⚠️ Ауа райы табылмады.
Сейсенбі, Ақпан 17, 2026
    "Алатау Арайы" газеті

    Газет 1918 жылдан бастап шығады

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    No Result
    View All Result
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    No Result
    View All Result
    "Алатау Арайы" газеті
    Home Барлық жаңалықтар Әлеумет

    Ұлттық басылым күні белгіленді

    30.06.2023
    in Әлеумет, БАҚ, Барлық жаңалықтар, Білім-ғылым, Идеология, Құқық-заң, Мәдениет, Мемлекеттік тіл, Мереке, Руханият, Саясат, Үкімет
    Ұлттық басылым күні белгіленді
    0
    SHARES
    27
    VIEWS

    Елімізде 2 ақпан – Ұлттық басылым күні болып белгіленді. Бұл туралы ақжолтай жаңалықты Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дархан Қыдырәлі Facebook желісінде хабарлады.
    «Жағымды жаңалығымыз бар. 2 ақпан – Ұлттық басылым күні болып бекітілді. Бастауында Ахмет Байтұрсынұлы, Әлихан Бөкейханов, Міржақып Дулатұлы секілді ұлт зиялылары тұрған “Қазақ” газетінің алғашқы нөмірі осыдан 110 жыл бұрын, 2 ақпан күні жарық көргені белгілі. Алаш ардақтыларының қолтаңбасы қалған газет ұлттық ренессанстың қайнар көзіне айналып, халқымыздың ақыл-ойын, сана-сезімін бөлек арнаға бұрды» деп жазды министр желідегі өз парақшасында.

    2 ақпанды Ұлттық басылым күні деп белгілеу жөнінде ұсыныс бұған дейін айтылып келген еді. БАҚ қызметкерлері күні қарсаңында Елордадағы Ұлттық музейде өткен қазақ журналистикасының өткені мен бүгініне қатысты көрмеде Дархан Қыдырәлі министрлік аталған ұсынысты қолдап, тиісті жұмстар атқарғанын айтқан. Министр журналистика күнінен бөлек, 2 ақпан баспасөз саласында жүрген әріптестер кәсіби мереке ретінде атап өтетінін айтқан.

    Бұған дейін Қазақ радиосының құрылғанына 100 жыл толуына орай 1 қазан Радио қызметкерлері күні деп ресми түрде бекітілген еді. Осымен елімізде БАҚ қызметкерлеріне арналған тағы бір кәсіби мереке белгіленіп отыр.

    Министр жазбасын «Баспасөз саласында еселі еңбек етіп, қалам тербеп жүрген барша әріптестерімізді ұлттық баспасөз күнінің белгіленуімен құттықтаймын!» деп аяқтаған.

    Ұлттық баспасөз күні көршілес Ресей, Қырғызстан, Тәжікстан, Әзербайжан елдерінде де атап өтіледі. Атаулы мереке бұл елдерде алғашқы газеттердің жарық көрген күні баспасөз күні, БАҚ қызметкерлері күні ретінде белгіленген.

    Tags: "Қазақ" газетібаспасөз күніұлттық басылым

    Ұсынымдар

    Жеті облыста 3745 үйді су басты

    Жеті облыста 3745 үйді су басты

    2 years ago
    «Қазақстан ғылымында бәсекеге қабылетті, жаңа буын жастар бар»

    «Қазақстан ғылымында бәсекеге қабылетті, жаңа буын жастар бар»

    3 years ago
    Қонаевта жаңа жағажай қолданысқа берілді

    Қонаевтағы жағажайларда 200-ге жуық құқықбұзушылық анықталды

    7 months ago
    Жемқорлыққа жол жоқ

    Жемқорлыққа жол жоқ

    2 years ago
    Газет-журнал – құнды құрал

    Газет-журнал – құнды құрал

    1 year ago
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    © 2023 www.alatauaraiy.kz

    «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026

      «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

      ↑
      t>