⛅
-3°C
Қонаев
Сенбі, Қараша 29, 2025
    "Алатау Арайы" газеті

    Газет 1918 жылдан бастап шығады

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    No Result
    View All Result
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    No Result
    View All Result
    "Алатау Арайы" газеті
    Home Барлық жаңалықтар

    АЛАШ РУХЫ СӨНБЕЙДІ

    25.11.2025
    in Барлық жаңалықтар, Руханият
    АЛАШ РУХЫ СӨНБЕЙДІ
    0
    SHARES
    3
    VIEWS

         Өткен ғасырдың бас кезінде қазақ даласын дүр сілкіндірген үш кітап жарыққа шықты. Онын бірі – Абайдың өлендері, екіншісі – Ахмет Байтұрсынұлының «Қырық мысалы», үшіншісі «Оян, қазақ!» атты Міржақып Дулатұлының публицистикалық-лирикалық кітабы еді. Көрнекті қоғам қайраткері, ақсұңкар ақын Сәкен Сейфуллин сол кездегі қоғамдық өмірге баға бере келіп, «Қазақ зиялылары хақында» деген мақаласында: «Қазақ оқығандарының арасында 1905 жылдан бастап-ақ революциялық идея, ұлттық теңдік пен азаттыққа үндеу етек алды. Жаңа оянып келе жатқан қазақ интеллигенциясының ол кездегі дем берушілері Бөкейханов, Дулатов, Байтұрсыновтар болды», – деп жазуы тегін емес.

    Міржақып Дулатұлы халықты білімге, оқу-ағартуға, күреске үндеді. 1897 жылы екі сыныптық орыс-қазақ училищесін бітіріп, кейін оқытушылар курсын оқып, ауыл мұғалімі деген мамандық алды. Алыс ауылда мұғалімдік міндетін атқара жүріп жәбір көрген, теңдігі жоқ қазақ халқының қойнауында үлкен дауылдың пісіп-жетілгенін көреді. Саяси жер аударылғандардың арқасында ол біржолата Ресей патшасының отарлау саясатына қарсы күрес жолына түседі. 1905 жылы Міржақып Қарқаралыдағы толқуға қатысады. Ол басқа да алдыңғы қатарлы қазақ зиялылары сияқты туған халқының Ресей патшасының езгісінен тезірек азат болуын армандайды. Өз үмітін орыс-жапон соғысымен байланыстырып, «Жұмбақ» деген мысал жазды. Кейін бұл туынды «Оян, қазақ!» атты жинағына кірді. 1911 жылы қыркүйектің 19-ы күні Орынбор губернаторы баспасөздің бас басқармасына жазған хатында осы кітап және «Жұмбақ» мысалы жайлы былай деп жазған: «Өзінің мазмұны жағынан бұл Ислам дінін ұстанушылардың жол бастаушысы және қазақтар арасында орыс өкіметінің саясатына қарсы наразылық тудырушы, сонымен қатар «Жұмбақ» атты мысалда ұлы мәртебелі императорды қорлайтын сөздер бар». Бұдан кейін «Серке» газетінің екінші нөмірінде М. Дулатұлының лақап атпен «Біздің мақсатымыз» деген мақаласы жарық көрді. Бұл мақала «Қазағым менің, елім менің!» деген сөздермен басталды.
    Мақалада Міржақып 1905 жылы Қарқаралыдағы бас көтеру мен Оралдағы съезде қазақ халқының айтқан талаптарын жинақтап көрсетеді. Сол кездің өзінде патшаның зұлымдық саясатын әшкерелеген мына сөздері тіпті жан тебірентеді: «Ең алдымен қазақ халқы Россияға тәуелді халық. Оның ешқандай да правосының жоқтығы ыза мен кек тудырады. Халықтан жиналатын салық қаражатының көп бөлігі халыққа тіпті де керек емес нәрселерге жұмсалады. Чиновник, урядник, қарауылдар кедей қазақтарды ұрып-соғып, мал-мүлкін тартып алады, ойына не келсе соны істейді. Бүкіл Россияны генералдарға бөліп берді. Соғыс жағдайын енгізіп, 87-статья бойынша әр жерде дала соттарын құрды. Бұл соттардың шешімдері бойынша жанымен-тәнімен туған халқына берілген азаматтар асылып, атылып кетті. Қазірдің өзінде мыңдаған еріміз шалғай жерлерде жүр немесе түрмелерде отыр». Кейіннен патша зұлымдығын әшкерелейтін осындай сөздер өлеңге айналып, «Оян, қазақ!» жинағына кірді. Алайда Ресей патшасының полиция сақшылары қарап жатпады. 1905 жылғы толқулардан үрейленіп қалған олар қол астындағы бұқара халыққа қатаң бақылау жасап отырды. Ұзамай жандарм ізшілері баспаханаға келіп, «Ульфат», «Серке» газеттерін тінту жасап, жауып тастады. Осы іс жөнінде жасалған хаттамада былай деп жазылған еді: «Серке» газетінің №84 және «Ульфат» газетінде 6 июль күні (1907) жарияланған «Біздің мақсатымыз» мақаласында қылмыстық белгілер көрінеді».
    Полицияға түскен мәліметтер бойынша, бұл мақала қазақ халқын барлық өкімет орындары мен оның өкілдеріне қарсы күреске шақыратын үндеу ретінде қаралған. Ары қарай Петербург баспасөз істері комитеті «Газеттің осы нөміріне қатысты барлық адамдар жауапқа тартылсын» деген шешім қабылдады. «Серке» газетімен, «Оян, қазақ!» кітабымен басы дауға қалып, елім дегені үшін абақтыдан көз ашпаған Міржақып Ресей империясы құлап, билікке Кеңес өкіметі келгенде де, қудалануы тоқтамады. 1929 жылдың 1 қаңтарында қамауға алынып, тергеу жұмысы кезінде М.Дулатұлы: «1921 жылы Торғай, Ырғыз, Қостанай аудандарының және Орал губерниясының бір бөлігінің халқы аштықтан қырылды. Мен Семейдегі «Қазақ тілі» газетінде алғашқы болып мынадай ұсыныспен мақала жарияладым: мемлекеттік көмек теміржол желісінен 400-500 метр қашықтықта орналас­қан далалық аймақтарды қамти алмайды, бұл халықтың шашыраңқы орналасуына байланысты болды. Сондықтан губерниядағы барлық қазақ жұмысшыларын ерікті қайырымдылық ретінде мал жинауға және жиналған малды дала арқылы аштықтан зардап шеккен аудандарға тасымалдауға жұмылдыру тиімдірек болар еді. Менің бұл ұсынысым көптеген қолдаушы тапты және осы мәселе бойынша арнайы өткізілген жиналыс менің жоспарымды мақұлдады. Кейіннен ол губерниялық және орталық өкімет органдарымен келісіліп, жұмысты бастауға рұқсат берілді. Осы жұмыстың нәтижесінде 2-3 ай ішінде шамамен 15 000 бас ірі қара мал жиналып, аштықтан зардап шеккен халыққа жеткізіліп, таратылды. Көшбасшылардың және үгітшілердің бірі ретінде мен жаз бойы Семей губерниясының үш ауданын араладым. Даладан Семейге оралған соң, мені тұтқындады және Орынборға жер аударды, көп ұзамай босатылдым», – деп жазып көрсеткен.
    Тергеу жұмыстары кезінде М.Дулатұлы тағылған айыптарды мойындамаған. 1929 жылдың соңындағы тергеулерде, яғни 19 қарашадағы мәліметтерде қылмысын мойындаған сыңайда жазған мәтіні бар. Бірақ Міржақыптың ойын жандайшап «ОГПУ» қалай өзгерткенін жақсы білеміз. Яғни, ақынды «үш әріп» қызметкерлері ұрып-соғу, қинау арқылы жалған айыпты мойындатты. 1930 жылдың 4 сәуірінде 42 алашордалыққа үкім шығарылды. Соның ішінде Міржақып Дулатұлы әйгілі 58-2, 58-4, 58-11, 58-10-баптары бойынша айыпты деп танылып, ату жазасына кесіледі. Бірақ Міржақып тағы бір жыл түрмеде үкім орындалуын күтіп отырған. 1931 жылдың 13 қаңтарында Дулатұлының ісі қайта қаралып, ату жазасы 10 жылға бас бостандығынан айыруға ауыстырылып, 9 ақпанда Соловец лагеріне жіберіледі. 1936 жылдың 16 наурызындағы анықтама бойынша Міржақып Дулатұлы 1935 жылдың 5 қазанында қайтыс болған. Міржақыптай ұлт зиялысының есімі мәңгі жадымызда! Міржақыппен бірге бүкіл Алаш рухы сөнбейді.

    Мейіржан МҰСАБАЕВ,
    «Саяси қуғын-сүргін құрбандары» музейінің меңгерушісі
    Талғар ауданы

    Ұсынымдар

    Аударыспақтан IV Азия чемпионаты аяқталды

    Аударыспақтан IV Азия чемпионаты аяқталды

    7 months ago
    Ассамблея – достықтың мекені

    Ассамблея – достықтың мекені

    2 years ago
    Қайраткер атындағы қарашаңырақ

    Қайраткер атындағы қарашаңырақ

    1 year ago
    Талғарлықтар – чемпион!

    Талғарлықтар – чемпион!

    4 months ago
    “Ел бірлігі қиын күндерде айқын көрінді”

    Қазақстан халқы өзгелердің теріс ықпалына түспейтін өз идеологиямызға сүйенуі керек — Президент

    2 years ago
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    © 2023 www.alatauaraiy.kz

    «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026

      «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

      ↑
      t>