-13 °c
Qonaev
Saturday, June 7, 2025
    "Алатау Арайы" газеті

    Газет 1918 жылдан бастап шығады

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    "Алатау Арайы" газеті
    Home Барлық жаңалықтар Әлеумет

    Коммуналдық қызмет төлемдері қаншаға қымбаттайды?

    12.07.2023
    in Әлеумет, БАҚ, Барлық жаңалықтар, Инфрақұрылым, Құқық-заң, Үкімет, Энергетика
    Алматы облысындағы бірнеше ауылда ауызсу бағасы арзандады

    Фото: Opennews.kz

    0
    SHARES
    1
    VIEWS

    Ұлттық экономика министрлігі елімізде коммуналдық қызмет тарифтерінің қандай шекте қымбаттайтынын түсіндірді. Елордада өткен үкімет отырысында ұлттық экономика министрі Әлібек Қуантыров «Тарифті инвестицияға айырбастау» бағдарламасын іске асыру туралы баяндама жасады.

    Бағдарлама тарифтерді қымбаттатып, одан түскен қаржыны коммуналдық инфрақұрылымның жай-күйін жақсартуға құрылған. Министрдің дерегінше, елімізде барлық инженерлік инфрақұрылымның тозу деңгейіне қарай қызыл, сары, жасыл аймақ болып үш топқа жіктелген. Инвестиция ең алдымен жылумен жабдықтау желілері қатты тозған аймақтардағы кәсіпорындарға салынады.

    Мәселен, елімізде жылумен қамтитын 27 кәсіпорын инфрақұрылымының 65 пайызы тозған. Бұл кәсіпорындарға биыл 112 млрд теңге бөлу жоспарланып отыр. Осының нәтижесінде келесі жылы 6 кәсіпорынның жылу жүйелері жақсарады деген болжам бар.

    Электрмен қамтамасыз ету саласында 16 кәсіпорынға 92 млрд теңге инвестиция, сумен қамтуда 13 кәсіпорынға 29,5 млрд теңге инвестиция тартылады.
    Министр осыған байланысты жылу мен электр қуаты 20 пайызға, ауызсу 25 пайызға қымбаттайтынын, мысалы 2 бөлмелі пәтер иесіне жылу, электр қуаты, ауызсу үшін айына төлейтін ақшасы орташа есеппен 3-4 теңгеге көбейетінін айтты.

    Дегенмен, Қуантыров тарифтердің қымбаттауы аз қамтылған отбасылардың табысына әсер етпейді дегенді алға тартады. Себебі жергілікті бюджет есебінен аз қамтылған отбасыларға коммуналдық қызметтерге ақы төлеу үшін тұрғын үй көмегі беріліп жатыр. Ол коммуналдық қызметтерге жұмсалатын шығын отбасының ай сайынғы орташа жиынтық табысының 10%-нен асып кеткен жағдайда төленеді.

    Ұсынымдар

    ЗАМАНАУИ БІЛІМ АЛАҢЫ

    ЗАМАНАУИ БІЛІМ АЛАҢЫ

    3 weeks ago
    “Тұғырлы туым” патриоттық іс-шарасы өтті

    “Тұғырлы туым” патриоттық іс-шарасы өтті

    1 year ago
    Ұлыс күнін жарасымды қарсы алды

    Ұлыс күнін жарасымды қарсы алды

    1 year ago
    Экотәрбие балабақшадан басталады

    Экотәрбие балабақшадан басталады

    3 months ago
    Министрлік: Қазақстанда жанармай қымбаттайды

    Алматы облысында жанармай бағасы бақылауға алынды

    2 years ago
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    © 2023 www.alatauaraiy.kz

    «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024

      «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

      t>