🌧️
4°C
Қонаев
Сәрсенбі, Қараша 5, 2025
    "Алатау Арайы" газеті

    Газет 1918 жылдан бастап шығады

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    No Result
    View All Result
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    No Result
    View All Result
    "Алатау Арайы" газеті
    Home Барлық жаңалықтар

    Ерекше балаларға – ерекше қамқорлық

    20.09.2025
    in Барлық жаңалықтар
    Ерекше балаларға – ерекше қамқорлық
    0
    SHARES
    31
    VIEWS

        Өмірге келген әр жанның әртүрлі тағдыры, ешкімге ұқсамайтын өз жолы бар. Ғұмыр көшінде адамға берілетін бақыт та, жанына бататын сынағы да қатар жүреді. Бірақ сол қиындықты бұзып-жарып, берілмей, алға ұмтылатын рухы биік жандар болады.

    Қонаев қаласында психоневро­логиялық ауытқуы бар, даун диаг­нозына шалдыққан мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған «Алтын бала» қоғамдық қоры жұмыс істейді. Орталық 2017 жылдың наурыз айында Бибігүл Ахметованың бастамасымен құрылған. Өз баласы осы диагнозбен туылғандықтан, өзгелерге де пайдасын тигізу мақсатында аталған орталықты ашқан екен. Қазір онда 11 қызметкер жұмыс істейді. Олардың ішінде тәрбиелеуші, логопед, дефектолог, психолог, педагог және музыкант бар.
    «Алтын бала» деген атауының да өз мәні бар. Мамандардың айтуынша, бұл балалар өте мейірімді, жүректері кең. Олар бүкіл әлемді, барша адамзатты шынайы жақсы көреді. Сондықтан күн сияқты шуағын шашып, айналасына жылылық сыйлайды. Орталық логотипінде күн нұрының астында жылуға бөленген қыз бен ұлдың сұлбасы – соның дәлелі.
    Жақында орталық жаңа ғимаратқа көшіп, салтанатты ашылу рәсімін өткізді. Орталық жетекшісі Бибігүл Ахметова іргетасынан бастап, ішкі жиһаздарына дейін өз қаражаты есебінен тұрғызған. Онда қабылдау бөлімі, асхана, медпункт, демалуға, шығармашылықпен шұғылдануға арналған, педагог пен психолог бөлмелері, сонымен қатар балалармен ойын-сауық шараларын өткізетін кең орын да қарастырылған.
    «2019 жылдан бері мемлекеттік тапсырыс бойынша жұмыс істеудеміз. Бірақ одан бөлінетін қаржы мамандардың жалақысын төлеуге ғана жетеді. Сол себепті жаңа ғимарат тұрғызу үшін өзіміздің шығындануымызға тура келді. Балаларға ыңғайлы, жарық әрі жайлы болуы үшін қолдан келгеннің бәрін жасадық. Сондықтан мұндағы әр бұрыш мен үшін өте ыстық», – дейді Бибігүл Нұрғалиқызы.
    Қазір орталықта 16 тәрбиеленуші бар. Әр баланың өз жағдайына сай күнтізбесі бекітілген. Сол бойынша жеке-жеке мамандардың қабылдауында болады. Сондай-ақ топтық жұмыс та жүргізіледі. Күніне екі рет тамақ беріледі. Қызметкерлердің айтуынша, балалар жақсы нәтижеге жетуде. Алғашында жылап, жатырқап келгендер қазір ортаға сіңісіп, тәртіпке үйреніп, өлең жаттап, ән айтып, би билеп, әріп жазуды меңгеріп, қоғамға бейімделіп келеді.
    – Баламның қиын диагнозбен өмірге келуі мен үшін де ауыр соққы болды. Бірақ қол қусырып қарап отырмай, мүмкіндіктің бәрін қалт жібермеуге тырыстым. Бармаған жерім, баспаған тауым жоқ. Өз бетіммен ізденіп, керек ақпаратты оқып-білдім. Нәтижесінде балам көппен бірге балабақшаға, мектепке барды. Ерекше ұлым менің өмірімді өзгертті. Өмірді қабылдауым, адамдарға деген көзқарасым бәрі өзгеріп кетті. Баламның бар болғанына, тірі болғанына шүкіршілік айтамын. Мен сияқты шешімін таппай шарқ ұрған ата-аналарға, бүлдіршіндерге өзімнің тәжірибеммен бөлісіп, білікті мамандардың ақыл-кеңесіне жүгіне алу үшін осы орталықты аштық. Ерекше балалар үшін оның бәрі тегін жүргізіледі. Бірақ біз мәңгілік өмір сүрмейміз. Қамқоршысынан айырылғаннан кейін балаларға кім көмектеседі? Сондықтан оларды өзіне-өзі жауап бере алатын, қоғаммен қарым-қатынас орнатып, емін-еркін өмір сүре алатын жағдайға жеткізуіміз керек. Орталық алғаш құрылғанда олар 5-6 жаста ғана болатын. Қазір есейіп қалды. Біздің ендігі мақсат – оларды еңбекке баулып, қолынан іс келетін адам етіп шығару, – деген орталық жетекшісі ата-аналармен жұмыс істеу барысы жайлы да баяндап берді. «Өзімнің де басымдағы жағдай болғаннан кейін ата-аналарды жақсы түсінемін. Олар да баласы үшін жанын салып жүр. Бірақ кей ата-ана жауапкершілікті мемлекетке немесе мамандарға арта салады. Бұл дұрыс емес. Ерекше балаларға ерекше қамқорлық, қадағалау керек. Көбіне қарны тоқ, киімі бүтін болса жеткілікті деп ойлайды. Кез келген баланы ең бірінші тәртіпке үйрету керек. Онсыз ешқандай жұмыс өнбейді. Оның үстіне балалар қазір тым ерке. Соған қарамастан, ебін тауып, көмек көрсетуге тырысамыз», – деді ол.
    Ләйлә Смағұлова есімді қызметкер мекеме ашылғалы осында жұмыс істеп келеді. «Мұндағы әрбір тәрбиеленушінің бойындағы мүмкіндікті ашу, қолдау көрсету – басты міндетіміз. Олармен жұмыс істеу үлкен жауапкершілік пен шынайы жан жылуын қажет етеді. Сол себепті бар ықыласымызды арнап, көмек берудеміз», – деді ол.
    Орталықтағы Марғұлан есімді тәрбиеленушімен сөйлескенімізде болмысынан тазалық пен жылылық сезілді, жүзінен төгілген мейірімді байқадық. Ол өзінің достарын, тәрбиешілерін жақсы көретінін айтты. Жеңіл тақпақтармен қоса Абай Құнанбайұлының да бірнеше өлеңін жаттап алыпты. Ағылшын тілі сабағына барып, сол тілде апта аттарын, онға дейін санауды үйреніпті. Бұл – айтарлықтай үлкен нәтиже. Тәртіп пен табандылықтың жемісі.
    Осы бір көрініске қарап, біз қоғамда мүмкіндігі шектеулі деп қарастыратын орта шексіз махаббат пен адамгершілік мекені екеніне көзіміз жетті. Өмірде одан асқан құнды не бар дейсіз?!

    Гүлзат БАЙҚОНЫСОВА

    Қонаев қаласы

    Ұсынымдар

    Қазақстанда электрондық сауда көлемінің тұрақты өсуі байқалады

    Қазақстанда электрондық сауда көлемінің тұрақты өсуі байқалады

    8 months ago
    «Алтын белгі» иегерлері марапатталды

    «Алтын белгі» иегерлері марапатталды

    4 months ago
    Қонаев әкімдігі: Елдімекендер шекарасының өзгеруі халықтың тұрмысына әсер етпейді

    Қонаев әкімдігі: Елдімекендер шекарасының өзгеруі халықтың тұрмысына әсер етпейді

    2 years ago
    Әділеттің үстемдігі жолында

    Әділеттің үстемдігі жолында

    6 months ago
    Халықтық штаб Қонаев қаласында дәрігерлердің АЭС-ке қатысты сұрағына жауап берді

    Халықтық штаб Қонаев қаласында дәрігерлердің АЭС-ке қатысты сұрағына жауап берді

    1 year ago
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    © 2023 www.alatauaraiy.kz

    «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026

      «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

      ↑
      t>