⛅
-1°C
Қонаев
Жексенбі, Желтоқсан 21, 2025
    "Алатау Арайы" газеті

    Газет 1918 жылдан бастап шығады

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    No Result
    View All Result
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    No Result
    View All Result
    "Алатау Арайы" газеті
    Home Барлық жаңалықтар

    Құқықтық кеңес берілді

    06.12.2025
    in Барлық жаңалықтар, Құқық-заң
    Құқықтық кеңес берілді
    0
    SHARES
    4
    VIEWS

         Жамбыл аудандық Мәдениет үйінде «Заң мен тәртіп» қағидаты аясында Ашық есік күні өтті. Шараға Жамбыл ауданының әкімі Нұрлан Ертас, мемлекеттік қызмет көрсететін 12 мекеме мен құқық қорғау органдары және басқа да ұйым өкілдері қатысып, тұрғындарға заңдық кеңес берді.

    Екі сағатқа созылған қабылдауға 500-ге жуық адам келіп, көкейлеріндегі сұрақтарына жауап алды. Оларды 20-дан астам қызметкер мен мекеме басшылары жеке-жеке қабылдады. Аудан басшысының өзі де бірнеше азаматпен бетпе-бет сөйлесіп, мәселесін шешуге көмектесті. Олардың ішінде жеке сұрақтан бөлек, көпке ортақ мәселе көтергендер де болды. Мәселен, Сағатбек Сыдықов аудан әкімінен Ұзынағаш ауылының Қарасай батыр көшесіндегі қазылған жолды қайтадан асфальттап беруін сұрай келіпті. Жауабын да бірден алды. Аталған жолды жөндеу келесі жылдың 1-тоқсанында қолға алынбақшы. Ал Қарғалы ауылының тұрғыны Сабыр Кендірбаев елдімекендегі тас өндіретін зауыттардың жұмысына қатысты алаңдаушылығын білдірді. Ол жерден тас қазып алып жатқан кәсіпорындар ауылға тым жақын орналасқанын, қазылған шұңқыр көлемі жылдан-жылға ұлғайып, көпірге тақалып қалғанын айтты. Қоршаған ортаға залалын тигізе ме деп қауіптенеді. Тиісті орган өкілдері бұл сұраққа берген жауабында заңсыз қазылған карьерлер анықталып, шара қолданылып жатқанын жеткізді.
    Тұрғындар сан түрлі сұрақпен жүгінді. Прокуратура, жергілікті полиция, төтенше жағдайлар, көші-қон қызметі, сонымен қатар су, жол, жарық, газ шаруашылықтары, білім, денсаулық сақтау, кәсіпкерлік, жер қатынастары, сәулет және қалақұрылысы, жұмыспен қамту, әлеуметтік қорғау мекемелері­нің өкілдері сол күні келушілерді ыждаһатпен тыңдап, мәселесін шешуге мүмкіндігінше жәрдемдесті. Әсіресе «Отбасы банк» бөлімшесі қызметкерінің алдында үлкен кезек пайда болды. Келушілер банктің қандай тиімді шарт ұсынатынын біліп, жеңілдікпен пәтер алу төңірегіндегі сұрақтарына жауап алып жатты. Бұл қоғамдағы өзекті мәселенің бірі екені белгілі. Айта кетсек, Жамбыл ауданында шамамен 6400 адам үй кезегінде тұрса, олардың 2 мыңнан астамы әлеуметтік осал топқа жатады.Сол сияқты жөндеуі бітпеген кәріз желісіне байланысты да сұрақ қойылды. Аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы бөлімінің маманы Жеңіс Егінбаевтың айтуынша, Ұзынағаштағы ескі кәріз желілерін жаңарту жұмысы 2023 жылы басталған. Жобаға өзгеріс енгізілуіне байланысты жұмыстың аяқталу мерзімі 2028 жылдың 31 желтоқсанына дейін ұзартылды. Құрылыс жұмыстарының жалпы сомасы – 14,9 миллиард теңге. Қазіргі кезде жұмыстың 35 пайыз­ға жуығы аяқталған көрінеді.
    Азаматтарды қабылдауда жеке кәсіп ашу, білім мен денсаулық мәселесі де назардан тыс қалмады.
    Журналистерге сұхбат берген аудан әкімі Нұрлан Ертас: «Бүгінгі өтіп жатқан Ашық есік күні – аудан тұрғындарының түйткілді мәселелерін шешуге, оларға құқықтық көмек көрсетуге және уақыттарын үнемдеуге бағытталған шара. Басты мақсатымыз – халыққа заңдық көмек көрсетуді қамтамасыз ету, тұрғын­дардың құқықтық мәдениетін арттыру. «Заң мен тәртіп» қағидаты тек құқық қорғау саласымен шектелмеуі керек. Мемлекеттік қызметтердің сапалы көрсетілуі үшін жергілікті әкімдік барынша ашық болуы тиіс. Бұл қағидат мемлекет пен қоғам арасындағы сенімді арттыруға және жемқорлық­тың алдын алуға септігін тигізеді. Халық тікелей жергілікті атқарушы органдардың қызметкерлерімен бетпе-бет кездесу арқылы өздерінің көкейде жүрген сұрақтарын ашық қоя алады. Біз осыған дейін де мұндай шараларды бірнеше рет ұйымдастырдық. Алдағы уақытта бұл жұмысты тұрақты түрде жалғастырамыз», – деді аудан әкімі.
    Кейінгі жылдары Жамбыл ауданы­ның инфрақұрылымын дамыту мақсатында үлкен жұмыс жасалып жатыр. Жол, жарық, газ сияқты игіліктерге халықтың қолжетімділігін арттырудан бөлек, балалар ойын алаңдары мен саябақтар салу қолға алынуда.

    Серік САТЫБАЛДИЕВ

    Жамбыл ауданы

    Ұсынымдар

    Студенттер қалашығына айналады

    Студенттер қалашығына айналады

    1 year ago
    Бюджет Қаржысы

    Бюджет Қаржысы

    1 year ago
    Республика күні – ел еркіндігі мен бірлігінің нышаны

    Республика күні – ел еркіндігі мен бірлігінің нышаны

    2 months ago
    Әлеуметтік мәселе – басты назарда

    Әлеуметтік мәселе – басты назарда

    5 months ago
    Ұлттық диктант

    Ұлттық диктант

    1 month ago
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    © 2023 www.alatauaraiy.kz

    «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026

      «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

      ↑
      t>