⛅
-0°C
Қонаев
Жұма, Желтоқсан 26, 2025
    "Алатау Арайы" газеті

    Газет 1918 жылдан бастап шығады

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    No Result
    View All Result
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    No Result
    View All Result
    "Алатау Арайы" газеті
    Home Барлық жаңалықтар Әлеумет

    Қолдау көрсетілді

    20.12.2025
    in Әлеумет, Барлық жаңалықтар
    Қолдау көрсетілді
    0
    SHARES
    3
    VIEWS

         Қонаев қаласындағы тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қарсы әлеуметтік көмек орталығына «KT&G» корпорациясы жалпы құны 20 миллион теңге болатын алғашқы қажеттілік заттарын табыстады.

    Алматы қаласындағы жергілікті жеткізушілерден сатып алынған жұмсақ мүлік пен кеңсе техникасы орталықтың күнделікті жұмысында пайдаланылатын болады.
    Салтанатты рәсімге аймақ басшы­сы Марат Сұлтанғазиев, жұмыс­пен қамтуды үйлестіру және әлеу­меттік бағдарламалар басқармасы басшысының міндетін атқарушы Ержан Байқоныс, орталық директоры Раушан Алпысбаева, корпорация тарапынан «KT&G Global Kazakhstan» және «KT&G Kazakhstan» компанияларының бас директорлары Сеу Джи Чуль мен Пак Хён Ук, сондай-ақ әкімшілік және GR-блок өкілдері қатысты.
    – Бүгінде отбасындағы зорлық-зомбылық – қоғамдағы ең күрделі мәселелердің бірі. Әлеуметтік осал топтағы азаматтарды қолдау, әсіресе зорлық-зомбылыққа ұшырағандарға кешенді көмек көрсету және үміт сыйлау – мемлекет пен қоғамның ортақ міндеті. Осы орайда «KT&G» корпорациясына, соның ішінде «KT&G Global Kazakhstan» және «KT&G Kazakhstan» компанияларының басшылығына әлеуметтік қолдау көрсетіп, орталықтың дамуына елеулі үлес қосып отырғаны үшін өңір жұртшылығы атынан алғысымды білдіремін. Осының арқасында орталық қызметінің тиімділігі артып, ондағы азаматтардың тұрмыс сапасын жақсартуға нақты жағдай жасалады. Біз жергілікті атқарушы орган ретінде әлеуметтік серіктестікке әрдайым ашықпыз және осындай игі бастамалар алдағы уақытта да жалғасын табады деп сенеміз, – деді Марат Елеусізұлы.
    Орталық күн сайын тұрмыстық зорлық-зомбылық көрген әйелдер мен балаларды қабылдайды. Мұнда оларға қиындықты еңсеріп, өмірден үміт үзбей, алға қадам басуға көмек беріледі. Сондықтан төсек-орын жабдықтарынан бастап, мамандардың жұмысына арналған техниканың жаңа әрі жайлы болуы маңызды. Раушан Алпысбаеваның айтуынша, мұндай қолдау жұмыс сапасын жақсартып, орталыққа деген сенімді арттырады.

    Гүлзат БАЙҚОНЫСОВА

    Ұсынымдар

    ТАҒАЙЫНДАУ

    ТАҒАЙЫНДАУ

    4 months ago
    “Азаттық күні деп аталса…”

    “Азаттық күні деп аталса…”

    2 years ago
    Әскери техникалар мұражайы ашылды

    Әскери техникалар мұражайы ашылды

    2 years ago
    Кәсіпкерлік қарқын алды

    Кәсіпкерлік қарқын алды

    11 months ago
    ІЗАШАР

    ІЗАШАР

    7 months ago
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    © 2023 www.alatauaraiy.kz

    «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026

      «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

      ↑
      t>