[um_weather city="Қонаев"]
Бейсенбі, Қаңтар 1, 2026
    "Алатау Арайы" газеті

    Газет 1918 жылдан бастап шығады

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    No Result
    View All Result
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    No Result
    View All Result
    "Алатау Арайы" газеті
    Home Барлық жаңалықтар

    Тоғызқұмалақ ойнайтындар көбейді

    18.12.2025
    in Барлық жаңалықтар, Спорт
    Тоғызқұмалақ ойнайтындар көбейді
    0
    SHARES
    3
    VIEWS

         Талғар ауданы Бесағаш ауылдық Мәдениет үйінде тоғызқұмалақтан облыстық чемпионат өтті. Аталған жарысты облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасы, дене шынықтыруды және спортты дамыту орталығы мен облыстық тоғызқұмалақ федерациясы ұйымдастырды.

    Жарыстың ашылу салтанатына Алматы облыстық тоғызқұмалақ федера­циясының президенті Жарас Ниязбек, Талғар аудандық мәдениет, спорт және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы Фарида Бегенбаева, аудандық дене шынықтыру және спортты дамыту орталығының директоры Жандос Бұсырманов, шахмат және үстел ойындарынан мамандандырылған балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінің директоры Мерей Айнеков және басқа да мәртебелі меймандар қатысып, ұлттық спортымыздың тасын өрге домалатып, кеңінен насихаттап жүрген азаматтарға алғыс білдіріп, қатысушыларға сәттілік тіледі.
    Үш күнге созылған бәсекеге аудандар мен Алатау, Қонаев қалаларынан шеберлігін шыңдап, әртүрлі деңгейдегі жарыстарда бақ сынап жүрген жас жігіттер мен қыздар және спорт ардагерлері қатысты. Жалпы 90-нан астам ойыншысы бар 11 команда тоғызқұмалақтың классикалық және блиц түрінен сынға түсті.
    Чемпионат қорытындысы бойынша жарыстың классикалық түрінен ұлдар арасында Ернұр Батыр, Кенжебек Әлназаров, Нұрғиса Ахмет, Иманғали Оразбай жүлдегер атанса, қыздар арасында Мөлдір Байдәулетова, Томирис Дәулетбек, Ақерке Шамшархан, Меруерт Қуатқызы дара шықты.
    Блиц ойынынан ұлдар арасында тағы да Ернұр Батыр жеңімпаз ретінде танылып, 2-4-орындарды Әрсен Есентай, Иманғали Оразбай, Ислам Балағаз иеленді. Ал қыздар арасында Ақнұр Мақсатқызы, Томирис Дәулетбек, Ақерке Шамшархан және Перизат Ермекқызы сәйкес орындарды еншіледі. Жеңімпаздар мен жүлдегерлер бағалы сыйлықтар, тиісті диплом және Алғыс хаттармен марапатталды.
    – Бұл жарыстың мақсаты – тоғызқұмалақты облыс тұрғындарына кеңінен насихаттау, мықтыларды анықтау және қатысушылардың ойын дағдыларын жетілдіру. Аталған чемпионат ұлттық ойынымызды серік еткен үлкен-кіші жастағы жерлестеріміздің қатары жыл сайын көбейіп келе жатқанын көрсетті. Бұл – біз үшін үлкен қуаныш әрі мәртебе, – деді тоғызқұмалақтан Алматы облысының аға жаттықтырушысы Болтай Адият.
    Иә, шынында да ұлттық спорт ойындары ұрпақ бойында адамгершілік қасиеттерді нығайтып, жас жеткіншектердің намысты, отаншыл болып өсуіне зор ықпал ететіні анық. Осы істі ұтымды ұйымдастырып, әлемдік және халықаралық жарыстарда ел мерейін үстем ететін болашақ чемпиондарды баптап жүрген жаттықтырушыларға, жеңіс жолында тер төгіп жүрген спортшыларға толағай табыс тілейміз!

    Құтмағамбет ҚОНЫСБАЙ

    Талғар ауданы

    Ұсынымдар

    Бәсекеге қабілетті ұрпаққа инвестиция: Президент Жолдауын жүзеге асыру аясында елімізде білім саласы қалай жаңғыртылып, ғылыми әлеует қалай дамып келеді

    Бәсекеге қабілетті ұрпаққа инвестиция: Президент Жолдауын жүзеге асыру аясында елімізде білім саласы қалай жаңғыртылып, ғылыми әлеует қалай дамып келеді

    4 months ago
    ТҰРҒЫНДАР ТІЛЕГІ ЕСКЕРІЛДІ

    ТҰРҒЫНДАР ТІЛЕГІ ЕСКЕРІЛДІ

    2 months ago
    Еңбек адамының ертеңі жарқын

    Еңбек адамының ертеңі жарқын

    2 months ago
    Ала допты алақанда айналдырған байрақты бәсеке мәресіне жетті

    Ала допты алақанда айналдырған байрақты бәсеке мәресіне жетті

    2 years ago
    Елдің азаттығы айқындалған күн

    Елдің азаттығы айқындалған күн

    2 years ago
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    © 2023 www.alatauaraiy.kz

    «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026

      «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

      t>