⛅
2°C
Қонаев
Сәрсенбі, Ақпан 11, 2026
    "Алатау Арайы" газеті

    Газет 1918 жылдан бастап шығады

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    No Result
    View All Result
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    No Result
    View All Result
    "Алатау Арайы" газеті
    Home Барлық жаңалықтар

    Чемпион өмірін бейнелеген

    20.12.2025
    in Барлық жаңалықтар
    Чемпион өмірін бейнелеген
    0
    SHARES
    7
    VIEWS

         Қарасай ауданы Мерей ауылдық Мәдениет үйінде А.Макаренко атындағы мектеп ұжымының ұйымдастыруы­мен Қазақстан Жазушылар одағы төрағасының орынбасары, белгілі қаламгер Бейбіт Сарыбаймен кездесу кеші өтті.

    Шараның мақсаты – жазушының «Бекзат. Шаршы алаңнан тыс өмір» атты кітабын оқырмандарға кеңінен таныстыру, сондай-ақ даңқты боксшы Бекзат Саттархановтың жеңісті жолын жас ұрпаққа үлгі ету. Кеш барысында шығарма желісі бойынша оқушылар сахналық көрініс қойды. Онда Бекзаттың анасы Сырлыкүл мен әкесі Сейілханның ұлынан зор үміт күтіп, оның чемпион болуын армандаған сәттері, спортшының биік жетістіктері, Сидней Олимпиадасында топ жарып, Қазақстанның атын әлемге танытқан жеңісті жолы көрініс тапты. Залда отырған көрермен ерекше әсерге бөленді. Өкінішке қарай, спортшының ғұмыры тым қысқа болды. Биыл Бекзат 45 жасқа толар еді.
    Ары қарай кеш сыр-сұхбатқа ұласты. Оқушылар жазушыға сұрақтар қойып, тұщымды жауаптар алды. Бейбіт Шегебайұлының айтуынша, ол көптен бері балаларға арналған қаһарман бейне туралы шығарма жазуды жоспарлаған. Осы ой жетегінде жүргенде досы, «Beles» компаниясының басшысы Махат Төрәлімен кездеседі. Кәсіпкер Астанада Бекзат Саттархановтың атына спорт кешенін салып жатқанын айтып, жазушыға боксшы туралы кітап жазу жөнінде ұсыныс білдіреді. Осылайша ол спортшының өмір жолын терең зерттеп, туған жері Түркістан қаласына арнайы барып, марқұмның анасымен бірнеше күн бойы сырласады. Нәтижесінде жинақталған мол дерек пен тағылымды ой қағаз бетіне түсіп, 224 беттен тұратын кітап жарық көрген.
    Кеш барысында Қарасай аудандық білім бөлімінің басшысы Әсел Әбілеқызы жазушы шығармаларын жоғары бағалап, алғысын білдірді. Мектеп директоры Гүлбану Бердібекова да зор ризашылығын жеткізді. Жазушы өз сөзінде рухани шараға арнайы шақырған мектеп ұжымының елеулі еңбегін атап өтіп, жаңа кітабына қолтаңба берді.
    – Кітабымды мектеп ұжымы болып оқып, оны талдап, терең түсініп, шараға аса бір ыждаһаттылықпен дайындал­ғаны көрініп тұрды. Сондықтан ұстаздар қауымына алғыстан басқа айтарым жоқ. Бұл шара Бекзат Саттархановтың рухына арналған ерекше сый деп білемін, – деді Бейбіт Сарыбай.

    Дидар МӘЛІКҰЛЫ
    Қарасай ауданы

    Ұсынымдар

    Қаскелеңде перзентхана терезесінен секірген әйел жансақтау бөлімінде жатыр

    Қаскелеңде перзентхана терезесінен секірген әйел жансақтау бөлімінде жатыр

    3 years ago
    Қонаевта бидай өңдейді

    Қонаевта бидай өңдейді

    3 weeks ago
    Болашаққа салынған инвестиция

    Болашаққа салынған инвестиция

    2 years ago
    Жері – күрішті, елі – ырысты

    Жері – күрішті, елі – ырысты

    10 months ago
    Өңір оқушылары халықаралық байқаудан жүлде алды

    Өңір оқушылары халықаралық байқаудан жүлде алды

    10 months ago
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    © 2023 www.alatauaraiy.kz

    «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026

      «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

      ↑
      t>