⛅
-3°C
Қонаев
Сенбі, Қаңтар 31, 2026
    "Алатау Арайы" газеті

    Газет 1918 жылдан бастап шығады

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    No Result
    View All Result
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    No Result
    View All Result
    "Алатау Арайы" газеті
    Home Барлық жаңалықтар

    Халық назарында

    19.07.2025
    in Барлық жаңалықтар
    Халық  назарында
    0
    SHARES
    19
    VIEWS

         Ұзынағаш ауылы – Жамбыл ауданындағы ең үлкен елдімекен. Халқының саны жағынан көш бастап тұрған аудан орталығында 60 мыңнан астам адам тұрады. Аталған ауылдық округтің құрамына Ұзынағашпен қоса Ынтымақ және Жаңақұрылыс ауылдары кіреді. Сонда округтегі тұрғындар саны 70 мыңға жуықтайды. Ірі елдімекеннің қат-қабат тыныс-тіршілігіне жауапты бірден-бір мемлекеттік қызметші – ауыл әкімі.

    Ұзынағаш ауылдық округінің әкімі Бақыт Бейсенбеков халықпен жұмыс жүргізуді жүйелі жолға қойған. Ең алдымен аудан орталығының келбеті атына заты сай болуын үнемі назарында ұстайды. Қызмет көрсету орындарының талапқа сай жұмыс істеуін қадағалайды. Осындай мақсатпен жуырда ол Ұзынағаш ауылындағы бірқатар сауда нүктесін аралап, қызметін ретке келтіру бойынша жергілікті кәсіпкерлермен кездесу өткізді. Кездесу барысында сауда орындарының санитарлық талаптарға сәйкестігі, заңды құжаттарының болуы, қауіпсіздік ережелерінің сақталуы және сауда мәдениетін арттыру мәселелері қаралды. Әкім кәсіпкерлерге өз ісін заң аясында жүргізудің маңыздылығын ескертіп, сауда инфрақұрылымын жүйелеу бағытында нақты тап­сырмалар да берді. Ол сонымен қатар жергілікті билік тарапынан кәсіпкерлікпен айналысуға барлық жағдай жасалатынын атап өтіп, сауда саласының өркендеуі үшін бірлесіп жұмыс істеуге шақырды.
    Қазіргі кезде Ұзынағаш ауылында Мәжитов көшесін абаттандыру жұмысы басталып, белсенді түрде жалғасуда. Абаттандыру жобасы аясында көшенің жол жамылғысы жаңартылуда. Бұл жұмыс – ауыл келбетін жақсартып қана қоймай, жергілікті халықтың тұрмыс сапасын арттыруға бағытталған маңызды қадамдардың бірі. Абаттандыру жұмысы сапалы әрі уақытылы орындалуы ауыл әкімдігінің басты назарында тұр.
    Бақыт Рыскелдіұлы жұмыс сапарымен округке қарасты Ынтымақ ауылындағы дәрігерлік амбулаторияда болды. Емдеу мекемесін аралап, материалдық-техникалық базасын көрді. Медицина қызметкерлерімен кездесу кезінде ұсыныс-пікірлерін тыңдады. Сонымен қатар ауыл тұрғындарына алғашқы медициналық-санитарлық көмек көрсету сапасын жақсарту бойынша бірқатар мәселе талқыланды. Бақыт Бейсенбеков медициналық қызметтің халық үшін маңыздылығын атап өтіп, денсаулық сақтау саласын дамыту – округ әкімдігінің басты назарында екенін жеткізді.

    Серік САТЫБАЛДИЕВ

    Жамбыл ауданы

    Ұсынымдар

    Инициатива о Центре изучения водных проблем ШОС: что стоит за предложением Казахстана

    Инициатива о Центре изучения водных проблем ШОС: что стоит за предложением Казахстана

    5 months ago
    Жол қауіпсіздігін бақылай аласыз

    Жол қауіпсіздігін бақылай аласыз

    7 months ago
    «Алтын орда» базарына тексеріс жүргізілді

    «Алтын орда» базарына тексеріс жүргізілді

    3 years ago
    Лимон бағы жайнаған

    Лимон бағы жайнаған

    1 year ago
    Алдын алса, ауру азаяды

    Алдын алса, ауру азаяды

    2 years ago
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    © 2023 www.alatauaraiy.kz

    «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026

      «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

      ↑
      t>