⛅
22°C
Қонаев
Жексенбі, Қыркүйек 14, 2025
    "Алатау Арайы" газеті

    Газет 1918 жылдан бастап шығады

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    "Алатау Арайы" газеті
    Home Барлық жаңалықтар

    Білім саласы басты назарда

    08.09.2025
    in Барлық жаңалықтар, Білім-ғылым, Жолдау, Лебіз
    Білім саласы басты назарда
    0
    SHARES
    6
    VIEWS

           Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына кезекті Жолдауы ел дамуының стратегиялық бағдары мен нақты қадамдарын айқындаған маңызды саяси шара болды дер едім. Онда инфрақұрылым, әуе тасымалы, логистика, ғылым, білім, инновация саласының дамуы, жасанды интеллект жайында бірнеше басымдықтарға тоқталды.  

    Әсіресе Жолдауда  мені қуантқаны – білім саласын дамыту жолындағы басымдықтар. Алдағы үш жыл ішінде еліміз жаппай  цифрлық елге айналуы қажет. Осы   жолда цифрлық платформалар мен жасанды интеллекттің   жоғары технологиялық мүмкіндіктерін пайдаланып, мұғалімдердің құзіреттілігін арттыру, мектеп оқушыларына  жасанды интеллект негіздері туралы бағдарлама мен оқу бағдарламасын  қолға алу өте орынды қадам. Бұл – мұғалімнің де заман талабына сай  функционалды сауатты болуын, оқушымен бір толқында жұмыс жасау қабілетін арттырады.

    Сонымен қатар мектеп пен жоғары оқу орындары арасында тығыз байланыс орнату арқылы болашақта техникалық  мамандықтарды көбейту,  шетелдік кәсіби мамандарды тарту, оларға жағдай жасау- елімізде  сапасы жоғары адами ресурстардың артуына үлкен жол ашады деп ойлаймын.  Сол себепті де 2025 жылды «Жұмысшы мамандықтар жылы» деп жариялауы –қоғам сұранысы.

    Туған жер, туған өлкенің тазалығы мәселесі де Жолдаудан тыс қалмады. Бұл жайында Президент  қоршаған ортаға жанашыр болу, оған үлкен қамқорлықпен қарау, балаға экологиялық білім беруді мектеп қабырғасынан бастау керектігін баса айтты.  Мектепте, отбасында алған тәрбиесі, әрбір отырғызған ағашы,  баланы  табиғат алдындағы жауапкершілігін сезінуге, туған жеріне деген сүйіспеншілігін қалыптастыруға негіз болмақ.

    Жалпы алғанда, Жолдау қоғамда оң өзгерістердің орын алуына, білім саласының дамуына жаңа леп беретін құжат деп ойлаймын. Әрқайсымыз осы  міндеттердің орындалуына  атсалысуымыз керек.

    Айнұр ЕСБАЕВА,

    Жамбыл ауданы Мыңбаев ауылындағы орта мектебінің директоры, тарих пәні мұғалімі, педагог-зерттеуші

    Ұсынымдар

    Асқар тау аласармайды

    Асқар тау аласармайды

    10 months ago
    Тиімді жоба

    Тиімді жоба

    1 year ago
    Жұмабай Шаштайұлы

    Жұмабай Шаштайұлы

    2 years ago
    Жүрекке жылу сыйлайық

    Жүрекке жылу сыйлайық

    8 months ago
    Мемлекет тірегі

    Мемлекет тірегі

    1 month ago
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    © 2023 www.alatauaraiy.kz

    «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024

      «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

      ↑
      t>