Әскери қызмет барысында заңдылықты сақтау мен әскери тәртіпті нығайту – Қарулы Күштер мен құқық қорғау органдары қызметінің басты басымдықтарының бірі. Осы бағыттағы жұмыстарды жетілдіру мақсатында 3660 әскери бөлімінде Әскери тергеу басқармасының өкілі майор Әбдіманапов Нұрлан Қайратұлы жоспарлы тексеру жүргізді.
Тексеру барысында әскери бөлімдегі қызметтік құжаттаманың жүргізілуі, әскери қызметшілердің құқықтарының сақталуы, әскери тәртіптің жай-күйі, құқық бұзушылықтың алдын алу шаралары және қызметті ұйымдастыру деңгейі жан-жақты зерделенді.
Сонымен қатар, жеке құраммен кездесу өткізіліп, әскери қызмет өткеру кезінде заң талаптарын сақтау, сыбайлас жемқорлықтың алдын алу, әскери тәртіпті нығайту және әскери қызметшілердің құқықтық сауаттылығын арттыру мәселелері бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізілді.
Тексеру қорытындысы бойынша әскери бөлімнің қызметін одан әрі жетілдіруге, заңдылық пен құқықтық тәртіпті нығайтуға бағытталған нақты ұсынымдар берілді. Командование тарапынан берілген тапсырмаларды уақытылы әрі сапалы орындау бойынша тиісті шаралар қабылданатыны атап өтілді.
Мұндай тексерулер әскери бөлімдерде заң үстемдігін қамтамасыз етуге, әскери тәртіпті күшейтуге және әскери қызметтің тиімділігін арттыруға ықпал етеді.
Тоғжан ЖОЛДЫҒАЛИ


