-13 °c
Qonaev
Tuesday, August 19, 2025
    "Алатау Арайы" газеті

    Газет 1918 жылдан бастап шығады

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    "Алатау Арайы" газеті
    Home Барлық жаңалықтар

    Жүйелі жұмыс – жайлы тұрмыс

    07.08.2025
    in Барлық жаңалықтар
    Жүйелі жұмыс – жайлы тұрмыс
    0
    SHARES
    1
    VIEWS

         Қарасай ауданында әкімдік пен құқық қорғау органдары, мемлекеттік мекемелер мен қоғамдық құрылымдардың бірлесе жүргізген жұмысы нәтижесінде 2025 жылдың өткен уақытында барлық тіркелген қылмыс 35 пайызға, атап айтқанда, 1252-ден 811-ге азайып отыр. Оның ішінде, ауыр және аса ауыр қылмыстар – 34,7 пайызға, мал ұрлығы – 3,7 есеге, бұзақылық – 3, ұрлық – 2,1, тонау – 2,1 есеге, бірінші рет қылмыс жасау – 46,7 пайызға; алаяқтық – 43,6, қоғамдық орындарда жасалынған қылмыс – 37,8, көшеде жасалған қылмыстар – 34,9, зорлау – 11,1, жол-көлік оқиғалары 10,7 пайызға төмендеген.

    Мұндай нәтиже оңайлықпен келмейтіні түсінікті. Осы бағытта аудан бойынша қылмыстың алдын алу жөнінде іс-шаралар жоспары бекітіліп, ведомствоаралық және сауда, ойын-сауық орындарына кешкі және түнгі уақыттарда рейдтер жүргізу қолға алынған болатын. Аталған іс-шара барысында Қарасай аудандық прокуратурасы, полиция басқармасы, қала-ауылдық округ әкімдік қызметкерлері мектептер мен колледж басшыларымен бірлесе жұмыс атқарған.Бұл жерде мектептер мен колледждерде ата-аналармен, мектеп оқушыларымен, колледж студенттерімен профилактикалық бағытта жиналыстар мен кездесулер жүргізу де өз нәтижесін бергені анық. Сондай-ақ, білім бөлімі тарапынан ауданның барлық оқу орындарының әлеуметтік желідегі «Инстаграм» парақшаларына қылмыстың және құқықбұзушылықтың алдын алу жөнінде бейнехабарландыру жіберілді. 8-11 сыныптарда оқитын 18666 оқушыдан сауалнама алынып, нәтижесінде 43 оқушымен тиісті жұмыстар жүргізілген.
    Колледждердегі 149 белсенді жастың есімдері анықталып, қазан-желтоқсан айларында студенттермен, олардың ата-аналарымен кездесулер өткізілген. Колледж директорларының мәліметі бойынша студенттер арасында құқықбұзушылық әрекеттерін жасауға бейім жастар мен арнайы топтар анықталмағаны қуантады.
    Мектептердегі теріс әрекеттерімен көзге түскен 15 оқушы мен дәстүрлі емес діни ағымдарға еліктеп жүрген жастар анықталып, аудан әкімдігі жанындағы кәмелетке толмағандар істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссия отырыстарында қаралған. Сондай-ақ, қала-ауылдық округтер бойынша жастар тәрбиесіне теріс әсер ететін 81 маргиналды, 59 белсенді, 23 бұзақы жастың тізімі жасалған. Жастар арасында сауалнама жүргізіліп, нәтижесінде бірқатар жасқа психологиялық көмек көрсетілді. Жастар ресурстық орталығы және қала-ауылдық округтердің жастар ісі жөніндегі әдіскерлерінің ұйымдастыруымен «Құқық әлемінде», «Құқықтық тәрбие – құқықбұзушылықтың алдын алу» тақырыбында профилактикалық жұмыстар да өз нәтижесін беріп отыр.
    Тәуекел тобындағы қылмыс жасауға бейім, қаңғыбастықпен айналысатын, оқудан жалтаратын кәмелетке толмаған жастарды анықтау, оларды ішкі істер органдары мен мектепішілік есепке қою жөніндегі жұмыстар жалғасып келеді. Осы іс-шара барысында 11 қаңғыбастықпен айналысатын, 3 оқудан жалтарып жүрген бала анықталды.
    Алкоголь өнімдерін сату жөніндегі заңнаманы түсіндіру үшін би залдары, компьютерлік клубтар, дүкендердің иелерімен және қызметкерлерімен кездесулер ұйымдастырылып, түрлі форматтағы әңгімелер жүргізіліп келеді. Осы орайда кәсіпкерлік нысандардың қожайындарымен жасалған кездесулер де өз нәтижесін көрсетуде. Кәмелетке толмағандарға түнгі уақытта алкоголь өнімдерін сатуды болдырмау мақсатында сауда орындарына, дүкендерге рейдтер жүргізу жалғасын табуда. Кешкі және түнгі уақытта ата-анасының қарауынсыз жүрген кәмелетке толмағандарды анықтау үшін жастар көп жиналатын орындарға жүйелі түрде қатынау өз нәтижесін беруде.
    Құқықбұзушылықтың алдын алу жөніндегі әлеуметтік бейне­материалдарды адамдар көп шоғыр­ланатын нысандардың сыртқы және ішкі жарнамаларына орналастыру пәрменді шаралардың қатарына жатады. Бұл мақсатта билбордтар мен ЛЕД-экрандар тиімді пайдаланылуда.
    Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының және православ шіркеуінің бөлімшелерімен дәстүрлі діндер тұрғысынан тұрмыстық зорлық-зомбылыққа жол бермеу және отбасылық құндылықтарды сақтаудың маңыздылығы тақыры­бында талқылаулар өткізу жұмыстары жүргізіліп келеді. Атап айтар болсақ, өткен жылы христиандық бағыттағы 21 шіркеуде осындай кездесулер болып өтті. Сонымен қатар дәстүрлі емес діни ағымдарды ұстанушылардың отбасы мүшелерімен тұрақты негізде діни себептер бойынша зорлық-зомбылықтың барлық түріне жол бермеу жөнінде түсіндіру жұмыстары жүргізілуде. Айта кетерлігі, аудан бойынша 514 деструктивті діни ағым өкілі тіркелген. Олардың қатарында жастардың да бар екені өкіндіреді. Осыған байланысты зерттеу орталығының теолог мамандары тарапынан 55 мектепте түсіндіру жұмыстары жүргізіліп, оған 5 мың оқушы қатысқанын айта кету керек.
    Ауданда қайталама қылмысқа бейім, пробация есебінде тұрған адамдар бойынша жүргізілетін шаралар да жүйелі түрде атқарылып келеді. Оларды қоғамға қайта бейімдеу мақсатында әр азаматпен жеке жұмыс жүргізіп, оларды еңбекке орналастыру да жалғасын табуда. Тұрақты тіркеуде жоқ адамдарды анықтап, олардың арасында құқықбұзушылық болдырмау үшін мақсатты шаралар жасалуда. Осындай жүйелі жұмыстардың нәтижесінде ауданда құқықбұзушылық жағдайлары азайып, халықтың жайлы және қауіпсіз тұрмысы қалыптасып келеді.

    Қуат Қайранбаев

    Қарасай ауданы

    Ұсынымдар

    Өтеген батыр кентінің әкіміне арзу-хат

    Өтеген батыр кентінің әкіміне арзу-хат

    2 years ago
    Елді дамытуға энергия қажет

    Елді дамытуға энергия қажет

    11 months ago
    Жаңа нысандар бой көтеруде

    Жаңа нысандар бой көтеруде

    7 months ago
    Елдің азаттығы айқындалған күн

    Жарасымды қоғам жасампаз ел құрады

    8 months ago
    Тиімділігі зор жоба

    Тиімділігі зор жоба

    7 months ago
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    © 2023 www.alatauaraiy.kz

    «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024

      «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

      t>