⚠️ Ауа райы табылмады.
Сейсенбі, Сәуір 14, 2026
    "Алатау Арайы" газеті

    Газет 1918 жылдан бастап шығады

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    No Result
    View All Result
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    No Result
    View All Result
    "Алатау Арайы" газеті
    No Result
    View All Result
    Home Барлық жаңалықтар

    Садақ атудың сыры көп

    25.07.2025
    in Барлық жаңалықтар, Спорт
    Садақ атудың сыры көп
    0
    SHARES
    5
    VIEWS

         Садақ атудан таяуда өткен Қазақстан біріншілігінде Алматы облысының құрамасы төрт алтын медаль жеңіп алып, алдыңғы орыннан көрінді. Мұның алдында маусым айында Сингапурде өткен Азия Кубогында Алматы облысының атынан қатысқан Ділмұхамед Мұса топтық сайыста дара шығып, алтын медаль иеленген. Блокты садақ атудан командалық сында ел намысын қорғаған Ділмұхамед Мұса, Андрей Тютюн және Бунед Мирзаметов ширек финалда Филиппин, жартылай финалда Малайзия, финалда әлемдегі үздіктердің бірі Үндістан командасынан басым түсті. Қазақстан садақ атудан бұрын-соңды Азия Кубогында топ жарып көрмегендіктен, мұны тарихи жеңіс деп айтуға болады.

    2023 жылы республикалық садақ ату, арбалет және дартс федерациясының құрамында садақ атудан Алматы облысының командасы құрылған. Құрама базасы Алматыдағы Шаңырақ ықшамауданындағы Олимпиада резервінің республикалық мамандандырылған мектеп-интернат-колледжінде орналасқан. 2023 жылдан бері құраманы жаттықтырып келе жатқан Нұр Ыбыраевтың айтуынша, қазір облыс құрамасында 30-ға тарта спортшы жаттығады. Араларында құралайды көзге атқан мергендігімен көзге түсіп, өңір намысын абыроймен қорғап жүрген атлеттер жетерлік.

    Жаугершілік дәуірлерді бастан өткерген, ат жалын тартып мінгеннен садақ атуды меңгерген көшпенді халықтың ұрпағымыз дегенімізбен, ол заман мен бұ замандағы садақ тартуға баулудың жөні екі басқа.

    – Команданы екі адам жаттықтырамыз. Жалпы, садақ атудан жаттықтырушы табу қиындау. Оның бір себебі – жалақысы аз. Сырттан жаттықтырушы шақырсақ, 100-150 мың теңге деген айлықты естіп бәрі бас тартады. Сондықтан мұнда негізінен садақ атудың фанаттары, садақ спортын жан-тәнімен сүйетін энтузиастар ғана жұмыс істейді деуге болады, – дейді Нұр Нұркенұлы.

    Олимпиада ойындарына енген садақ ату спортында классикалық садақ және блокты садақ қолданылады. Классикалық садақ атуда 70 метрдегі нысана, ал блокты садақта 50 метрдегі нысана көзделеді. Атлеттер осы екі садақ түрінен жекелей, микс (бір ер, бір әйел) немесе командалық (үш ер немесе әйел) сынға түседі.

    Жаттықтырушының сөзінше, садақ атудан жергілікті турнир көп бола бермейді. Атлеттер негізінен республикалық немесе халықаралық жарыстарда бақ сынайды. Азия кубогын ұтқан 21 жастағы Мұса Ділмұхамед жарыстан келе сала бірден Шымкентте өткен ересектер арасындағы Қазақстан біріншілігіне қатысып, ол жерден де алтынға қол жеткізді. Қазір Германияда өтіп жатқан бүкіләлемдік универсиадаға қатысып жатыр. Одан келген соң қыркүйек айында Оңтүстік Кореяда өтетін әлем чемпионатына, сосын Азия біріншілігіне қатысады.

    – Мұнда жаттығатын балалардың бәрі интернатта оқиды. Сырттан ешкім келмейді. Интернатқа 7-сыныптан оқуға қабылданып, садақ атуға машықтанады, жаттығады, қыр-сырына қанығады. Ділмұхамед Мұса да осы мектептің түлегі. Жаттығып жүргеніне 7 жыл болды. Одан басқа мектебімізде оқитын Назеркеш Әлібек, Ақжол Тәңірбергенов тамыз айында өтетін жастар арасындағы әлем чемпионатына Алматы облысының атынан қатысады, – дейді Нұр Нұркенұлы шәкірттері жайлы.

    Садақ ату – кез-келген адам маңайлай бермейтін, айналысса да шығыны көп спорт түріне жатады. Мұны әуелі облысымыздың садақшылары дайындалатын алаңнан байқадық.

    – Облыс көлемінде осы жерден басқа дайындалатын база жоқ. Мұнда анау айтқандай керемет жағдай жасалған деп айта алмаймын. Мәселен, садақ суық қару саналатындықтан, оны кез-келген жерде қолдана алмайсың. Талап бойынша, мына атып жатқан нысаналарымыздың артында биіктігі 6 метрлік ағаш қоршау болуы керек. Көріп тұрғаныңыздай, бізде ондай жоқ, – деген жаттықтырушы садақ ату кезінде түрлі оқыс жағдай болатынын айтты. Садақ тартып жатқанда ол сынып қалса немесе қолдан байқаусызда шығып кетсе жебе нысанадан қиыс, ары өтіп кетуі мүмкін. Мұндайда қоршау жебені тосып қалады екен. Ал қыс кезінде атлеттер жабық ғимаратта жаттығып, негізінен спортшылардың дене, физикалық дайындығын шыңдауға көңіл бөлінеді.

    Жаттығу базасынан бөлек, садақтан бастап жебе, нысана сияқты керек-жарақтардың өзі қыруар қаржыны талап етеді екен.

    – Мәселен, кәсіби мақсаттағы мынадай бір садақтың құны 1,5 млн-нан басталып, 2,5 млн теңгеге дейін тұрады. 12 дана жебесінің құны 300 мың теңге шамасында. Жебенің ұштары мен қанаттарына дейін жиі ауысады. Жаттығу күнде болатындықтан, садақтар 1,5-2 жылда тозады. Ал жебелер 2-3 айда бір ауысады. Мына базаны алған соң облыстық жоғары спорт шеберлігі мектебі мекемесі, облыстық спортты дамыту дирекциясы бізге көмек көрсетіп, біраз садақ, керек-жарақтармен қамтамасыз етті, – деген Нұр Нұркенұлы жас спортшыларға салмақ болмасын деп, жиі ауысатын жебе, нысана сияқты басқа керек-жарақтарды сатып алуға демеушілер іздеп кететінін жасырмады. Одан бөлек, спортшылар дәрумендерді тұрақты ішіп тұруы керек екен. Себебі, садақты бір тарту күші 21 келіні құрайды. Атлет бір күнде орта есеппен садақты 400-500 рет атады, яғни, бірнеше тонна жүк тартқанмен бірдей күш жұмсайды. Ал жұмсалған энергияны толтырып отырмаса, шаршаған атлетте садақ тартуға шама да, ниет те қалмайды.

    – Әйтсе де барға қанағат етіп жаттығып жатырмыз. Мына аумақтың өзін өзім жұмыс істейтіндіктен, балалар оқитындықтан мектеп басшылығынан сұрап, база ретінде ретке келтіріп пайдаланып отырмыз, – деген Нұр Нұркенұлы садақшы шәкірттері алда әлем чемпионаты, олимпиададан олжалы оралып жатса, садақ ату спортына дұрыс көңіл бөлініп қалар деген үмітін жасырмады.

    Айбек Мұқан

    Соңғы жаңалықтар

    Алматы облысында алма бақтар гүлдеді
    14.04.2026
    Іле ауданында тазалық акциясы өтті
    14.04.2026
    Сабақтастық пен тазалық символы: Іле ауданында «Таза өлке – таза жер» акциясы өтті
    14.04.2026
    «Ыстық нүктенің» отына шарпылған…
    14.04.2026
    Тұтынушы құқығы заң аясында қорғалды: Департамент араласқан соң ірі көлемдегі қаражат қайтарылды
    14.04.2026
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    © 2023 www.alatauaraiy.kz

    «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026

      «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

      ↑
      t>