[um_weather city="Қонаев"]
Бейсенбі, Қазан 9, 2025
    "Алатау Арайы" газеті

    Газет 1918 жылдан бастап шығады

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    "Алатау Арайы" газеті
    Home Барлық жаңалықтар

    Халық таңдау жасады

    04.08.2025
    in Барлық жаңалықтар
    Халық таңдау жасады
    0
    SHARES
    5
    VIEWS

            Райымбек ауданында әкім сайлауы өтті. Бұл – аудан әкімін тұрғындар дауыс беру арқылы таңдаған алғашқы саяси науқан. Сайлау барысы заң талаптарына сай ұйымдастырылып, учаскелерде бақылаушылар мен комиссия мүшелері белсенді жұмыс істеді. Аудан әкімі лауазымына Дастан Құдабаев, Ержан Байқоныс және Айбол Нүсіпқожаев үміткер ретінде қатысты. Олардың арасынан алдын ала ұсынылған қорытындыға сәйкес Дастан Құдабаев көп дауысқа ие болып, өзге үміткерлерден басым түсті.

    Тұрғындар маңызды күннің мәнін терең түсініп, белсенділік танытты. Аудан бойынша 22 сайлау учаскесі таңғы сағат 7-ден жұмысын бастады. Дауыс берушілер қатарында облыстың және Райымбек ауданының Құрметті азаматы, ҚР-ның еңбек сіңірген жаттықтырушысы, аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Бекболат Бірбаев та болды. Ардагер Нарынқол ауылындағы №763 сайлау учаскесінде өз таңдауын жасады.
    – Бұл саяси науқан – ауданымыздың болашағы үшін маңызды сәт. Сайлау туралы Заңға енгізілген соңғы өзгерістерге сәйкес Президентіміз Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жарлығы­мен аудан әкімдерін халық дауыс беру арқылы өзі таңдайды. Осы арқылы әкімдер елге жақын бола түседі. Бір айдан бері олар ауыл-ауылды аралап, үгіт-насихат жұмысын жүргізді. Бұл өзгеріс – біз үшін үлкен қуаныш. Аудан тұрғындары ауыл шаруашылығымен айналысатындықтан, жаңа сайланған әкім осы саладағы мәселелердің шешімін табады деп сенеміз, – деді ол.
    Сайлау кезінде екі жыл бұрын Қытай елінен Райымбек ауданындағы Қызылшекара ауылына көшіп келген Әкбар Сәрсенбек те өз дауысын берді.
    – Қазақстан Республикасының азаматтығын алғалы бері алғаш рет сайлауға қатысып жатырмын. Сайлау өз тәртібімен, әділ өтті. Әрбір Қазақстан азаматы өз жауапкершілігін сезініп, азаматтық борышын өтеуі керек. Осы арқылы аудан жұртшылығы өңір болашағының жарқын болуына өз үлесін қоса алады. Жаңа әкім ауылдың гүлденіп-көркеюіне, дамуына септігін тигізеді деген үміттеміз, – деді дауыс беруші.
    Саяси науқаннан жастар да қалыс қалмады. Солардың бірі – бокстан үш дүркін Азия чемпионы, екі дүркін әлем чемпионы, әлем кубогының екі дүркін қола жүлдегері Толғанай Қасымхан. Белгілі спортшыны сайлау учаскесіндегі тұрғындар ыстық ықыласпен қарсы алды. Жерлестері оның жетістігін мақтан тұтып, дауыс беруі жастарға үлгі екенін атап өтті. Спортшы биыл 18 жасқа толып, бірінші рет дауыс бергенін және ауданның жандануына пайдасын тигізетін сайланушыға дауыс бергенін жеткізді. Сондай-ақ Жамбыл ауылындағы №766 сайлау учаскесінде «Жасыл ел» жастар еңбек жасағының мүшелері де азаматтық міндетін орындады.
    – Қазір жастарға көп көңіл бөлінуде. Ауылдың көркеюі, дамуы, болашағы сол үміт артқан жастардың қолында. Мұндай сайлау ауданымызда алғаш рет өтуде. Сондықтан бұл шараға бейжай қарамай, өз дауысымызды беруге келдік, – деді жасақ мүшесі Елжас Серікұлы.
    Сайлау барысында жергілікті жас домбырашылар күй төгілтіп, келушілерге ерекше көңіл-күй сыйлады. Осы арқылы өнерпаздар елдің саяси мәдениетінің тек дауыс берумен шектелмейтінін, рухани құндылықтармен де үйлесім табатынын көрсетті.
    Бұл сайлау тұрғындардың өз таңдауын ашық білдіруіне мүмкіндік берген тарихи оқиғаға айналды. Аудан тұрғындары сайланған әкімнен өңірдің өркендеуіне бағытталған тың жаңалықтар мен өнімді істер күтеді.

    Гүлзат БАЙҚОНЫСОВА

    Райымбек ауданы

    Ұсынымдар

    Өнегесі ел есінде

    Өнегесі ел есінде

    1 year ago
    Кеген мен Райымбек аудандарына газ құбырын тарту құжаттары әзірленіп жатыр

    Алматы облысында биыл газдандыру деңгейі 52,8 пайызға жетеді

    1 year ago
    Турген шатқалында өрт-тактикалық оқу-жаттығуы өтті

    Турген шатқалында өрт-тактикалық оқу-жаттығуы өтті

    6 months ago
    «Батырлар бәсекесі»: күш, рух және дәстүр

    «Батырлар бәсекесі»: күш, рух және дәстүр

    3 weeks ago
    Талғарда медициналық оңалту қызметіне жүгінетін пациенттер саны артты

    Талғарда медициналық оңалту қызметіне жүгінетін пациенттер саны артты

    3 months ago
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    © 2023 www.alatauaraiy.kz

    «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024

      «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

      t>