-13 °c
Qonaev
Saturday, June 7, 2025
    "Алатау Арайы" газеті

    Газет 1918 жылдан бастап шығады

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    "Алатау Арайы" газеті
    Home Барлық жаңалықтар

    Алматы облысында имамдар боз кілемде белдесті

    16.06.2023
    in Барлық жаңалықтар, Өңір тынысы, Руханият, Спорт
    Алматы облысында имамдар боз кілемде белдесті
    0
    SHARES
    1
    VIEWS

    Қонаев қаласында қазақ күресінен «Имам барысы» турнирі өтті. Облыста тұңғыш рет жалауы желбіреген додаға 80 келіге дейінгі және 80 келіден жоғары салмақ дәрежесi бойынша Іле, Қарасай, Талғар, Жамбыл, Еңбекшіқазақ, Ұйғыр аудандарынан келген мешіт имамдары қатысты.

    Облыстық орталық мешіттің ұйытқы болуымен, жомарт жандардың демеушілігімен ұйымдастырылған турнирдің мақсаты – дін қызметкерлері арасында салауатты өмір салтын насихаттау, ұлттық спортты дамыту. Жарыста дін қызметкерлерінің кәсіби спортшылардай түрлі әдіс-тәсіл қолдана отырып, оңтайлы сәтті ұтымды пайдаланған тұстары, жеңіске деген жігерлері жанкүйерлердің делебесiн қоздырды.

    Тартысқа толы болған жарыс қорытындысында 80 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде Еңбекшіқазақ ауданы Ават ауылдық мешітінің бас имамы Дамир Оңғарбек 1-орынды жеңіп алды. 2-орынды Талғар ауданы Жаңалық ауылдық 1 мешітінің имамы Руслан Исабаев иеленді. 3-орынды Талғар ауданы Нұра ауылдық мешітінің наиб имамы Алмат Қабылхан еншіледі. 80 келіден жоғары салмақ дәрежесi бойынша Қарасай ауданы Жаңашамалған ауылындағы «Бірлік» мешітінің найб имамы Асанхожа Сабуров жеңімпаз атанды. 2-орынды Қаскелең қаласындағы «Іршат» мешітінің бас имамы Абдулмажит Абдулқадырұлы олжаласа, Жамбыл ауданы Ұзынағаш ауылдық мешіті имамы Бейсенбі Аврай 3-орынға ие болды.

    Облыстың бас имамы Мадияр Пірімқұлов жарыстың жоғары деңгейде өтуіне белсене атсалысқан бірқатар азаматтарды Алғыс хатпен марапаттап, жеңімпаздарға Умраға жолдама, 2-орынға 200 мың, 3-орынға 100 мың теңге ақшалай сыйлық табыстады.

    Айжарық КӨПТІЛЕУОВ,
    Қонаев қаласы

    Ұсынымдар

    «Аlatau Hub» ашылды

    «Аlatau Hub» ашылды

    1 year ago
    Биыл Алматы облысында Наурыз қалай атап өтіледі?

    Биыл Алматы облысында Наурыз қалай атап өтіледі?

    3 months ago
    Жеңісті жақындатқан

    Жеңісті жақындатқан

    3 weeks ago
    Ақын Еркін Ібітановтың бюсті бой көтерді

    Ақын Еркін Ібітановтың бюсті бой көтерді

    2 years ago
    Ғасыр феномені

    Ғасыр феномені

    1 year ago
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    © 2023 www.alatauaraiy.kz

    «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024

      «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

      t>