Мемлекет басшысының «Заң мен тәртіп» қағидаты аясында және жастар арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру, құқықтық сауаттылықты арттыру мақсатында Балқаш ауданы орталығындағы Д.Қонаев атындағы саябақта «STOP CORRUPTION» атты жастар фестивалі ұйымдастырылды.
Тағылымды шараға Балқаш аудандық прокуратурасыжәне полиция бөлімі, облыстық және аудандық жастар ресурстық орталықтарының өкілдері мен белсенді жастар қатысты. Фестиваль барысындақұқықтық түсіндіру жұмыстары жүргізіліп, қатысушыларға танымдық және спорттық ойындарұсынылды.
Мәдени іс-шарада алғашқы болып сөз сөйлегеноблыстық жастар ресурстық орталығы директорыныңорынбасары Диляра Нұрланқызы жастар саясаты мемлекеттің басты басымдықтарының бірі екенінатап өтті. Ол Мемлекет басшысы Қасым-ЖомартТоқаевтың жастардың сапалы білім алып, жан-жақтыдамуына ерекше көңіл бөліп келе жатқанын айтып, бүгінгі жас буынның бойында отансүйгіштік, адалдық, еңбекқорлық пен жауапкершілікқасиеттерін қалыптастырудың маңыздылығынатоқталды. Сонымен қатар өңір көлемінде жастардықолдауға бағытталған жұмыстар жүйелі түрде жүзегеасып жатқанын жеткізді. Келесі кезекте Балқашауданы прокуратурасының прокуроры СерікболатМәліков пен аудандық полиция бөлімінің қоғамдыққауіпсіздік бөлімшесінің отбасылық-тұрмыстықзорлық-зомбылыққа қарсы күрес тобының ағаинспекторы, полиция майоры Махаббат Әбдікерімовасөз сөйлеп, құқықтық мемлекет құрудың негізгішарты – заңның үстемдігі мен қоғамдық тәртіптісақтау екенін айтты. Олар жастардың құқықтықсауаттылығын арттыру, «Заң мен тәртіп» қағидаларын берік ұстану, Конституция мен заңдарды құрметтеу – әрбір азаматтың міндеті екенінатап өтті. Сондай-ақ қоғамдық орындардағы тәртіптісақтау, интернет кеңістігінде мәдениеттілік таныту, кибербуллингке, жалған ақпарат таратуға және өзгеде заңсыз әрекеттерге жол бермеу жөнінде маңыздытүсіндіру жұмыстарын жүргізді.
Фестивальдің мәдени бағдарламасы да көпшіліккөңілінен шықты. Балқаш аудандық Мәдениет үйініңөнерпаздары әсем әндерін орындап, шараның сәнінкелтіріп, қатысушыларға көтеріңкі көңіл-күйсыйлады.
Іс-шара соңында спорттық жарыстар мен ойындардабелсенділік танытқан жастар марапатталып, оларғаарнайы сыйлықтар табысталды. Марапаттардыоблыстық жастар ресурстық орталығы директорыныңорынбасары Диляра Нұрланқызы табыстап, жастармен естелік суретке түсті.
Балқаш ауданы



