[um_weather city="Қонаев"]
Дүйсенбі, Қазан 6, 2025
    "Алатау Арайы" газеті

    Газет 1918 жылдан бастап шығады

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    "Алатау Арайы" газеті
    Home Барлық жаңалықтар

    Құрылысшылар құрметке лайық

    11.08.2025
    in Барлық жаңалықтар, Кәсіби мереке
    Құрылысшылар құрметке лайық
    0
    SHARES
    6
    VIEWS

         Сәулеті келіскен зәулім ғимараттар тұрғызып, ел дамуына үлес қосып жүрген маман иелері әрдайым құрметке лайық. Жылдағы дәстүр бойынша тамыз айының екінші жексенбісінде тойланатын Құрылысшылар күніне орай аймақтың дамуына айрықша үлес қосқан сала мамандарын облыс әкімі Марат Сұлтанғазиев құттықтап, алғыс білдірді.

    Облыс әкімі құрылыс саласының маңызын тілге тиек етіп, мұндағы әр жетістік, әр бой көтерген нысан қарапайым жұмысшылардың кәсіби шеберлігі мен жауапкершілігінің жемісі деді. Осылайша әр маман табанды еңбегінің арқасында өңіріміздің көркеюіне атсалысып келе жатқанына тоқталды.
    – Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2025 жылды «Жұмысшы мамандықтары жылы» деп жариялауы – еңбек адамына деген жоғары құрметтің, құрылысшы кәсібіне деген терең сенімнің айқын көрінісі. Бұл шешім – техникалық және кәсіптік білім беру жүйесін жетілдірумен қатар, жұмысшы мамандықтарының мәртебесін көтеруге бағытталған страте­гиялық қадам. Құрылыс индустриясы – кез келген елдің эконо­­микалық әлеуеті мен әлеуметтік тұрақ­тылығының тірегі.
    Алматы облысында құрылыс саласы қарқынды дамуда. Мемлекет­тік бағдарламалар жүйелі жүзеге асырылып, өңірімізде әлеуметтік маңызды нысандар пайдалануға берілуде. Заманауи инфрақұрылым қалыптасып, халықтың өмір сүру сапасы жақсара түсті. Соңғы үш жылда құрылыс жұмыстарының жалпы көлемі 28,2 пайызға артты. Тұрғын үй құрылысында оң серпін байқалуда. Жартыжылдықтың қоры­тындысы бойынша, 622 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға беріліп, жылдық жоспар 105 пайызға орындалды. Бұл – халықтың баспанаға деген сұранысының өсуі мен өңірдегі іскерлік белсенділіктің артқанын білдіретін маңызды көрсеткіш. Өңіріміздің өркендеуі жолында адал еңбек етіп, ел игілігі үшін маңызды нысандар тұрғызып келесіздер.
    Сіздердің кәсіби шеберліктеріңіз бен ел дамуына қосқан зор үлестеріңіз үшін алғыс білдіремін,– деді Марат Елеусізұлы.
    Іс-шара аясында облыс басшысы құрылыс саласын дамытуға қосқан үлесі үшін сала ардагерлері мен қызметкерлерді марапаттады. Нақтырақ айтсақ, «AK Construction company» ЖШС сылақшылар бригадасының бригадирі Күлпаш Дәуренбековаға «Құрмет» ордені, «Мемсараптама» РМК Жетісу және Алматы облысы филиалының директоры Светлана Жармұханбетова мен «АДС Сапа» ЖШС оңтүстік аймақ бойынша басшысы Қазбек Жылқыбаев және магистральдық желілердің Алматы филиалы Шелек электрмен жабдықтау бөлімінің бас инженері Сергей Сункиюге «Ерен еңбегі үшін» медальдары табысталды. Ал «Алия-Сервис» ЖШС-ның жоба жетекшісі Сәрсенғали Төлеуовке ҚР Премьер-Министрі Олжас Бектеновтің Алғас хаты, бірқатар құрылысшыға облыс әкімінің Құрмет грамоталары мен Алғыс хаттары берілді.
    Марапат иелері еңбектерінің еленгеніне ризашылық білдіріп жатты. «Құрылыс саласында қызмет атқарып жүргеніме сан жылдың жүзі болды. Қазір түрлі әлеуметтік нысанның құрылысын жүргізіп жатырмыз. Еңбегіміздің бағаланып жатқанына ризамын. Бұл біздің қызметке деген ынтамызды еселей түседі», – деді алғыс арқалаған құрылысшылардың бірі Күлпаш Дәуренбекова.
    Құрылысшылар күні – тек кәсіби мереке емес, бұл ел дамуына, болашақтың іргетасын қалауға арналған адал еңбектің құрметіне арналған күн. Облыстағы сала мамандары да бұл үдеден шығып, бүгінде өңірдің өсіп-өркендеуіне лайықты үлес қосып отыр.
    Шара соңы Сүйінбай атындағы облыстық филармонияның өнерпаздары дайындаған мерекелік концертке ұласты.

    Ерзат АСЫЛ

    Қонаев қаласы

    Ұсынымдар

    Су тасқынынан зардап шеккен өңірлерге көмек жинау басталды

    Су тасқынынан зардап шеккен өңірлерге көмек жинау басталды

    2 years ago
    Вице-министр: Қазақстанда саяхаттайтын туристер саны артып келеді

    Вице-министр: Қазақстанда саяхаттайтын туристер саны артып келеді

    2 years ago
    Жол қауіпсіздігі  талапқа сай ма?

    Жол қауіпсіздігі талапқа сай ма?

    9 months ago
    Мультфильм – тәрбие құралы

    Мультфильм – тәрбие құралы

    8 months ago
    ЭТНОМЕДИАЦИЯ  –  КЕЛІСІМ КЕПІЛІ

    ЭТНОМЕДИАЦИЯ – КЕЛІСІМ КЕПІЛІ

    3 weeks ago
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    © 2023 www.alatauaraiy.kz

    «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024

      «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

      t>