⛅
16°C
Қонаев
Сейсенбі, Қыркүйек 16, 2025
    "Алатау Арайы" газеті

    Газет 1918 жылдан бастап шығады

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    "Алатау Арайы" газеті
    Home Ауыл шаруашылығы

    Маңызы зор мамандық иелері

    11.07.2025
    in Ауыл шаруашылығы, Барлық жаңалықтар, Кәсіби мереке
    Маңызы зор мамандық иелері
    0
    SHARES
    3
    VIEWS

         Алматы облысы әкімдігінің қолдауымен, облыстық ветеринария басқармасы, ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің Алматы облыстық аумақтық инспекциясы және облыстық ветеринариялық стансаның ұйымдастыруымен Қонаев қаласындағы орта мектеп-гимназиясында Ветеринария қызметкерлерінің күніне арналған салтанатты шара өтті. Мерекелік жиында мал дәрігерлерінің еселі еңбегі айтылып, саладағы тың серпіндер тілге тиек етілді.

    2023 жылдан бері 10 шілде елімізде ресми түрде Ветеринария күні ретінде белгіленіп, тұрақты түрде аталып келеді. Бұл – тек малдың ғана емес, тұтас адамзаттың саулығын сақтауда маңызды рөл атқаратын мамандық иелерінің мәртебесін айқындайтын айтулы күн. Ветеринарлар індеттің алдын алып, азық-түлік қауіпсіздігін қадағалап, ауыл шаруашылығының өркендеуіне үлес қосып келеді. Салтанатты шараның шымылдығын ашқан облыс әкімінің орынбасары Бақытнұр Бақытұлы ветеринар мамандығының жай жұмыс емес, бұл – шын мәніндегі үлкен миссия екенін атап өтіп, сала қызметкерлерінің қажырлы еңбегіне тоқталды. Ол өз сөзінде:

    – Сіздердің күнделікті еңбектеріңіздің арқасында ел азығының қауіпсіздігі қамтамасыз етіліп, адамдар мен жануарлардың денсаулығы қорғалады. Бүгін – ел саулығының қалқаны болып жүрген жандарға құрмет көрсету күні, – деп ақжарма тілегін ақтарды.

    Салтанатты шара барысында ветеринария саласында үздік деп танылған қызметкерлерге облыс басшылығы, ветеринария басқармасының басшысы мен ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің атынан Құрмет грамоталары, Алғыс хаттар берілді. Мерекелік жиынның басты бағалы сыйлығы ретінде облыстың ветеринариялық қызметіне 14 жаңа қызметтік көліктің кілті салтанатты түрде табысталды. Жалпы құны 104 миллион теңгені құрайтын заманауи техника сала жұмысын жеңілдетіп, мамандар қызметін жандандыра түспек. Осы орайда Бақытнұр Бақытұлы:

    – Бұл көліктер шалғай ауылдарға дер кезінде барып, сапалы қызмет көрсетуге мүмкіндік береді. Ветеринарлық бригадалардың жылдамдығы мен тиімділігін арттырады, – деді.

    Салтанатты шара барысында көп жылдық еңбегімен өңірдің ветеринариялық қызметін дамытуға зор үлес қосқан ардагерлерге де ерекше құрмет көрсетілді. Мал шаруашылығы мен ветеринариялық медицинаға арналған заманауи технологиялар мен жабдықтардың көрмесі де көпшіліктің назарына ұсынылып, Сүйінбай атындағы облыстық филармонияның өнерпаздары ән-биден шашу шашты. Ветеринария күні – тек салалық мейрам ғана емес, мемлекет тарапынан ветеринария қызметіне көрсетілетін қолдаудың көрінісі. Жаңа техниканың табысталуы, үздіктердің марапатталуы, ардагерлердің құрметке бөленуі – бұл саланың ел саулығы мен ауыл шаруашылығындағы маңызды рөлін тағы бір мәрте айшықтап берді.

    Құралбек СӘБИТОВ

    Ұсынымдар

    Еңбек түбі – береке

    Еңбек түбі – береке

    2 years ago
    Телефонға тыйым қажет

    Телефонға тыйым қажет

    10 months ago
    Дауыс беруге алғашқылар болып үлкендер келді

    Дауыс беруге алғашқылар болып үлкендер келді

    2 years ago
    Жарыққа жауапты

    Жарыққа жауапты

    3 weeks ago
    Елімізде астық жинау науқаны басталды

    Елімізде астық жинау науқаны басталды

    2 years ago
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    © 2023 www.alatauaraiy.kz

    «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024

      «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

      ↑
      t>