Перейти к содержимому
Басты бет / Әлеумет / Әкім: Алматы облысында жыл сайын 13 мектеп салу керек

Әкім: Алматы облысында жыл сайын 13 мектеп салу керек

13 қаралым

Алматы облысының әкімі Марат Сұлтанғазиев бүгін Қонаев қаласында БАҚ өкілдеріне арналған баспасөз мәслихатында әлеуметтік салаға қатысты деректер келтіріп, облыста қанша мектеп салынуы керек болатынын айтты.

“Әлеуметтік салаға тоқталсақ, облыс халқының үштен бірі немесе 478 мың адам – мектеп жасына дейінгі балалар мен мектеп оқушылары. Бірінші сынып оқушыларының жыл сайынғы өсімі 13 мың баланы құрайды. Бұл дегеніміз — біз жыл сайын кем дегенде 13 мектеп салуымыз керек”, — деді облыс әкімі.

Қазіргі күні облыста үш ауысымда оқытатын мектептер бар. Оларды азайту үшін “Жайлы мектеп” ұлттық жобасына сәйкес 2025 жылға дейін облыста 68 200 орындық 63 мектеп салынады.
Бұған дейін Оқу-ағарту министрлігі “жемқорлардан тәркіленген” қаражатқа облыстарда салынатын мектептердің тізімін жариялаған. Ол бойынша Алматы облысында 10 мектеп салынбақ.