-13 °c
Qonaev
Monday, August 18, 2025
    "Алатау Арайы" газеті

    Газет 1918 жылдан бастап шығады

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    "Алатау Арайы" газеті
    Home Барлық жаңалықтар

    Ата Заң аясында

    16.08.2025
    in Барлық жаңалықтар
    Ата Заң аясында
    0
    SHARES
    1
    VIEWS

         Ата Заң аясында құжат рәсімдеуде, мүлікке құқық бекітуде, азаматтар арасында мәміле жасауда нотариус қызметінің атқаратын міндеті зор. Кеген ауданында да осы саланың білікті мамандары аз емес. Өзінің кәсіби шеберлігінің арқасында халық сеніміне ие болған нотариустың бірі ретінде Жалғасбек Әділбековті айтуға болады. Ол ауыл тұрғындарының құқықтық мәдениетін арттыруға өз үлесін қосып келеді.

    Жалғасбек Жеңісұлы 1981 жылы Нарынқолда дүниеге келген. 2001 жылы Алматыдағы Технология және бизнес университетінің «Кеден ісі» мамандығын тәмамдайды. Сол жылы Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметінің №2017 әскери бөлімінде Отан алдындағы борышын өтеуге шақырылады. Әскерден аға сержант шенімен оралған соң, еңбек жолын 2003 жылы «Айым Фарма» ЖШС-да бастайды. Әртүрлі салада қызмет етіп, 2014 жылдың тамыз айында «Райымбек ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінде төтенше жағдайлар жөніндегі бас маманы, 2018 жылдың тамыз айынан 2019 жылдың маусым айына дейін Нарынқол ауылдық округінің әкімі болды. Қазіргі таңда жеке нотариус ретінде халыққа қызмет көрсетуде. Облыстық нотариалдық палатасының басқарма мүшесі.
    Жалғасбек Жеңісұлының сөзінше, бұл қызмет зор жауапкершілікті талап етеді. Адамдардың тағдыры кейде бір қолтаңбаға байланысты болуы мүмкін. Сондықтан әр істі жан-тәніңмен саралап, заң шеңберінде шешуге тырысу – нотариустың басты қағидасы.
    – Конституциямыздың қабылданғанына биыл 30 жыл толады. Заң алдында бәрі тең. Ата Заң аясында көпшілікке заңдық тұрғыдан кеңес беріп, заң қағидаттарын түсіндіреміз. Нотариус тек құжаттарға қол қоятын маман емес. Шын мәнінде, ол – заң мен азаматтың арасын жалғап тұратын құқықтық кеңесші, кей жағдайда делдал, тіпті даулы жағдайлардың алдын алушы. Нотариус бір тараптың мүддесін қорғамауы керек. Ол – бейтарап тұлға. Қандай мәміле болмасын, екі тарапқа да заң аясында тең қарайды. Біз құпияны сақтауға міндеттіміз. Яғни, азаматтардан түскен ақпарат ешқайда жария етілмейді. Соңғы жылдары цифрландыру үдерісі нотариат саласына да ене бастады. Қазір еліміздің көптеген аймағында электронды нотариат жүйесі жолға қойылып келеді. Бұл – уақытты үнемдеудің, қағазбастылықтан арылудың және заңдық рәсімдердің ашықтығын арттырудың тиімді тәсілі, – дейді Жалғасбек Әділбеков.
    Ол үнемі ізденіс пен жаңашылдықтың арқасында кәсіби біліктілігін шыңдап келеді. Күн сайын ондаған азаматтың құқықтық мәселесін шешіп, олардың құжаттық рәсімдеу жұмыстарын заң аясында жүргізуге атсалысуда. Ал тұрғындар оның ұқыптылығы мен жұмысына деген жауапкершілігін жоғары бағалайды.
    Бүгінге дейін мінсіз қызметі үшін бірнеше Мақтау грамотасы мен Алғыс хат иеленген. Десек те, Жалғасбек Жеңісұлы үшін басты марапат – халықтың сенімі.

    Дәурен ӘБУТӘЛІПОВ

    Кеген ауданы

    Ұсынымдар

    Ауылшаруашылығы құрылымдарына дизель жеткізетін операторларды айқындауға өтініш беру басталады

    Ауылшаруашылығы құрылымдарына дизель жеткізетін операторларды айқындауға өтініш беру басталады

    2 years ago
    Міндетті әлеуметтік сақтандырудың артықшылықтары

    Міндетті әлеуметтік сақтандырудың артықшылықтары

    1 year ago
    Қазақстанда коммуналдық қызметтер тарифі біртіндеп қымбаттайды

    Қазақстанда коммуналдық қызметтер тарифі біртіндеп қымбаттайды

    2 years ago
    Қарағаштан ыдыс жасайтын хас шебер

    Қарағаштан ыдыс жасайтын хас шебер

    1 month ago
    Экологиялық акция жалғасын тапты

    Экологиялық акция жалғасын тапты

    1 year ago
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    © 2023 www.alatauaraiy.kz

    «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024

      «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

      t>