☀️
26°C
Қонаев
Жексенбі, Сәуір 26, 2026
    "Алатау Арайы" газеті

    Газет 1918 жылдан бастап шығады

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    No Result
    View All Result
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    No Result
    View All Result
    "Алатау Арайы" газеті
    No Result
    View All Result
    Home Барлық жаңалықтар

    Қоржында – үш алтын!

    11.12.2025
    in Барлық жаңалықтар, Спорт
    Қоржында – үш алтын!
    0
    SHARES
    3
    VIEWS

         Қарасай ауданындағы «Nur-Aman» спорт кешенінде Тәуелсіздік күніне орай жасөспірімдер арасында қазақ күресінен республикалық турнир өтті. Бұл жарыс еліміздің 10 аймағынан келген 2010-2011 жылы туған 180-нен астам спортшының басын қосып, ауқымды спорттық мерекеге айналды.

    Жас балуандар 10 салмақ дәрежесі бойынша бозкілемге шықты. Әрбір белдесу тартысқа толы болды. Турнирдің мақсаты – талантты спортшыларды анықтап, қазақ күресін жас буын арасында кеңінен насихаттау.
    «Жігіттер жақсы физикалық дайындықпен келді. Кейбір белдесулер ересектер арасындағы жарысты еске салды», – деді турнирдің бас хатшысы Қуанжан Күлпейісов.
    Алматы облысының намысын республикалық және халықаралық жарыстарда қорғап жүрген жасөспірімдер құрамасы негізінен Балқаш, Қарасай, Жамбыл, Кеген және Іле ауданы спортшыларынан құралған. Аталған жарыстың қорытындысы бойынша үш алтын медальды облыстағы спорт мектептерінің тәрбиеленушілері жеңіп алды. Чемпион атанғандар – Дарын Есімханұлы, Амантұр Нұрасыл және Ердана Мұратәлі.
    «Жарыста қарсыластар мықты болды. Турнирде жеңіске жеткеніме өте қуаныштымын. Қазақша күреспен 5 жылдан бері айналысамын. Осыған дейін көптеген облыстық және республикалық жарысқа қатысып, жүлделі орындарға ие болдым. Жеңімпаз болу үшін көп еңбектену қажет. Мені шыдамдылыққа және алға сеніммен қарауға үйреткен жаттықтырушыма алғыс айтамын», – деді 60 келі салмақ дәрежесінде чемпион атанған Нұрасыл Амантұр.
    Спортшылар құрама қоржынына тағы үш күміс және сегіз қола медаль салды. Осы нәтиженің арқасында Алматы облысы жалпыкомандалық есепте алдыңғы қатардан көрінді.

    Өз тілшіміз
    Қарасай ауданы

    Соңғы жаңалықтар

    Бастаманы ауқымдау және оны практикалық тұрғыдан іске асыру
    25.04.2026
    «Таза Қазақстан» – идеология мен құндылықтың платформасы
    25.04.2026
    ІЛЕДЕ «ТАЗА ҚАЗАҚСТАН»: БИЗНЕС ӨКІЛДЕРІ СЕНБІЛІККЕ БЕЛСЕНДІ ҚАТЫСТЫ
    25.04.2026
    ІЛЕДЕ СЕНБІЛІК ФОРМАТЫ ӨЗГЕРДІ: ЕНДІ ТАЗАЛЫҚҚА ОТБАСЫ БОЛЫП ҚАТЫСУ ТРЕНДКЕ АЙНАЛДЫ
    25.04.2026
    “Таза Қазақстан” акциясы – елдік бастама
    25.04.2026
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    © 2023 www.alatauaraiy.kz

    «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026

      «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

      ↑
      t>