⛅
2°C
Қонаев
Сенбі, Желтоқсан 6, 2025
    "Алатау Арайы" газеті

    Газет 1918 жылдан бастап шығады

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    No Result
    View All Result
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    No Result
    View All Result
    "Алатау Арайы" газеті
    Home Барлық жаңалықтар

    Қаржылық сауатыңыз төмен бе?

    18.09.2025
    in Барлық жаңалықтар
    Қаржылық сауатыңыз төмен бе?
    0
    SHARES
    1
    VIEWS

         Елімізде Мемлекет басшы­сының тапсырмасына сәйкес қолға алынған мұғалімдер мен оқушы­­лардың қаржылық сауат­тылығын арттыруға бағытталған ауқымды жоба өз жалғасын табуда. Бұл – тек білім беру емес, тұтас ұлттың қаржылық мәдениетін қалыптастыруға арналған маңызды бастама.

    Жоба аясында дайындалған оқу бағдарламасы – қаржы және білім саласын­дағы халықаралық сарапшылардың ұсыныс­тары негізінде жасалған тың дүние. Мұндағы басты мақсат – заманауи қаржы әлемін түсінетін, өзінің және отбасының қаржысын сауатты басқара алатын жаңа буын қалыптастыру.
    Бес күндік курста «Өрлеу» білік­тілікті арттыру ұлттық орталығының тәжірибелі тренерлері педагогтерге қаржыны тиімді басқару­дың негізгі қағидаларын үйретіп жатыр. Курс барысында тыңдаушылар қаржылық мінез-құлық психологиясын, отбасылық бюджетті жоспарлау тәсілдерін, инфляцияның жеке қаржыға әсерін, инвестиция және цифрлық активтер туралы мағлұматтарды, несие мен зейнетақы жүйесінің қыр-сырын меңгереді. Сонымен қатар қаржы пирамидалары мен интернет-алаяқтықтың түрлерін ажырату, жеке деректерді қорғау сынды заманауи қауіпсіздік мәселелері де назардан тыс қалмайды. Бұл бағыттағы дәрістерге Ұлттық банк мамандары да арнайы қатысып, нақты мысалдар келтіріп, дәріс беруде.
    Апталық курсты аяқтаған соң, еліміздің барлық өңірінен жиналған «Жаһандық құзыреттілік» пәнін оқытатын 500-ге жуық мұғалім оқушыларға қаржылық сауаттылық бойынша дәріс беруді бастайды. Жыл соңына дейін бұл көрсеткіш 6 мың педагогке, ал 2026 жылы 4 мыңға жуық мұғалімге дейін жетпек.
    Айта кетейік, бұл игі бастама «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы» АҚ «Алматы облысы бойынша кәсіби дамыту институты» филиалында да ресми түрде басталды. Мұнда алғашқы педагогтер тобы дәрістерді тыңдап, тәжірибелік сабақтарға белсене қатысуда.
    Қаржылық сауаттылықты мектеп бағдар­ламасына енгізу – ел болашағына салынған инвестиция. Бұл – әрбір азаматтың қаржы әлемінде адаспай, дұрыс шешім қабылдай алуына жол ашатын, экономикалық тұрақ­тылықты қамтамасыз ететін маңызды қадам. Сонымен қатар бұл бастама қоғамды қаржы алаяқтарынан, жалған уәделерге құрылған пирамидалардан қорғаудың да тиімді жолы болып отыр.

    Қарлығаш БЕСІРОВА,
    «Өрлеу» БАҰО» АҚ
    «Алматы облысы бойынша кәсіби даму институты» филиалының редакциялық-баспа қызметі бойынша
    жетекші маманы

    Ұсынымдар

    Ақбота алтыннан алқа тақты

    Ақбота алтыннан алқа тақты

    1 year ago
    Саябақтағы сауапты іс

    Саябақтағы сауапты іс

    4 weeks ago
    Қонаевта денесінде ине жүрген әйелге сәтті ота жасалды

    Қонаевта денесінде ине жүрген әйелге сәтті ота жасалды

    8 months ago
    Кепебұлақ интернетпен қамтылды

    Кепебұлақ интернетпен қамтылды

    2 years ago
    Кеген мен Райымбек аудандарына газ құбырын тарту құжаттары әзірленіп жатыр

    Алматы облысында биыл газдандыру деңгейі 52,8 пайызға жетеді

    1 year ago
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    © 2023 www.alatauaraiy.kz

    «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026

      «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

      ↑
      t>