🌡️
15°C
Қонаев
Бейсенбі, Қыркүйек 18, 2025
    "Алатау Арайы" газеті

    Газет 1918 жылдан бастап шығады

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    "Алатау Арайы" газеті
    Home Барлық жаңалықтар

    Өрт ошағы бақылауда

    17.09.2025
    in Барлық жаңалықтар
    Өрт ошағы бақылауда
    0
    SHARES
    0
    VIEWS

         Облыс әкімі Марат Сұлтанғазиев Алатау қаласы аумағында өртеніп жатқан тұрмыстық қатты қалдықтар полигонына барды. Оның аумағын аралап, арнайы құрылған жедел штабтың жұмысымен танысты.

    Аймақ басшысына нақты жағдайды баяндаған облыстық төтенше жағдайлар департаменті өкілдері тілсіз жаумен күреске Алматы қаласы мен өзге де облыстардан құтқарушылар мен арнайы техника тартылғанын айтты. Бұған қоса ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің әскери бөлімдері де жұмылдырылған. Бүгінде 275 маман мен 120-дан аса техника тәулік бойы жұмыс істеп жатыр. Өртті сөндіру үшін 6 учаске құрылып, Тереңқара өзенінен су жеткізетін магистральдық желі тартылған.
    «Өртті сөндіру бойынша барлық қажетті шара қабылдануда. Күндіз-түні құтқарушылар ошақтарды керекті материалдармен толтырып, топырақты тығыздап жатыр. Бұл әдіс оттың бықсып жануына әсер ететін оттегіні толығымен бітеп, өрттің түпкілікті жойылуын қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Мұндай өртті сөндіру өте қиын, себебі полигонда оттегіге қол жеткізу мүмкін емес. Қоқыс қабаттары терең әрі тығыз болғандықтан, өрт көзін анықтауда кейбір қиындықтарға тап болып отырмыз. Сонымен қоса жел күші де кедергі. Соған қарамастан, қызыл жалын түгел дерліктей сөндірілді. Маңайдағы елдімекендерге ешқандай қауіп төніп тұрған жоқ», – деді полковник Дәурен Оразбеков.
    Қазір Алатау қаласы әкімдігі тарапынан өрт сөндірушілерді тамақтандыру және уақытша орналастыру үшін 130 адамға арналған шатырлар тігілген. Сонымен қоса жұмысқа жұмылдырылған техникалар жеткілікті жанар-жағармаймен қамтамасыз етілген. Өз кезегінде облыс басшысы төтенше жағдайлар қызметкерлері мен жергілікті әкімдік өкілдеріне тәулік бойы кезекшілік ұйымдастырып, жел бағытының өзгерісін тұрақты бақылауда ұстау мен техникалардың бар мүмкіндігін толық пайдалануды тапсырды. Сонымен қоса халықты өртті сөндіру барысы мен қауіпсіздік шаралары туралы ашық әрі тұрақты түрде ақпараттандыруды міндеттеді.
    Еске сала кетсек, Алатау қаласына қарасты Әли ауылының маңындағы қатты тұрмыстық қалдықтар полигоны арнайы келісім арқылы жеке кәсіпкерге сенімгерлікке берілген. Аталған полигон 35 гектар аумақты алып жатыр.

    Ерзат АСЫЛ

    Алатау қаласы

    Ұсынымдар

    Ұйым жұмысы сараланды

    Ұйым жұмысы сараланды

    7 months ago
    ІІМ: Алматы облысы жол апаты ең көп адам құрбан болатын өңірлер қатарында

    Бір айда 15 бала жол апатынан мерт болды – ІІМ

    2 years ago
    Саябақ ашылды

    Саябақ ашылды

    1 year ago
    Қазақстандағы алғашқы ұшқыр бәйге жарысы Алматы облысында өтті

    Қазақстандағы алғашқы ұшқыр бәйге жарысы Алматы облысында өтті

    2 years ago
    Алматы облысы бейнеленген карта. Көрнекі сурет.

    Алматы облысында жер сілкінді

    3 years ago
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    © 2023 www.alatauaraiy.kz

    «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024

      «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

      ↑
      t>