[um_weather city="Қонаев"]
Сәрсенбі, Қазан 15, 2025
    "Алатау Арайы" газеті

    Газет 1918 жылдан бастап шығады

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    "Алатау Арайы" газеті
    Home Барлық жаңалықтар

    Маман жұмысын халық бағалайды

    12.08.2025
    in Барлық жаңалықтар, Мемлекеттік қызмет
    Маман жұмысын халық бағалайды
    0
    SHARES
    0
    VIEWS

     Мемлекеттік қызмет көрсету дегеніміз – көрсетілетін қызметті алушылардың өтініші бойынша жеке тәртіппен жүзеге асырылатын және олардың құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін іске асыруға, оларға тиісті материалдық немесе материалдық емес игіліктер беруге бағытталған жекелеген мемлекеттік функцияларды іске асыру нысандарының бірі.

    Мемлекеттік қызмет көрсету кезінде Қаратұрық ауылдық округі әкімінің аппараты, ең алдымен «Мемлекеттік қызметтер туралы» Қазақстан Республикасы Заңын және мемлекеттік қызметтер көрсету саласындағы басқа да нормативтік-құқықтық актілерді басшылыққа алады. Мемлекеттік қызметтер округ тұрғындарына сапалы, уақытылы және ең жоғары деңгейде көрсетілетінін ерекше атап өткіміз келеді. Ең бастысы, мұнда мемлекеттік қызмет көрсету саласында жұмыс істейтін мамандар біліктілігін мезгіл-мезгіл арттырып отырады. Яғни олардың кәсіби саласындағы барлық өзекті өзгерістерге ілесу үшін біліктіліктерін арттырып отыру қажет.
    «Қаратұрық ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі 6 нысан бойынша мемлекеттік қызмет көрсетеді. Олар – «Жер учаскесін алу үшін кезекке қою», «Жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгертуге шешім беру», «Сауда-саттықты (конкурстарды, аукциондарды) өткізуді талап етпейтін мемлекет меншігіндегі жер учаскелеріне құқықтарды алу», «Жер учаскесін жекеменшікке ақысын бірден төлеп, не бөліп төлеу арқылы сату», «Жер учаскесінің жалдау мерзімін ұзарту» және «Кент, ауыл жерлерінен жер учаскесін беру». Бұлардың ішінде, «Сауда-саттықты (конкурстарды, аукциондарды) өткізуді талап етпейтін мемлекет меншігіндегі жер учаскелеріне құқықтарды алу» мемлекеттік қызмет түрі көп көрсетіледі.
    Аталған қызмет түріне жеке тоқталсақ, мемлекеттік қызмет көрсету тәсілдері www.egov.kz электрондық үкімет веб-порталы арқылы жүзеге асады. Бірінші кезеңде сұратылып отырған жер учаскесін мәлімделген нысаналы мақсаты бойынша пайдалану мүмкіндігін анықтау, жер учаскесін таңдау актісін дайындау (жер учаскесін объектілер салу үшін сұратылған кезде), жер комиссиясының қорытындысын беру 12 (он екі) жұмыс күні ішінде дайын болады. Ал екінші кезеңде сатып алу-сату не уақытша (қысқамерзімді, ұзақмерзімді) өтеулі (өтеусіз) жер пайдалану шартын қоса бере отырып, жер учаскесіне құқық беру туралы шешім шығару бекітілген жерге орналастыру жобасы келіп түскен күннен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде орындалады. Мемлекеттік қызмет көрсету электронды түрде атқарылады. Мемлекет қызмет аясында жер учаскесіне құқық беру туралы қызмет берушінің шешімі шығады немесе мемлекеттік қызмет көрсетуден уәжді түрде бас тарту жағдайы да кездеседі. Яғни, қызмет алушының ұсынған құжаттарының және олардағы деректердің дұрыс еместігі анықталса, қызмет алушының немесе мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті ұсынылған материалдардың деректері белгіленген заң, нормативтік құжат талаптарына сәйкес келмей жатса, жауапты маман­дар Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тартып, тұтынушымен жұмысты тоқтатады.
    «Мемлекеттік қызмет көрсету кезінде қызмет алушыдан төлем талап етіле ме?» – деген сауалға келсек, Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдай­ларда оны алу тәсілдері тегін екенін естеріңізге саламыз. Қажетті құжаттар тізбесі туралы айтсақ, бірінші кезеңде көрсетілетін қызметті алушының электрондық цифрлық қолтаңбасымен куәландырылған электрондық құжат нысанындағы жер учаскесіне құқық алуға арналған өтініші, сұралып отырған жер учаскесінің схемасы (жоспары) керек болады. Екінші кезеңде бекітілген жерге орналастыру жобасы сұралады.
    Біз мемлекеттік қызметтерді алу процесін жақсарту бойынша ауылдық округ тұрғындарының ұсыныстарын анықтау мақсатында сауалнама жүргіземіз. «Қаратұрық ауылдық округі әкімінің аппараты» тұрақты түрде электрондық қызметтерді танымал ету бойынша барлық тиісті жұмыстарды жүргізеді. Сонымен қатар, біз округ тұрғындарын хабардар етіп қана қоймай, көрсетілетін қызметті алушылар тарапынан біздің мамандардың жұмысын бағалауға үнемі мониторинг жасаймыз. Ауылдық округ әкімінің ғимаратында мемлекеттік қызметтерді электронды түрде алу мүмкіндігі туралы тұтынушыларды хабардар ету үшін «Электрондық үкімет» порталына кіретін «Өзіне-өзі қызмет көрсету» бұрышы орналасқан. «Өзіне-өзі қызмет көрсету» бұрышы ғимараттың бірінші қабатында мемлекеттік қызметтерді алу кабинетінде ашылған. Ол жер теледидар, диспенсер, компьютермен, принтермен, картридждер, камерамен, келушілер отыратын жұмсақ орындықтармен жабдықталған. Бұрыш кеңсе жабдықтарымен қамтылған, тиісті белгілер бар. «Электрондық үкімет» веб-порталы арқылы қызметтерді электрондық түрде алу туралы бейнематериалдар көрсетілуде.
    Ауылдық округ әкімі аппараты­ның ғимаратында мемлекеттік қызметтерді көрсетуге арналған қағидалар, стендтер ілінген. Көр­се­тілетін мемлекеттік қызмет­тер­дің қағидаларына өзгерістер енгізіліп отырады. Мүгедектігі бар азаматтарға мемлекеттік қызмет алу барысында барынша жағдай жасалған және қызмет алушыларға көрсетілетін мемлекеттік қызметтер туралы ақпарат қағидаларға сәйкес толық нысанда ұсынылуда. Округ әкімі аппараты ғимаратында тұрғындардың ұсыныс, сын-ескертпелерін жинақтауға арналған жәшік, мүгедектігі бар азаматтарға көрсетілетін мемлекеттік қызметті алуға ыңғайлы болу үшін кіреберісте пандус, шақыру түймесі, төтенше жағдай кезіндегі эвакуациялау тақтасы брайль шрифтімен кезексіз қызмет көрсетілетіндігі туралы ескертпе белгі орналастырылған. Қазіргі уақытта ауылдық округтерге қарасты орта мектептер мен балабақшада «Өзіне-өзі қызмет көрсету» бұрышы жұмыс істейді. «Өзіне-өзі қызмет көрсету» бұрышы арқылы тұрғындар электрондық қызметтерді өз бетінше ала алады. Əр мекемеде арнайы мамандар бекітілген.
    Қызмет берушінің жұмыс кестесі Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерін қоспағанда, белгіленген жұмыс кестесіне сәйкес дүйсенбіден жұмаға дейін сағат 8-00-ден 17-30-ға дейін, түскі үзіліс сағат 12-30-дан 14-00-ға дейін жалғасады. Мемлекеттік қызметтер туралы сұрақтарыңыз болса, Еңбекшіқазақ ауданы Ащысай ауылы Жібек жолы көшесі, 56 «А» мекенжайы бойынша орналасқан «Қаратұрық ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесіне келіп немесе +7/72776/7-33-49 телефоны арқылы толық мәлімет алуларыңызға болады.

    Айбек ІЛЕБАЕВ,
    Қаратұрық ауылдық округінің әкімі
    Еңбекшіқазақ ауданы

    Ұсынымдар

    Тоғызқұмалақтан турнир өтті

    Тоғызқұмалақтан турнир өтті

    1 year ago
    ТАЛҒАР ҚАЛАЛЫҚ №7 ОРТА МЕКТЕП ҰЖЫМЫНА АЭС БОЙЫНША ТҮСІНДІРМЕ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗІЛДІ

    ТАЛҒАР ҚАЛАЛЫҚ №7 ОРТА МЕКТЕП ҰЖЫМЫНА АЭС БОЙЫНША ТҮСІНДІРМЕ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗІЛДІ

    1 year ago
    Қонаевта тігінші, дизайнерлердің “Ұлттық киім – ұлт айнасы” жарысы өтті

    Қонаевта тігінші, дизайнерлердің “Ұлттық киім – ұлт айнасы” жарысы өтті

    2 years ago
    «Қызылтас – тасбақа» экологиялық акциясы өтті

    «Қызылтас – тасбақа» экологиялық акциясы өтті

    1 year ago
    Жаңа жол – жақсылық бастауы

    Жаңа жол – жақсылық бастауы

    1 year ago
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    © 2023 www.alatauaraiy.kz

    «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024

      «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

      t>