағай су қоймасы 100 пайызға толып, Бартоғай мен Күрті секілді  ірі су қоймаларында вегетациялық кезеңге жеткілікті су жиналғанын атап өтті.  Қазіргі уақытта инспекцияның  заңсыз су пайдалануды анықтау және алдын алу жұмысын  жүргізіп жатқанын,  вегетациялық кезең басталғаннан бері заңсыз су пайдаланғаны үшін 33 субъект әкімшілік жауапкершілікке тартылғанын хабардар етті.  Сонымен бірге Су кодексінің жаңа нормаларына сәйкес су заңнамасын бұзғаны үшін жауапкершілік ұлғайтылып және субъективті су пайдалану фактілеріне жедел жауап беру шаралары күшейтіліп, бассейндік тексерулердің өкілеттігі кеңейтілгенін жеткізді.

    Жиынды Бақытнұр Бақытұлы қорытындылады.

    Айжарық КӨПТІЛЕУОВ

    Ұсынымдар

    ТƏУЕЛСІЗ ЖАСТАР АЛАҢЫ

    ТƏУЕЛСІЗ ЖАСТАР АЛАҢЫ

    9 months ago
    Ардагерлерге құрмет көрсетті

    Ардагерлерге құрмет көрсетті

    2 months ago
    Үздік өнер көрсетті

    Үздік өнер көрсетті

    1 year ago
    Экофестиваль қорытындысы: экологиялық бастамаларға әрбір үшінші қазақстандық қатысты

    Экофестиваль қорытындысы: экологиялық бастамаларға әрбір үшінші қазақстандық қатысты

    3 months ago
    ТІЛ ЖӘНЕ ҚОҒАМ

    ТІЛ ЖӘНЕ ҚОҒАМ

    8 months ago
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    © 2023 www.alatauaraiy.kz

    «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024

      «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

      t>