Перейти к содержимому
Главная страница » Әлемге танымал кәсіпкерлер мен көшбасшылар бас қосады

Әлемге танымал кәсіпкерлер мен көшбасшылар бас қосады

Шілде айының 5-9 аралығында Алматы облысында «Shamal – 2023» атты халықаралық шара өтеді. Онда әлемге танымал кәсіпкерлер мен көшбасшылар бас қосады.

Кәсіпкер компаниясы және VQ Business Club ұйымдастырған шарада қатысушылар өздерінің білім өрісін кеңейтіп, жан-жақты дамуына, кәсіпкерліктің қырын-сырын меңгеруге мол мүмкіндік алады.

Бес күн ішінде қатысушылар Мұхтар Жәкішев, Ирина Хакамада, Евгений Черняк сынды танымал спикерлердің баяндамаларын тыңдайды. Сонымен қатар, олар пікірталастарға, шеберлік сабақтарына және нетворкинг-сессияларға қатысады.

«Shamal – 2023» облыстағы табиғаты көркем жерлерде өтеді. Қосымша мына сілтемеге өтіп, толыққанды ақпарат аласыздар:

Instagram: @shamal.life
Website: www.shamal.life